Абай-дана, Абай-дара мақала

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.
Даналықты көздесең. Жат, тоқып ал көңілге

  • Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын атап өту Қазақстанның түкпір-түкпірінде тойлануда. Тек қана мемлекет көлемінде емес, біздің дана Абайдың 175 жылдығы шет мемлекеттерде де аталынып өтетін болады деп президентіміз Қасым –Жомарт Тоқайұлы өзінің маы барлығымызға мәлім.қаласында тілге тиек еткен болатын. Ол кісінің танымалдылығы сондай барлық кітаптары, туындылары, қарасөздері бірнеше шет тілдеріне аударылып үлгерді. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ақын, ағартушы, аудармашы, сазгер ретінде тарихта із қалдырғаны жалпақ жұртқа аян.
    Оның өлеңдері мен қарасөздерінде ұлт болмысы мен бітімі, тұрмыс –тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны,діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағалынуы тиіс. «Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға Абай сияқты данамызға деген құрмет ел халқын қуантып қана қоймай, оған деген қызығушылықты оятуға, оның әлеміне тереңірек үңілуге мотивация тудырды.»
    Қостанай облысы Қостанай ауданына қарасты Жданов ауылдың округінде де, Жданов орта мектебі басшылығы да бұл мерейтойды құр қалдырмай, бұл мерекені атап өту оқушыларды тың тәрбиемен адамгершілікке, мәдениеттілікке, адалдыққа баулыды. Бұл мерекені тойлау арқылы оқушылар өз ойларына көп нәрсені, ойды түйгені хақ.
    Жданов орта мектебінде де «Абай –дана, Абай -дара» атты поэзиялық шығармашылық кеш өтті. Кеш еліміздің үш тұғырлы саясатының ескере отырып, тіл мамандары: Таңатханова У.Х, Ахметов Ә.Ж, Ғабдуахитова А.А, Сагитова Д.С, Қайдарова Д.Қ, Сулейманова Д.Қ, Бағдәулет А сынды ұстаздарымыздың ұйымдастырумен үш тілде кеш өтті. Ақын тойынан өнер саласы тыс қалған жоқ.Әлбетте, кеште ұлт ұлықтаған дана ақынымыздың өлеңдері, қарасөздері, әңгімелері, әндері барлық туындылары бірегей айтылып, кеш өз көрерменің жанына жайлады. «Әрине, хакім Абайға тек бір шығармашылық кеш өткізу жеткіліксіз, әрине бұл тек бастауы әлі де Абай атамызға арнап талай дүниелер жасаймыз»-дейді тіл мамандары, мектеп ұжымы. Кеште көзге түскен, ерекшеленген оқушыларымыз бар. Мәселен, Абай өлеңдерін оқудан қазақ тілінде оқудан Нургазина Дина, Бесжан Жансая, орыс тілінде оқудан Ербусинова Томирис, Чубко Леонид, Байдір Іңкәр, Нургазина Улпан, қара сөздерін оқудан орыс тілінде оқудан Кухарчик Данил,Петрова Валерия, Тарахтий Варвара, қара сөздерін қазақ тілінде оқудан 6 А сынып оқушысы Төлеу Ақбота, қарасөздерін ағылшын тілінде оқудан Жунусова Мейрамкуль, Әлиасқар Фариза, Абай әндерін әуелетіп айтудан дараланып шыққан Мұхтар Аружанымыз сынды оқушыларымызды әліде үлкен белестерден көрінуіне кәміл сенеміз.
    Осындай мәңгі жасыл нәрлі мұраның асылын қанып ішіп, өміріне қажетті дүниелерді бойына жия білген әрбір жас-ұрпақ-нұрлы да шуақты болашақтың иесі боларына кәміл сенемін.
  • Мақала авторы: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Жданов орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғабдуахитова А.А
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *