Отан – отбасынан басталады.
Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. №51 Өрт сөндіру бөлімінде отбасы –Ұлы құндылық екендігін насихаттау мақсатында әртүрлі мерекелік іс–шараларды отбасымен ұжымда өткізу дәстүрі қалыптасқан деп айтуға болады. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде әр жыл сайын қазақы салт дәстүрге сай дастархан жайылып, ардагерлерімізді шақырып қонақ етіп, ұлттық тағамдар дайындалады. Кәсіби мерекеміз, ұлттық мерекелерде отбасымызбен бірге спорттық шаралар өткізіледі. Айта кетерлігі, қызметкерлеріміздің отбасында өсіп келе жатқан ер балаларымыздың әрбірі өрт сөндіруші мамандығына сүйіспеншілікпен қарап, ер жеткенде осы мамандықты таңдаймыз деген болашақ армандарымен бөлісіп жатады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718