Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда, таңғы сағат 4-те басталды. Германия әскері соғыс жарияламастан, КСРО шекарасына шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы кезінде, КСРО-да 43 миллион адам қаза болды, ал Германия жағынан 6 миллион ғана. Сондай-ақ, 2 миллион адамның тағдыры белгісіз. Соғыста көз жұмған қазақстандық жауынгерлердің саны – 600 мың. Майданға аттанған әрбір үшінші қазақ азаматы мерт болды. Сталинград шайқасы – тарихтағы ең қанды шайқас болып саналады (1,6 миллион адамға дейін қайтыс болды). Ленинградты қоршауға алған кезде, 872 күннің ішінде қаланың 1,5 миллион адамы көз жұмды. Қазақтың 500-ден астам азаматы, Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың төртеуі, бұл медальға екі рет ие болды. Мәншүк Мәметова есімді қазақ қызы, өзі жалғыз бірнеше сағат бойы жаудың шабуылына тойтарыс берді. Оның пулеметінен шамамен 70 неміс жауынгері қаза болды. Ол Кеңес Одағының батыры атағын иемденген алғашқы қазақстандық әйел. Нұрәділов Ханпашы есімді пулеметші – 920 немісті өлтірген. Бұл оқиға 1943 жылы Сталинград қаласында орын алған. Кеңес Одағында «Жеңіс күні» мерекесі, тек 1965 жылдан бастап мейрам ретінде қабылданды. Статистикаға сүйенсек, офицерлердің 80 мыңы әйелдер болған. Соғысқа 60 мыңнан астам ит қатысты. Иосиф Сталиннің ұлы Яков Джугашвили, соғыс кезінде тұтқынға алынды. Немістер Сталинге, оның ұлын генерал Паулюске айырбастауға ұсыныс жасады. Бірақ, Сталин бұл айырбастан бас тартты. Қызыл әскердің 5 миллион 270 мың жауынгері, Германиялықтардың тұтқынына түсті. Соғыс 1418 күн жалғасты. КСРО-ға жасалған ақаудың жалпы құны – 128 миллиард доллар. ТАРИХ

Толығырақ: http://faktiler.kz/yly-otan-sogysy-turaly-malimet

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *