Сүйкімді төлдер

Ашық  ұйымдастырылған оқу қызметі

Тәрбиеші: Алдамжарова Л

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану

Тақырыбы:Сүйкімді төлдер

Мақсаты:Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен мінез-құлықтарымен,тіршілік әрекетімен таныстыру.Үй жануарларына және олардың төлдерін қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар:Үй жануарларының сурттері,слайд

Әдіс-тәсілдер:теледидардан көрсету,сурт арқылы,дидактикалық ойындар.

Қостілділік:жылқы-лошадь,сиыр-корова,түйе-верблюд,ешкі-коза,қой-баран.

Шаттық шеңбері:  Кел балалар күлейік

Күлкімнен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді боп жүрейік

Жарайсыңдар балалар  бүгінгі күніміз жақсы болсын дген ниетпен орнымызға отырайық.Балалар мына қоржынның ішінде үй жануарлары мен жабайы жануарлар бар.Соларды ажыратып,үйжануарларын тақтаға ілейік.Балалар енді теледидарға назар аударайық (төрт түлікпен таныстыру)

Балалар бұл жануарларды үй жануарлары деп атаймыз.

Балалар менімен бірге қайталаймыз.

Дидактикалық ойын: Үй жануарларын шатаспай орнына апару.Балалар енді мен сендерге осы үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар екенін айтып берейін.

Сиыр-сүтін ішеміз,етін жейміз,терісінен киім тігеміз

Қой-сүтін қорғасын дейді,етін жеп,жүнін тұрмыста қолданамыз

Ешкі-сүті құнарлы ем болып келеді

Түйе-сүтінен шұбат дайындайды

Жылқы-сүтінен қымыз аламыз,еті адам ағзасына пайдалы

Балалар суреттегі жануарлардың атын атайды

Сиыр-мө-мө-мө деп дыбыс шығарады

Қой-мә-мә-мә деп маңырайды

Ешкіні-лақты шөре-шөре деп шақырады

Жылқыны –құрау-құрау деп шақырады

Түйе-бө-бө деп боздайды

Сергіту сәті:

Жазда апамның ауылына

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шыға келді жүгіріп

Ақ  маңдайлы ай ме екен

Шекер мекен бал мекен

Кттім оны сағынып

Қошақаным қайда екен

Қостілділік:жылқы-лошадь,сиыр-корова,түйе-врблюд

Теледидардан мульт сериал көрсту(балапан және оның достары)

Сұрақ жауап арқылы баланың білім деңгейін бақылау

Күтілетін нәтиже :

Қайталай алады: үй жануарларының аттарын

Түсінеді:олардың күту жолдарын

Қолданады:жануарларға қамқор болуды

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *