Заттардың адам өміріндегі маңызы. Не неден жасалады?
Тәрбиеші: Жүсіпова Махаббат Оразбекқызы
Оқу қызметінің
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Саламатсыздарма! Здравствуйте! Good! |
Қол алысып,қане біз,(қол алысады)
Достасайық бәріміз.(құшақтасады Армысың алтын күнім!(екі қолын жоғары көтереді) Армысың балабақшам!(жан-жағына қарайды) Армысың достарым, (достарына қарайды) Сіздерді көргеніме қуаныштымын! (қолдарын шапалақтайды)
Балалар іс-қимыл әрекетін көрсете тұрып,шаттық шеңберін жасайды. |
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
|
Балаларға жаңа оқу қызметінде тақтадағы сурет арқылы адамдардың тіршілігіндегі, күнделікті өмірде қолданылатын заттар туралы болатынын айтып өтемін.
-Балалар, бәріміз тақтадағы суретке назар аударайық.Балалар, бұл шыныдан жасалған заттар.Шыныдан неше түрлі заттарды жасауға болады: Ыдыс аяқ,айна. -Балалар,мына үстелдің үстінде қандай заттар бар?Бұлар неден жасалған? -Қане,балалар, бірге көрейік: үстелдің үстінде шыныдан жасалған әр түрлі заттарды таныстырамын:стакан,кесе,банка,құмыра. Балалар, бұл шыныдан жасалған заттар. -Балалар қараңдаршы, мына суретте әр түрлі жұмсақ матадан тоқылған киімдер.Мына жерде әр түрлі жұмсақ ойыншықтар,киіз үй,түйе,тоқылған қолғап бар екен.Осы жұмсақ ойыншықтар неден жасалған? Мақтадан,қойдың,түйенің,ешкінің жүндерінен жасалған.Бұл табиғи материалдың бір түрі.Оны фабрика заводтарда өндіріп шығарады. -Ал, мына суретте ағаштан жасалған заттар.Ағаштан жасалған заттарды жуып сүртуге болады.Тобымызда қандай ағаштан жасалған заттар бар:үстел,шкаф,домбыра.Ағаш бұйымдары өте мықты. – Мына суретте темірден жасалған заттар.Темірден жасалған заттар көбінесе құрылыс материалдары екен я. -Балалар,керек емес заттарды да,қажетімізге жаратуымызға да болады екен.Ол заттардың барлығын адам өз қолымен жасайды.Оларды біз табиғатқа жатқыза алмаймыз.Әрбір затты жасау үшін адамдардың білімі мен еңбегі қолданылады, сол үшін бізді қоршаған барлық заттарға қамқорлықпен қарауымыз керек. -Балалар, бүгінгі оқу қызметін қаншалықты түсінгендеріңді білу үшін, Жауқазын тобының балаларының тапсырмалары бар екен. Ендеше,экранға назар аударайық.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар, ағаштан не жасауға болады? -Сәлеметсіңдер ме, балалар! 1. Балалар, қараңдаршы шыныдан жасалған кесе,тарелка,банка.Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
Билингвальды компонент:темір-металл-metal,шыны-стекло-glass,резеңке-резина-rubber,ағаш-дерево-tree.
Тәрбиеші: балаларға ағаш,шыны сөздерін әуенді кесте арқылы Ақ қонжықпен айтқызады. – Ағаш сөзінде неше дыбыс бар?
– Неше буыннан тұрады?
-Дыбыстардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажыратайық.
Зайцев кубиктерімен балаларға тақтаға жаздырады. -Балалар,орнымыздан тұрып,бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті!
Барлығымыз экранға назар аударайық! -Сәлеметсіңдер ме, балалар! 3. Балалар, анам маған түрлі-түсті қарындаштар алып берген,інім оның қорабын жыртып тастап,қарындаштарым шашылып,оны қайда жинарымды билмей тұрмын. -Әлмұхаммедке қалай көмектессек екен. Мүмкін,керек емес қалдық заттардан жасап көрерміз. Қалай қарайсыңдар? -Сендер,күнделікті ішіп жүрген сусындарымыздың босаған ыдыстарынан жасаңдар. -Екінші үстелдің балалары сендер, қатырма қағаздан жасаңдар. -Ал, біз шыны ыдыстан жасаймыз. Міне балалар,біз Әлмұхаммедке керек емес қалдық заттардан қарындаштарын жинап қоятын құты жасап бердік. Енді, Әлмұхаммед қарындаштарын салып қоюына болады.
Дидактикалық ойын. «Қай зат неден жасалған?» |
Үстел,орындық,шкаф.
Шыны морт сынғыш зат.Шыныны қолғап киіп ұстау керек.Сынған әйнекті сыпыртқымен жинау керек.Сынған ыдысты қолдануға болмайды. Қайталайды.
-Ағаш сөзінде төрт дыбыс бар. -А-ғаш екі буыннан тұрады. А-дауысты дыбыс; Ғ-дауыссыз дыбыс; А-дауысты дыбыс; Ш-дауыссыз дыбыс:
Балалар музыка ырғағымен қимыл іс-әрекеттер жасайды.
Балалар бірлесе отырып, Әлмұхаммедке қарындаштарын салып қоятын, құты жасап берді.
Балалар ойынға белсене қатысады.
|
Рефлекциялық түзетушілік
|
-Балалар, заттардың неден жасалғанын көрдік.Күнделікті көріп жүрген заттардың, қандай материалдан жасалатынында білдік және де қалдық материалдарды да тиімді пайдалану тәсілін игердік.
-Сонымен балалар біздің мына жиһаздарымыз неден жасалған екен? -Ыдыстар неден жасалған екен? -Жарайсыңдар балалар,бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!Келген қонақтарымызбен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы! Үш тілде қоштасу. |
-ағаштан жасалған -шыныдан жасалған |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:заттардың неден жасалғанын суретке қарап ажыратады;
Түсінеді: қоршаған ортадағы күнделікті көріп жүрген заттарының қандай
материалдан жасалғандығын;
Қолданады:материалды тиімді пайдалану тәсілін;
Білім беру саласы:«Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Заттардың адам өміріндегі маңызы. Не неден жасалады?
Мақсаты:Балаларға адам өмірінде қолданылатын заттардың неден
жасалғаны, маңыздылығы туралы түсінік беру.Заттардың
қолданылуы,жасалуы туралы түсініктерін,сөздік қорын
дамыту.Үлкендердің еңбегін бағалауға,айналасында қоршаған
әрбір затқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвальды компонент:ағаш-дерево-tree, темір-металл-metall,әйнек-
стекло-glass,резеңке-резина-rubber.
Көрнекіліктер:шыныдан,темірден,резеңкеден,ағаштан жасалған әр түрлі
заттар,суреттер,Зайцев кубиктері,әуенді кесте
технологиясы,интерактивті тақта,ойынға қажетті
суреттер.
«Балақай» ортаңғы тобы