11-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

11-сынып

 

Лексикалық–грамматикалық

 

  1. Синонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Сабырлы, шыдамсыз

В) Жуас, момын

С) Бет, көз

Д) Аласа, кең

Е) бай, кедей

  1. Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты – … .

А) шапан

В)ерлік

С)жолдас

Д) мал

Е) ат

  1. 60 – 70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгілеңіз.

А) реттік

В)жинақтық

С)болжалдық

Д) топтау

Е) есептік

  1. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

А) сандықша

В)кітаптар

С)жерлерге

Д) дәстүрмен

Е) адамда

  1. Жай сөйлемді табыңыз.

А) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.

В)Ауыл тауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.

С)Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.

Д) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.

Е) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.

  1. «Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз.

А) С.Әбдильдин

В)Амантай қажы

С)О.Сүлейменов

Д) М.Шаханов

Е) Р.Сейсембаев

  1. Меңгеруді көрсетіңіз.
    А) Жолаушылар келді
    В)Мектеп үйі 
    С)Сыныпта отыр 
    Д) Таулы өлке 
    Е) Үнді шайы 
  1. Қай сөйлемде есімше кездеседі?
    А) Мен сабақ оқыдым
    В)Мен сабақ оқып отырмын. 
    С)Сабақ оқу керек. 
    Д) Мен сабақ оқыған жоқпын. 
    Е) Ол сабақ оқыды. 
  2. Атақты «Менің Қазақстаным» әнін жазған композиторды көрсетіңіз.

А) Ш.Қалдаяқов

В)А.Жұбанов

С)Е.Брусиловский

Д) Н.Тілендиев

Е) М.Төлебаев

  1. Одағайды табыңыз.

А) мүмкін

В)сірә

С)құрау-құрау

Д) тарс

Е) әрине

11.Тек жуан буынды сөздер қатарын анықтаңыз.

А) Сабақ, қала, тақырып.

В)Тіл, сөйле, көрік, кеме.

С)Күнделік, дәптер, терезе.

Д) Мұғалім, шәкірт.

Е) Бүгін, мен, үй.

12 Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.

А) Өйткені.

В)Сонда да.

С)Біресе.

Д) Бірақ.

Е) Әйтпесе.

  1. 13. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.

А) Күн жылынды.

В)Жаңбыр құйып кетті.

С)Оқушылар мектептен қайтты.

Д) Өтеген он төрт жаста.

Е) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.

14 Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.

А) желтоқсан

В)заңгер

С)жұмыс

Д) орман

Е) мұғалім

15 Түбір сын есімді белгілеңіз.

А) Қысқы

В)Үлгілі

С)Жақсы

Д) Ақшыл

Е) Көкшіл

16 Құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

А) Жалаң.

В)Жайылма.

С)Толымсыз.

Д) Толымды.

Е)  Салалас.

17 Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды.

В)Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

С)Не ексең, соны орасың.

Д) Аспанды жапқан бұл сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

Е) Оқуды бітірген соң, мамандығымен жұмыс істеді.

18 Етістіктің рай атауын көрсетіңіз.

А) Қысаң.

В)Келер.

С)Болымды.

Д) Қалау.

Е) Өткен.

19 Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Ай, ас, мал.

В)Үлкен, ұзын, қызық.

С)Аспан, жайлау, жер.

Д) Орман, тоғай, күз.

Е) Дала, жаға, сары.

20 Тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.

А) Орманға.

В)Баласын.

С)Дәріханалар.

Д) Көбелек.

Е) Ағамдар.

 

Оқылым

Мектеп формасы

Оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы болады.

Мысалы, бұрын оқушы қыздар қызыл қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағып жүрген. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады.

Кейінірек қыз балалар мереке күндері қызыл қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.

Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды.

Кейінірек қыз балалар ақ көйлек пен қара белдемшелер, ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар киетін болды. Мойындарына көк галстук, көк пилотка киген мыңдаған бөбектер мектеп табалдырығын аттап жатты.

2006 жылдан бастап, бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қабылданғаннан кейін, мектеп формасы бір жүйеге келтірілді.

Қазіргі күндері қазақстандық мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасын киеді. Ол міндетті болып саналады. Киімнің бірыңғай формасы, біріншіден, мектеп оқушысы деген нышанды білдіреді; екіншіден, тәртіптілікті көрсетеді. Оның ықшамды, қолайлы, сәнді болуы ескерілген.

21.Мәтінде қай заманның мектеп формасы жайлы айтылып отыр?

 А) тәуелсіз Қазақстанның

 В)кеңес дәуіріндегі

С)ХХ ғасыр басындағы

  1. Мереке күндері мектеп формасын ауыстырудың қандай қажеттілігі бар?

А) қажет емес

В)қуанышты, салтанатты білдіреді

С)күнделікті киімді кию керек

  1. Сол кезеңде тағып жүру міндетті болып саналды

А) қызыл қоңыр көйлек пен ақ фартук

В)ақ көйлек пен қара белдемше

С)қарапайым безендірілген жаға мен жең

  1. Бірыңғай мектеп формасына көшу туралы Заң қабылданды

А) 1991 жылы

В)2006 жылы

С)2016 жылы

  1. Мәтінде айтылған «біріншіден, екіншіден» сөздерінені білдіреді?

А)  ойдың кімнен шыққанын

 В)күмәнді, сенімсіздікті

 С)ойды санамалап айтуды

 

Жақсылық пен Жамандық

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.

Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.

    Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен – үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше – неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп сұрады атасынан.

Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:

     “Ол иттерім,” деді, “мен үшін екі таңба, балам.”

     – Ненің таңбасы?

   – Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттерге ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.

Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:

      “Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?”

Атасы балаға қүлімдеп қарап:

     “Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем – сол!”

 

Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

  1. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

А) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
В) Жақсылық ұмытылмас.

С)Жақсылық пен жамандық егіз.

  1. Мәтінде қандай антоним есімшелер бар?

А) жақсылық пен жамандық

В) ақ  пен қара

С)жеңген мен жеңілген

  1. Бұл әңгіме атаның қандай қасиетін көрсетеді?

А) қулық

В)жомарттық

С)даналық

  1. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

А) Күрес болса,онда жеңген мен жеңілген де болуы керек.

В)Мен қайсысына көп тамақ берсем–сол.

С)Ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады.

  1. «Мен қайсысына көп тамақ берсем – сол» деп кім айтты?

А) Атасы

В)Немересі

С)Автор

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *