Сауат ашу 1-сынып ҚМЖ

Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Дені саудың – жаны сау
Денсаулық-зор байлық.
Заттың атын білдіретін сөздер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту, сөздік қорын молайту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Денсаулық
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық шебері

Сабақтың ортасы
8 минут

1-жаттығу
Суретке қара.
2-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
3-жаттығу
ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРГЕ КІМ? КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? СҰРАҚТАРЫ ҚОЙЫЛАДЫ.
4-жаттығу
Өлеңді қатесіз көшіріп жаз.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут 5-жаттығу
Суретке қарап, балалардың көңіл-күйлерін анықта.
Сенің бет әлпетіңді өлең мазмұны бойынша өзгертіп, әртүрлі көңіл күйді көрсет. Оны сыныптастарың тауып көрсін.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *