СПИД-XXI ғасыр дерті

Тақырыбы: СПИД-XXI ғасыр дерті

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты?

АИТВ мен ЖИТС туралы түсінік ( слаид)             

АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады:

  1. АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
  2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.
  3. Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:

— Қол алысып, құшақтасқанда

— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан

— Төсек жабдықтары мен киімнен

— Темір және қағаз ақшадан

— Су мен ауадан

— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан

— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан

— Жәндіктердің шағуынан

— Моншада, саунада, бассейінде

— Бой жазу, т.б.

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді.

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

Ситуациялық жағдай:

Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс:

Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

Есірткі туралы жалпы мағлұматтар ( Слаид)

Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын-дей отырып, жаман әдетке жақын болып, өмірін өксікке толтырып солдытқан жастарымыздың мына бір қиын тағдырына назар аударайық.

«ЖҚТБ құрбаны» сахналық қойылымы көрсетіледі.

Төбе құйқаңды шымырлатып ышқына азалы да ащы әуен.Ағысы мен қағысы қатты адуын музыка аласұрып бебеулеп өртеп әкетіп барады.Жарқ-жұрқ етіп, жоғарыдан айқыш-ұйқыш, су-су сорғлаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөңбекшіген біреу.Біресе ұшып тұрып, біресе қайта құлайды. Құлайды да қайта тұрады.Есірік айғай.Сандырақ. Жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам.Аласұра шыққан азалы әуен баяулап барып саябыр тапқанда, қайғы мен қасіреттен қажыған адам ыңырана орнынан көтерілді.

Дәрігер: Уа, жігітім! Не болды сізге? Сен естисің бе мені?

(Сахнада адам төзбестей ауыр тыныштық. Жүзін мұң шалған адам сыртқа қарай сыр шашпай,іштей тілдесіп, өзімен-өзі болып отыр)

Жігіт: Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Өзіммен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шірігене картоп сияқты

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұйықтайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

(Сахнада мұңды әуен басталады.)

(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр).

-Мен жағдайды әжептеуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.Бір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім.Әке-шешем бар дегенімді жасады.Анда-санда әкем мен тентек болған кезде, айғайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?!» -деп ара түсетін.

-Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтыртта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгірдім. Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым.нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?

Дәрігер:

Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің,

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштең?

Төсекке асыл азамат,

Ауру меңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың?

(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)

Достары:

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің,

Құрбанысың СПИД деген кеселдің.

Ақтамай-ақ кетіп барады арманың,

«жалғыз бала» деп өсірген әкеңнің.

Кім кінәлі, аялаған анаң ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Дәрігер:

Жас жеткіншек!

Өздерің өлер кезде айтып кету борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге, жоламаңдар сол үшін!

(Азалы да ащы әуен қайта ойнайды.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.)

Ауыр дерт болып жетеді,

Әдет болып жаман кетеді.

Жаман әдетке жақ болсаң,

Өмірің қор болып өтеді.

Спортпен болып мәңгі дос,

Мағынасыз жүрме бос,

Жат қылықтан жатсын деп,

Достарыңа ақыл қос.

Жалынды жастар үні:

Салауатты мақсатың өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Шылым мен нашақорлықтың сенің жауың,

Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ болу.

Алдыға бастар армандар,

Жаманға көзді салмаңдар.

Ішімдік,наша қолданып,

Ел-жұртқа мазақ болмаңдар.

Араққа салып ауыздық,

Іштері күйіп,шоқ болсын.

Дүниедегі жемқор, жауыздық

Өмірден өтіп жоқ болсын!

«Болашақты ойлаңдар!»

Ішімдікті іпеңдер,

Жаман жолға түспеңдер.

Болашақты ойлаңдар.

Келешекті қорғаңдар,

Өлген гүлдей май»ыспай,

Елге тіреу болыңдар.

Қабырғаңыз қайыспай,

СПИД-ке қарсы тұрыңдар!

Сүйкімді ақылды бол иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл небір түрлі .

Шылымға үйір болма, түсін соны.

Ешқашан сұрқың кетіп болма сорлы.

Болсаңдар білімді әрі парасатты,

Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты.

Шылым мен нашақорлық болсын жауың,

Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр салтын

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда , ей, жастар!

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.

Ішімдік туралы жалпы мағлұматтар

Флешмоб ” Спрот”

Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші

Ауырып ем издегенше ауырмайтын жол іздеик (слаид)

  1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
  2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
  3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
  4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
  5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
  6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
  7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
  8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )

Вирустар туралы түсінік ( слаид)

Көрініс ” Ана мен бала”

Қорытынды:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.

Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *