Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу.
Сабақтың тақырыбы: Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық кескіндерді салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Анимация, мультипликация ұғымдарына түсінік беру, шығу тарихымен таныстыру. Программаның құрылымымен таныстыру;
Дамытушылық: Қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Macromedia Flash MX программасы, тапсырма карточкалары.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: Macromedia Flash MX программасында жұмыс істеуді.
Оқушылар меңгеруі тиіс: геометриялық кескіндерді салуды, өзгертуді, орнын ауыстыруды, фигураның түсін орнатуды, анимациялық фильмдерді сақтауды, анимация құруды.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастырып, класта оқушыларды түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу.
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Мәтін дегеніміз не? (Дербес компьютерлік алфавиттік символдар тізбегі)
- WORD-та бос құжатты құру үшін қандай батырмалар тіркесімін басамыз? (CTRL + N)
- WORD мәтіндік процессорының негізгі мүмкіндігі қандай? (Мәтіндерді енгізеді, сақтайды, түзетеді, пішімдейді)
- Стиль дегеніміз не? (Пішімдеудің атрибуттар жиынтығы)
- Бетке нөмір енгізу: (Кірістіру → Колонтитулдар топтамасы → Бетке нөмір енгізу)
- Арнаулы символдарды енгізу жолдары: (Кірістіру → Символдар топтамасы → Символ)
- Диаграмма құру үшін не керек? (Сандық және мәтіндік ақпарат)
- WORD құжатында орфографиялық қате қалай белгіленеді? (Ирек қызыл сызықпен сызылады)
- Колонтитул дегеніміз не? (Құжаттың әрбір бетінде орналасқан және онда қайталанатын ақпарат)
- Білімді өзектендіру
Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.
- Жаңа сабақ
Постер қорғау.
1-топ. Мультипликация. Мультипликацияның шығу тарихы
2-топ. Қазақ мультипликациясы
3-топ. Macromedia Flash Maker программасының құрылымы
- Бекіту кезеңі
Берілген білімді бекіту үшін топтарға кеспе қағаздары таратылып беріліп, оны компьютерде орындату.
1-топ. “Жұлдызды аспан
2-топ. Саңырауқұлақ
3-топ. «Салынған мәтін»
- Сергіту сәті
Оқушыларға көзге жасалатын жаттығулар жасату
- Қорытынды кезең Бақылау сұрақтары
- Мультипликация дегеніміз не? (В) үлкею, көбею, еселене түсу, жандандыру деген мағынаны береді)
- Суретке алғаш жан бітірген ғалым (Ә) Жозеф Плато және Симон фон Штампфер)
- Қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер мультфильмі қай жылы жарыққа шықты? (В) 1967 жылы)
- Анимация дегеніміз не? (В) қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі)
- Анимация құратын, мультфильм жасайтын дербес компьютерлік программаларды атаңдар: (Ә) Macromedia Flash Maker, Pencil, Adobe Photoshop, Synfig)
- Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
- Бағалау кезеңі
Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.