Пайдалы өсімдіктер

САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6-бөлімі. Қоршаған ортаны қорғау
Мектеп: Аралтөбе негізгі мектебі МДШО
Күні: 25.02.2020
Мұғалімнің аты-жөні:
Джалдельдинова Клара Ембергеновна

Сынып: 4-б
40 минут
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Пайдалы өсімдіктер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша, … оның пікірінше, … ,оның айтуынша, …, кейбір адамдардың
ойынша,) салыстыра отырып бағалау
4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиет
әңгімелер), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен
пайымдау мәтінін анықтау

Сабақтың мақсаттары
Барлығы: жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінеді; сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тиісті тыныс белгісін сөйлемде орынды қолданады.
Көпшілігі: пайдалы өсімдіктерді сипаттайды.
Кейбірі: пайдалы өсімдіктердің ерекшеліктерін айтады.
Бағалау критерийлері
Жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінеді.
Үш бағанда берілген мәліметтерді сәйкестендіріп окиды.

Тілдік мақсаттар
Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: жусан, сексеуіл, қоға, алабота, жою
Сұрақ құрастыруда:
Қанша? Неше? Нешінші?
Құндылықтарды дарыту
Ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;
Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру
Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Ғаламтор ресурстарын пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім
Емен ағашы
Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
Дереккөздер
Сабақтың басы
3 минут
Үй тапсырмасын тексеру.
Емен мен қайынды салыстырып айту
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Жаңа сөздер мен фразалардың мағынасын мәтіннің мазмұнына қатысты түсінемін.
Санды ретімен айтуды және жазуды үйренемін

Сабақтың ортасы
10 минут

15 минут

10 минут
Тыңдалымалды тапсырма
Суреттер сөйлейді

Сексеуіл Алабота Қоға Жусан
Сөздік жұмысы. Сөздердің мағынасын «Дефиниция» әдісі арқылы меңгерту.
Сөздерді анықтамасымен сәйкестендіру.

– Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

Сергіту сәті. «Шаттық шеңбер»
Жазғы ойын түрлерін қимыл арқылы көрсетіп, оларды табу.
Тыңдалым
Зерек патша
Ертеде бір жас патша болыпты. Ол өсімдіктердің пайдасы жайлы көп ойлайды екен. Бірде ол: «Шаһар айналасындағы пайдасыз өсімдіктерді жою керек. Маған ең жаман өсімдіктерді алып келіңдер», деп тапсырма береді.
Уәзірлер патшаға қоға, сексеуіл, жусан, алаботаны алып келеді. Патша: «Оларды базарға апарып, өте төмен бағамен сатыңдар», – дейді.
Түстен кейін патша базарға барса, ешқандай өсімдік қалмапты. Ең бірінші сексеуіл таусылыпты. Оны көп сатып алған адам: -Сексеуілді мен отын қыламын, – депті.
Екінші қоға таусылыпты. Оны көп сатып алған адам: – Мен қоғадан арқан, жіп есемін, ыдыс та тоқимын, – депті.
Үшінші жусан таусылған. Оны да сатып алған былай депті: – Жусан – өте пайдалы өсімдік. Ішің ауырса, жусанды қайнат та суын іш. Жусанның қайнаған суына жіп бояймын.
Төртінші алабота таусылыпты. Мұны көп сатып алған адам: – Мен алаботадан сабын, дәрі жасаймын, – деп айтыпты.
Ақылды патша әр өсімдіктің пайдасы бар екенін түсініпті. Сөйтіп жаман өсімдік іздеуді тоқтатты.
Мұғалім тыңдалым тапсырмасын түсіндіріп, мәтінді екі рет оқиды.
(Ө) Әр оқушы мәтінді екі рет мұқият тыңдайды. Мәтінді тыңдай отырып таныс емес сөздерді жазып отырады. Тыңдап болған соң білетін оқушылар сыныптастарының білмейтін сөздеріне түсінік береді.

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, таныс емес/түсінбеген сөздерді дәптерге жазып отырыңыз.

Дескриптор
1. Оқыған материалдың мазмұнын түсінеді.
2. Сұрақтарға жауап бере алады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Жеке жұмыс
Тапсырма. Үш бағанда берілген мәліметтерді сәйкестендіріп оқу.

Декриптор. Оқушылар берілген мәліметтерді сәйкестендіріп оқиды.

Есте сақтау
Қанша? Неше? Нешінші?
Бір бірінші
Екі екініші
Үш үшінші
Төрт төртініші
Бес бесінші
Алты алтыншы
Жеті жетініші
Сегіз сегізінші
Тоғыз тоғызыншы
Он оныншы
Дескриптор: Реттік сандарды есте сақтайды

Сабақтың соңы
2минут

Рефлексия
Мен … туралы білгенмін.
Мен үшін … қызық болды.
Мен … таңғалдым.
Мен үшін … қиын болды.

Үйге тапсырма: «Пайдалы өсімдіктер» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *