Судың да сұрауы бар. Нағыз адам.
Пәні: Әдебиеттік оқу | Мектеп: | Аққыстау орта мектебі | ||||
Сынып: 3 а | Мұғалімнің аты-жөні: | Маканова Мейрамгуль Жумабаевна | ||||
Бөлім | Су – тіршілік көзі | |||||
Сабақтың тақырыбы
(онлайн сабақ) |
Судың да сұрауы бар. Нағыз адам. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.6.1 – кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау. | |||||
Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп, бағалай алады.
Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты табады, өз ойын жеткізеді. Кейбір оқушылар: барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді. |
|||||
Құндылық | Адамгершілікті түсіну | |||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта | ||||||
Жоспар | ||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту.
Ойсергек. Қуанамын мен де, Қуанасын сен де, Қуанады достарым, Арайлап атқан күнге. Үлкенге де сіз деп Кішіге де сіз деп Құрметпенен Бас иеміз біз де. |
Интерактивті тақта |
||||
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны ажырату. Ойқозғау.
Пікір білдіру. 1. Судың да сұрауы бар. 2. Су бергеннің сауабы бар. Су төккеннің жауабы бар. *жақсылық қадірін түсінеді – өтілетін тақырыппен таныстырып, автор туралы мәліметке тоқталу Оқылым. «Нағыз адам». – аудио арқылы тыңдау Пікір білдіруге берілген тапсырмалар 1-пікір: Бұл – адам емес…… Өйткені, бірінші жолаушы шөлдеп келе жатырса да, арбасында шелегі бола тұра, өзге жолаушылар тұрмақ атай мен немересіне көңіл бөліп, көмектесуге уақытын қимады. Атайдың адам емес дегені, жолаушының пейілі өте тар екендігін білдіреді. 2-пікір: Бұны да әлі адам деуге болмайды…… Өйткені, екінші жолаушы өзінің, атай мен немересінің шөлін қандырғанмен, алдағы уақытта бұл жерден өтетін жолаушыларды ойламады. Бұл адам тек бүгінгі күнді ойлады. Бұл жолаушының бойында қызғаншақтық қасиет басым. 3-пікір: Бұл – нағыз адамның өзі……. Өйткені, үшінші жолаушы тек өзін, атай мен немересін ғана ойлап қоймай, өзінен кейін бұл жерден әрлі-берлі өтетін жолаушыларды ойлап, шелегін қалдырып кетті. Міне, нағыз адам дегеніміз – айналасына қашанда жақсылық ойлайтын адам. · *мәтін мазмұнын ашады, өз ойын жеткізеді Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды талдау 1-тапсырма: Дұрыс жауабын белгіле А) Адам емес Ә) Әлі де адам емес Б) Нағыз адамның өзі
– Әрине, бұл Б нұсқасы, себебі, суретте үшінші жолаушының атайға алғысын білдіріп, құдық басына шелегін қалдырып кетіп бара жатырғаны бейнеленген. 2-тапсырма: Бұл – адам емес…. Өмірде кездесетін оқиғалардан нақты мысал келтір – Мысалы, белгілі бір себеппен сабақтан қалған оқушы сабаққа қатысқан оқушыдан үй тапсырмасын сұрады делік. Егер, сабақта болған оқушы тапсырманы біле тұра көмек көрсетпесе, бұл дұрыс емес әрекет болып есептеледі. «Болмасын деген оңбасын» – деген мәтелдегідей өзімшілдік қасиетті көрсетеді. 3-тапсырма: Бұл – нағыз адамның өзі…. Өмірде кездесетін оқиғалардан нақты мысал келтір – Мысалы, балалар, бір бала әкесімен саябаққа барды делік. Ол ойнағысы келген әткіншек сынық екен. Әкесі бірден жөндеуге кірісті. Әкесі әткіншекті өз баласы үшін ғана емес, өзге блалардың да игілігі үшін жөндеді. Бұл жерде әкесінің өзгеге қамқорлық жасау және кеңпейілділік қасиетін көреміз. *мәтіндегі пікірді өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді Ойтолғау. Жазылым. Жеке жұмыс 1-тапсырма: Суды үнемдеу ережесін құрастыр Дұрысын тап (берілген ережелердің ішінен дұрысын тауып, дәптеріне көшіреді) 1. Суды ысырап қылма 2. Суды көп мөлшерде жұмса 3. Суды кез – келген жерге төге бер 4. Тіс жуғанда суды ашық қалдырма 5. Суды жерге төкпе 2-тапсырма: Өзің құрастыр Өз бойындағы 3 жақсы қасиет · Қамқорлық · Мейірімділік · Ақкөңілділік 3-тапсырма: Судың пайдасы 3 тұжырым жаз *су – тіршілік көзі *сусыз өмір жоқ * суды адам күнделікті өмірінде, яғни, тамақ пісіргенде, ыдыс, кір жуғанда, жуынғанда, т.б. пайдаланады *суды үнемдеудің маңыздылығын ұғынады, жақсы қасиеттерді бойына қабылдайды |
Слайд
Слайд Үлестірме парақтар Түрлі – түсті маркерлер
Слайд Қима жолақшалар |
||||
Сабақтың
соңы |
Үйге тапсырма: Бірінші және екінші жолаушыға адами қасиеттерін жақсарту үшін ұсыныс хат жазу |