Ат- ер қанаты

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5- тарау: Өнер

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Ат – ер қанаты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп,

шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын

тұрғысынан бағалап оқу;

3.2.8.1 – эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы

өзгерістерді анықтау.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері l  мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

l  шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

l  берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім 5-тарау өткен төрт   тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап,  жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру

«Мен басқаның көзімен»

Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды  қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Түймедақ гүлі

Ортаға түймедақ гүлі қойылады. Балалар, бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір гүлін жұлып алады Артындағы сандар бойынша топтасады Сабақ соңында пікірлерін жазып, қайтадан гүлді қалпына келтіріп кетеді.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Ыстық доп» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

 

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы Ойқозғау.

Оқулықта берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқы. Ортақ бір тақырып ойластырып, түсіндір.

1.  Ат – ердің қанаты.

2.  Жылқы – малдың патшасы.

3.  Жылқының сүті – шекер, еті – бал.

Мағынаны ажырату. Тақырыпты болжау.

Осы мақал-мәтелдер түсіндіру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

Мақсат, күтілетін нәтижелер.

Күтілетін нәтижені таныстырып, оқушылармен бірлесе анықтау.

Тыңдалым.

Қастек Баянбай. «Атқа міндім»

4-тапсырма. Өлеңнен не түсіндің? Алғаш атқа мінген баланың жай-күйін қарасөзбен әңгімелеу.

3-тапсырма. Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу, берілген суреттерді пайдалану.

Топтық жұмыс.

І топ. Түсініп оқы және 5 түрлі атәбзелдері мен оның қызметін ата. Мысалы: Айыл – ауып кетпеу үшін тартылатын артқы тартпа.

ІІ топ. Мәтіндегі мәліметтерді және соған сәйкес суреттерді пайдаланып, сәйкестендір.

ІІІ топ. Атқа мініп көріп пе едің? «Атқа міндім» өлеңіндегі сөздерді қолданып, өтірік өлең құрастыр.

Бағалау. ЖК кестесін толтыру арқылы оқушылар топта бір- бірін бағалайды.

Атәбзелдері – атқа міну үшін және шаруашылықта пайдалану үшін қолданылатын құрал-жабдық түрлері.

Жазылым.

Түсініктерін дәптерге жазады.

Ойтолғау. Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөлісу.

1.  Атқа міну – өнер.

2.  Атқа міну – спорттың түрі.

3.  Атқа міну – ұлттық ойын.

Дескриптор:

l  мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

l  шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

l  берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

Белсенді оқу тапсырмалары

 

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға  қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут  талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс парағы.

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының   сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *