Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы
Баяндама тақырыбы: «Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы»
Баяндаманы дайындаған: Мекебаева Айымжан Құрбанқызы Ағылшын тілі пәні мұғалімі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫ
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл » мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болса, шетел тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Сонымен қатар бұл шетел тілінің еліміздің оқу жүйесінде айырықша мәртебеге ие болғандығын айқындайды. Шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғарғы оқу орындарында оқыту жаңа әдістемелердің қажеттілігін тудырады. Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс- әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің міндетіміз. Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс- тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне, білім деңгейіне, шығармашылық іс- әрекетіне байланысты болмақ.
Мұғалім – психологиялық даярлықты, педагогикалық сапасы, қоғамдық белсенділікті, өз мамандығына деген сүйіспеншілікті, жан- жақты алдыңғы қатардағы адам. [2] Негізінен, сабақ үстінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығу пайда болады. Оқушыларға әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек. Пән мұғалімі ретінде менің алдыма қойған мақсатым – халықаралық қатынастар мен бизнес, әлемдік экономика мен саясат, мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыстағы маңызды орынды иеленіп тұрған ағылшын тілінің қажеттілігін оқушыларға жан- жақты түсіндіріп, ауызыекі тілде еркін сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін талмай іздемпаздықпен еңбек ету ұстаз қауымының негізгі міндеті мен мақсат мүддесі болмақ.Тілді оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалану арқылы оқушылардың білім алуға ынта-ықыласын оятып, жауапкершілігін күшейту көзделеді.
Сондықтан әр оқушының бойына жаңа, тың серпеліс туғызатындай әдістерін тауып, әрқилы әрекеттер арқылы олардың ақыл-ойын ұштау, жетілдіру көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру-әр оқытушының міндеті.
Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгі қағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін, солардың бірі ақпараттық –коммуникациялық технологиясын, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын және т.б. технологияларды, өз сабақтарымда жиі пайдаланып жүрмін. Әсіресе сабақтарда ғаламтордың үлкен мүмкіндіктер қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздім. Мысалы: күделікті сабақтарымда оқушылар ғаламтор талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады. Сонымен бірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, ғаламторда отырып, оқушылар аударма жұмыстарын жүргізуге және өздеріне қажетті мағлұматтарды дер кезінде алуға толықтай мүмкіндіктер алды, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу сияқты ғаламтордың артықшылық көздері пайдаланылады. Ғаламтор өзінің барлық мүмкіндіктері және қор¬ларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. Біз ғаламтор арқылы көп нәрсе істей аламыз және оқушыларға ғаламтормен жұмыс жасаған өте қызықты. Мысалы: 2012 -2013 оқу жылынан бастап мектебіміз e-learning электрон оқыту жүйесіне қосылды. Бұл мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де өте үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде AutoPlay Media Studio бағдарламасы арқылы электрондық оқулықтар жасақтап, автотесттерді сабақтарымда, қолданбалы курстарда қолданып келемін. Енді сабақтарыма тоқталғанды жөн көріп отырмын. Елтануға арналған тақырыптарды өткізгенде үнемі, алдымен сабағымды ой қозғауды бейнероликтермен бастаймын. Мысалға: “Great Britain” т.б. тақырыбы бойынша AutoPlay Media Studio бағдарламасы арқылы жасақталған электрондық оқулығынан бейнеролик қаралып, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы айқындалады. Сол сабақта оқушылар екі елді салыстырады. Осы елтану тақыры бойынша қорытынды сабақта Power point бағдарламасы арқылы оқушылар алдынала берілген тапсырма бойынша әр оқушы өз презентация құрастырып, жұмыстарын қорғайды. Үнемі Қазақстан, Ұлы Британия, АҚШ т.б. елдер туралы өтілген тақырыптар бойынша қорытынды сабақтарда “Jeopardy”, “Criss and Nill”т.б.ойындарын сабақтарымда қолданамын. Сабақтарымда және қолданбалы курстарда оқушылар ғаламтор арқылы жұмыстар жасайды және тақырыпқа сай өздері тірек сызбалыр құрастырып сол сызбалар арқылы мәтін бойынша түсінгендерін айтуға тырысады. Мысалы: 11 сыныптағы “Making laws” тақырыбы бойынша оқушылардың құрастырған сызбалары:
Оқушылар топтық немесе жұптық жұмыстар арқылы екі елдің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары салыстыру арқылы айқындай. Сабақтарымда өтілген әр түрлі тақырыптарды меңгеру, пысықтау, саралауға бағытында жұмыстар өз тәжірибемде міндетті әдіске айналған. Жұмыстың мұндай түрлері оқушылардың білімдерін бекітуде өте пайдалы әрі қызықты. Мысалы:
Сонымен қатар сабақтарымда оқушылардың логикалық ой өрістерін кеңейту мақсатында үнемі шемін табуға және қазақша, орысша аудармаларын айтуға тапсырмалар беріп отырамын: Мысалы: can you match these similes with the correct animals? I guess most of them makes sense but one of them really doesn’t! [3]
Peacock, fox, mouse, dog, bee, mule, pig, bird, ox, bat
1) As stubborn as a …… 2) As bind as a ….
3) As greedy as a…. 4) As sick as a….
5) as free as a…. 6) As sly/ cunning as a….
7) As strong as a…. 8) As round as a….
9) As quiet as a…. 10) As busy as a ….
Keys:
1) a mule 2) a bat, 3) a pig 4) a dog 5) a bird 6) a fox 7) an ox 8) a peacock 9) a mouse 10) a bee.
Грамматикалық тақырыптарды өткен кезде мысалға: idiom, phrasal verbs, the degrees of comparision of adjectives, the plural of nouns, passive voice, gerund, modal verbs etc. әрбір сабақта жаттығулармен қатар қазақша, орысша мақал- мәтелдерді салыстырмалы жұмыстар арқылы грамматикалық тақырыптарды түсіндіргенде пайдалануға тырысам. Мысалы: the degrees of comparision of adjectives: A good name is better than riches. Жақсы сөз- жарым ырыс. Добрая слава лучше богатсва. Better late than never. Лучше поздно, чем никогда. Ештен кеш жақсы. The Gerund: Talking mends no holes. Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер. Разговоры не помогают в беде. Learning is the eye of mind. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп. Ученье – свет, неучение –тьма. Idiom тақырыбын өткен кезде идомаларды қазақ тілімен салыстырып, ағылшынша баламаларын тауып, оқушылар оның қазақша аудармаларын жасағанды ұнатады. Мысалы: on the tip of one’s tongue: about to be spoken or remembered – біреудің тілінің ұшында тұру немесе ұмыту; button your lip: to stop talking; be quiet – екі елі ауызға, бір елі қақпақ немесе тыныштықты сақтау; to have time on one’s hands: to have a lot of time- біреудің қолы бос болу немесе зейнеткерлікке шығу. т.б.
Сабақта осындай түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларым әр елдің, олардың тілдік айырмашылықтарын білді, үйренді салыстырды. Сабақта әр оқушы қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін салыстыру арқылы тез ойлап, шешім қабылдауға тырысады. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылар арасында бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасап үйренгендігі, топтық және ұжымдық дағдылары қалыптасқандығы, өз ойын жүйелі түрде саралауға үйренгендігін байқадым. Мұғалім үшін оқушылармен жұмыс жасау жеңілдеді, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы артты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Астана.28 сәуір, 2010
2. Қазақстан мектебі: Шетел тілінің маманының кәсіби ерекшелігі, № 5,2013
3. Ағылшын тілі мектепте: № 6 2012, 22- бет
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718