Дәмді және пайдалы

Пәні:Дүниетану

Күні:12.04.18 ж

Сынып:1 «В»

Уақыты:08:45

Сабақ:2-ші

МГ№3         Кабинет:39 

Мұғалім:Ж.К.Кулажанова

              

Қатысты:22         Қатысқан жоқ:
Сабақ тақырыбы:     Дәмді және пайдалы      
Оқу мақсаты: -Барлық оқушылар:дұрыс тамақтану қажеттілігін туралы біледі;  
  -Оқушылардың басым бөлігі:Дәмді әрі пайдалы тағамдарды зиянды тағамдардан ажыратады, дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;  
-Кейбір оқушылар:Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін ,Қазақстандағы әртүрлі  ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.  
Тірек сөздер: жаңғақ – орех – nut;

 

ұлттық тағам – национальные блюда – national dish;

 

дұрыс тамақтану – правильное питание – healthy diet.

 
Ресурстар: «Қонақжайлылық» тапсырмасына арналған бейдждер, суретті үлестірме парақшалар, «Тамақтану ережесі» тапсырмасына арналған А3 көлеміндегі қағаз, мөлшерлі стақандар, тағам өнімдері бейнеленген суреттер, доп.  
Сабақтың мақсаты: 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру  
Ойлау дағдыларының деңгейі:  

Білу және түсіну ,қолдану

 
Бағалау критерийлері:  Пайдалы және зиянды тағамдарды анықтайды, тамақтану ережесін  құрайды,тамақтану режимін сақтау  туралы әңгімелейді  
 

Тілдіру мақсаттары:

 

Дәмді, пайдалы, зиянды,тағамдар,тағам түрлері, ас мәзірі

 
Құндылықты дарыту:

Еңбек және шығармашылық арқылы, астың маңыздылығын түсінеді.

 
Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, көркем еңбек

 
АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, слайд

 
   Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

                  Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет     

 

 

Ресурстар

  Сабақтың басы

Психологиялық ахуал. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру   2 мин

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс:

 «Досқа көмек»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты ашу

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс:

1 мәтін

 

 

 

 

 

Топтасу треннингі:

 

 

 

 

 

Топтарға бөліну:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындысына:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұжырым  жасау:

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:

 

1.  Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.

 

2.  Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.

3.  Тамақты шамамен қабылдау қажет.

Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған.1980-1990жж. жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдер арасында фаст-фудпен қоректену әдетке айналған. Ол адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Соның нәтижесінде адамдарда жүрек, бауыр, асқазан аурулары пайда болады.Жаңғақтың пайдасы туралы. Жаңғақ – табиғаттың керемет сыйы. Оның түрлері өте көп. Олардың ішінде ең пайдалысы – грек жаңғағы. Онда көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Грек жаңғағында жүрек жұмысына қажетті магний мен калий көп. Оның пішіні бас миының жарты шарларын еске түсіретіні бекер емес. Ол мидың уақытынан бұрын қартаюының алдын алады.Қонақжайлылық. Қонақжайлылық – бұл қазақ халқы мәдениетінің ең басты құрауышы. Ертеден қазақтар үшін қонақтарды қарсы алу негізгі борыш болып саналған. Тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, тамақ және сусын бергеннен кейін ғана жөн сұрасқан. Қонақтарға құрметпен қарауға бала кезінен тәрбиелеген.Қазақстан – бейбітшілік, өзара түсіністік, татулық-достық орнаған көп ұлтты ел. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

1.Ертеңгілік шеңбері                  Айтарым бар сендерге

Қол алысып ,кәне біз               Тез тұрыңдар,шеңберге

Достасайық бәріміз.                Қандай жақсы бір тұру.

Достарыммен бір жүру.

 

 

2 Почташы тарсылдатып,хат әкеледі. -Кезекші сіздерге Русланнан хат келіпті. Хатты бір оқушыға оқыту.

                                             Хат               

      «Менің атым Руслан. Менің үнемі ішім ауырады.Анам мұның себебі: дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет.» Русланға қалай көмектесуге болады? Оған қалай дұрыс тамақтануға болатынын түсіндір.

Бұл жерде сұрақтар:

-«Руслан  неліктен ауырып қалды деп ойлайсыңдар?»

-«Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере аласыңдар?».

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Оқушылардың міндеті – Русланға көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру.

Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.

 

Оқушылар оқулықтағы 1-мәтінді оқушы оқуға тырысады.74бет

(дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру.)

 

Сұрақ:-Қандай ұлт өкілдерін көріп тұрсыңдар?

 

1.Алдын -ала Қазақстандағы әр түрлі ұлт өкілдерінің атауы жазылған бейджтерді тарату,олар осы сабақта қонақ екенін көрсету,бір- біріне жағымды сөздер айту.

2. 2-ші мәтінді оқушы дауыстап оқу. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз.

Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз. Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз.

Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.

 

 

 

 

1-топ:Оқушылар суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады;

2-топ:-Бір рет пайдаланатын ыдыс таратып беру.

Оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін маркермен белгілеп отырады.

3-топ:-Сағаттың циферблатына «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады.

 

3 топ  «Тамақтану ережесін » ойлап табады.

 

1.Қолыңды сабындап жу.

2.Қисаймай ,түзу отыр.

3.Қасықты оң қолыңмен ұста.

4.Тамақ ішіп отырып сөйлеме,күлме,кітап оқыма.

5.Шамадан тыс тойып ішпе.

6.Нанды үзіп же.

7.Тамақтан соң,ауызыңды шай,қолыңды жу.

 

Барлық топты қорытындылап,тұжырым жасау

Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз.

Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Жұмбақ жасыру:

Оны күткен адамдар,                   Ұзақ өмір сүреді,

Қадірін білген жараңдар .            Байлық осы деседі.

Жауабы:Денсаулық

 

3.Сұрақ –жауап әдісі:-Адам жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?(пайдалы тамақ жеу,ішу,спортпен шұғылдану)

4.Почташы тарсылдатып,хат әкеледі. -Оқушылар бізге Русланнан хат келіпті. Хатты бір оқушыға оқыту.

                                             Хат               

      «Менің атым Руслан. Менің үнемі ішім ауырады.Анам мұның себебі: дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет.» Русланға қалай көмектесуге болады? Оған қалай дұрыс тамақтануға болатынын түсіндір.

Бұл жерде сұрақтар:

-«Руслан  неліктен ауырып қалды деп ойлайсыңдар?»

-«Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере аласыңдар?».

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Оқушылардың міндеті – Русланға көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру.

Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға тырысады.

дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру.

 

5.Мұғалімнің сұрағы:-Оқушылар,бұлар нелер?Тағамдар.

-Ендеше,адам денсаулығына пайдалы тағамдарды бір тарелкеге,ал  зиянды тағамдарды екінші тәрелкеге саламыз.Мен соны байқағым келіп тұр.

6.Сөздікпен жұмыс:Тарауды қайталау:

Тағам-Еда-food ,Сусын-Напиток-drink

 

7.Кім жылдам» ойыны

Оқушыларға тағамдардың суреті таратылып беріледі. Дәмді де пайдалы тақтаның оң жағына, дәмді де зиянды тақтаның сол жағына тұрады. Оқушылардан

–          Не дәмді?

–          Чипсидің пайдасы бар ма?

–          Сүт тағамды пайдалы ма? т.б сұрақтармен

– Бұл тағамдар біздің ағзамызға пайдалы ма, зиян ба?

Жарайсыңдар.

8.Топқа бөліну

 

 

 

 

 

Виллиге көмектес. Сабақты Виллидің балаларға жазған хатынан бастаңыз. Оқушылардың міндеті – Виллиге көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру. Бұл жерде:

«Вилли неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?» «Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере

аласыңдар?», – деген сұрақтар қойыңыз.

Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.

Қонақжайлылық. Оқушыларға 2-суретті қарауға беріңіз. Олар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тыңдаңыз. Бұл тапсырманың тәрбиелік тиімділігін күшейту үшін оқушылармен топтасу тренингін өткізіңіз. Алдын ала Қазақстан дағы әртүрлі ұлт өкілдерінің аты жазылған бейдждерді таратыңыз. Олар бүгін қонақ екенін түсіндіріңіз. Барлығы қол ұстаса шеңберге тұрып, бір-біріне жағымды сөздер айтсын. Бұдан кейін оқушылардың біреуі оқулықтағы 2-мәтінді дауыстап оқиды.Орындап көр. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Бірінші топ ұсынылған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады. Екінші топқа бір рет пайдаланылатын ыдыс таратып беріңіз. Онда оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін маркермен белгілеп отырады. Үшінші топ сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады. Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беріңіз. Олар тапсырмаларды постер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырыңыз. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасатыңыз.

Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз.

Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.

-Сен білесің бе? Бұл айдарға көшу үшін оқушыларға Қазақстанда тұратын көптеген елдердің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтыңыз. Оқушыларға айдар мәтінін өз бетімен оқуға тапсырма беріңіз және қандай жаңғақ түрлерін білетінін сұраңыз.

Жауабы: Грек, самырсын, орман, бадам, пісте жаңғағы.

Оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған мәліметпен толықтырыңыз.

Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз.

Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз.

 

Шаттық шебері

(Оқушылар шеңберге тұрып, хормен,қимылмен көрсетеді)

 

 

Хат суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шеңберге тұрғызу

 

 

 

 

 

 

 

Ыдыс ,маркер

 

 

Сағат циферблаты

 

 

 

Плакат,маркер

Сабақтың қорытындысы  

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

 
Математика. Дәптердегі бірінші тапсырма дұрыс орындалса, бірінші бағанда жұп, екінші бағанда тақ сандар шығады. Орындалған тапсырмаларды тексеру барысында оқушыларға бірінші және екінші бағандардағы сандарды салыстыруды ұсыныңыз.

АКТ. Оқушыларға дәптердегі бірінші тапсырманы ActivInspire бағдарламасын пайдаланып, интерактивті тақтаға орындатуға болады.

Жаратылыстану. «Тамақтану ережесі» тапсырмасын орындаған кезде әр топ өз жұмысын әсемдеп безендіреді.

       Сабақта оқушылар сөйлеу мәдениетін әңгімелесу, талқылау арқылы дамытады. Жаңа сөздермен күнделікті өмірде таныс болуы мүмкін. Оны «Қағып ал» ойыны арқылы меңгертуіңізге болады. Допты бір оқушыға үйренген сөздердің бірін айтып лақтырасыз. Қағып алған оқушы сөзді басқа орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтып, келесі оқушыға лақтырады. Осылайша ойын жалғаса береді. Тірек сөздерді оқушылар жұмыс барысында қолдануын қадағалаңыз.  
 Пәнаралық байланыс

 

Қосымша тапсырмалар

 

 
  Оқушыларға дұрыс тамақтану туралы мультфильм көрсетіңіз. Олардан қандай мультфильм кейіпкерлерін білетінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.

 

Қосымша тапсырма ретінде мнемоникалық ойын ойнатуға болады. Мнемоника – бір нәрсені ұмытып қалмай, жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Ол «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Ойынды мұғалім дүкенге барып, бір тағам түрін сатып алғанын айтудан бастайды. Келесі оқушы мұғалімнің және өзінің не сатып алғанын айтады. Оны келесі оқушы жалғастырады. Осылайша шеңбер бойындағы оқушылар алдыңғы оқушылардың және өзінің сатып алған тағам түрін айта бастайды. Бұл тапсырма есте сақтау қабілеттерін жақсартуға көмектеседі.

 
Бағалау

 

Оқушылар:

–– «дұрыс тамақтану» ұғымымен танысты.

Оқушылар:

 

–– пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратуға; –– дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруғаүйренді;

–– Қазақстандағы ұлт өкілдерінің басын біріктіретін қонақжайлылық ұғымын түсінді.

 

Бұл сабақта оқушыны бағалау түрі ретінде оқушыларға бір- біріне дұрыс тамақтану туралы үш сұрақтан қоюын ұсыныңыз.

•     Қандай тағамдарда дәрумендер көп?

•     Чипсы – пайдалы тағам ба?

•     Қандай тағам мидың жұмысын жақсартады?

 
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

 
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *