Қауіпсіздік ережелері
Пәні: дүниетану | Мұғалімнің аты – жөні:
Байдуллаева Алия Шарипбекқызы |
||||||
Сабақтың тақырыбы:Қауіпсіздік ережелері | Күні: 29.01.2019ж | ||||||
Сынып: 2″А”
|
Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсатта ры) |
2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда ) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: | ||||||
қауіпсіздік ережелерін түсінеді | |||||||
Оқушылардың басым бөлігі: | |||||||
қауіпсіздік ережесін құра алады | |||||||
Кейбір оқушылар: | |||||||
шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтайды | |||||||
Бағалау критерийі | -Қауіпті заттар мен жағдайларды атайды.
-Үйдегі, судағы, жолдағы, қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды. -Жедел көмек қызметтерін біледі. -Жедел көмек көрсету қызметтерін атайды. -Жедел көмек көрсету қызметтерімен хабарласу жағдайларын анықтайды. |
||||||
Құндылық | «Дені саудың – жаны сау» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері | ||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
Өрт, су қауіпсіздік, қоғамдық орын, жолдағы қауіпсіздік, шұғыл көмек қызметтері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Жазатайым жағдай, қауіп қатер. -Үйдегі қауіпті заттарды атаңдар. -Жедел көмек көрсету қызметтерімен хабарласу жағдайларын білесіңдер ма? -Қандай өрт қауіпсіздігін білесіңдер? -Судағы қауіпсіздік шаралары. -Қоғамдық орындарда жеке бас қауіпсіздік ережелері. -Жолдағы қауіпсіздік. |
||||||
Әдіс-тәсілдер | “Өзіңді тексеріңіз”, “Еркін талқылау”, “Құпия зат”, “Сұраққа жауап” әдістері. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка | ||||||
АКТ қолдану | Дереккөздерден қауіпсіздік ережелері туралы білуге ізденеді. | ||||||
Алдыңғы білім | Дұрыс тамақтану туралы біледі. | ||||||
Жоспарлан
ғануақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар | |||||
Басталуы
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер Достарымның барлығын Сыйлап жақсы көремін. Алақаным арқылы, Жылуымды беремін. Алдыңғы іс-әрекетті еске түсіру: “Өзіңді тексеріңіз” әдісі. (ЖАЛҒАН ба?ШЫНДЫҚ па?) 1.Біздің барлық тамағымыз ақуыз, май және көмірсудан тұрады. 2.Тағамның құрамында ақуыз жеткілікті болса, сен тез өсесің. 3.Ағзада көмірсу қоры көп болған сайын адам шыдамсыз келеді.(шыдамды) 4.Біздің ағзамызға минералды тұз бен дәрумен қажет емес.(қажет) 5.Сүт тағамдарында ақуыз жоқ.(өте көп) 6.Жеміс-жидек пен көгөніс дәруменге өте бай. 7.Ддәрумені адамның сүйектерін қатайтпайды.(қатайтады) 8. С дәрумені иммунитетті көтеріп, ауруға қарсы тұрады. 9.Қуырылған тамақ ағзаға пайдалы. (зиян) 10. Адамның ас мәзіріңде тағамның құрамында А, В, Д, С дәрумендері көп болуы керек. Дұрыс тамақтану дегеніміз — бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп — жей білу. |
«Жалған ба, шындық па?» 1-слайд
|
|||||
Ортасы
30 минут |
Жаңа сабақ:
Білу. Түсіну Миға шабуыл -Адам қай кезде, қай жерде болмасын өмірінеқауіп-қатерлер төнеді. -Сол үшін біз нені білуіміз қажет, нені сақтаймыз? (қауіпсіздік ережелерін) Оқушыларды сабақтың тақрыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру. Бағалау критерийін құру. Тыңдалым, айтылым Балаларға арналған қауіпсіздік ережелері мен судағы қауіпсіздіктуралы видеокөрсетілім көрсету. Мұғалімнің түсіндірмесі: Қауіп қатер бізге кез келген уақытта және кез келген жерде кездесуі мүмкін. Ғалымдар адамның үйінің өзі де тіптен қауіпсіз емес екенін анықтады. Сондықтан үйде жазатайым жағдай болуы әбден мүмкін. Тұрғын үй немесе басқа жер қауіпсіз болуы үшін қауіптің алдын алу қажет. Байқампаз әрі мұқият болсаң, онда ешқандайда жаман оқиғаға ұрынбайсың. «Еркін талқылау» әдісі Топтық жұмыс. Жағдаяттық сұрақтар. 1-топ:Үйдегі қауіпсіздік ережелері Сен үйде жалғыз қалдың, ал ата-анаң ас үйдегі газ плитаның үстіндегі шәйнектің астындағы көгілдір отты өшіруді ұмытты. Шәйнектің іші суға тола болғандықтан,қайнаған су тасып, көгілдір отты өшірді. Оны байқаған сенің іс-әрекетін қандай болады? 2-топ: Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері Ағасы мен інісі үйде жалғыз қалды. Інісі сіріңкемен ойнап, абайсызда өрт шықты. Інісінің үстіндегі киім өртене бастады. Сен ағасының орнында болсаң не істер едің? 3-топ: Судағы қауіпсіздік ережелері Жексенбі күні балалар көлге шомылуға барды. Олар ата-анасының рұқсатынсыз шомылуға кетті. Шомылғандарына мәз болғаны соншалықты, олар суға шомылуға рұқсат етілген жерден асып кетті. Біраз бала тамақты ішіп, бірденен суға түсті. Арасындағы бір бала суда өте ұзақ шомылды. Сен олардың істерін қалай бағалайсың? Түсіндір. 4-топ: Өрт қауіпсіздік ережелері Азамат сабақтан үйге қайтып келе жатқанда, бөтен көліктен бөгде ересек адам: «Кел, көлігіме мің, мен сенің үйіне бара жатырмын», деп ұсыныс жасады. Мұндай жағдайда сен не істер едің? Дана өз сыныптастарын үйіне шақырды. Үйінде ешкім болмады. Дананың қылығы дұрыс па? Неліктен? Дескрипторы: -үйдегі қауіпсіздік ережелерін құрай алады; -қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті біледі, атай алады; – су қоймасында өзің-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін анықтай алады; – өрт қауіпсіздік ережелерін қолдана алады. ҚБ «Топтық бағалау»
Қолдану «Құпия зат» әдісі Ұжымдық жұмыс. Тапсырма: Мына зат бойынша сұрақ құрастыр. Дескрипторы: -сұрақты дұрыс құрастыра алады; -қауіпсіздік ережелерін біледі және қолдана алады. ҚБ “Бағдаршам”әдісі. Өзіңдік жұмыс. Жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы орындау.
Сергіту сәті
Талдау Оқылым мен жазылым «Жол қауіпсіздігі» туралы видеоролик көрсету. Жұптық жұмыс. «Сұраққа жауап» әдісі Тест тапсырмалары 1.Жүргіншілер деген кім А) машина жүргізетін адамдар ? В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер 2.Қоғамдық көлікке қай жерде отырамыз? А) есік В) аялдама С)перрон 3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? А) болады В) болмайды С) білмеймін 4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек? А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан 5. Көшелерде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? 6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? А) 10 В) 12 С) 14 7.Жол бойына балалардың ойнауына неге қатаң тыйым салынған ? А) машинаға жол беру үшін В) бала қауіпсіздігі үшін С) тыйым салынбаған 8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? А) сары В) жасыл С) қызыл 9. Жаяужолдың қай жағымен журү керек? А) оң жағымен В ) сол жағымен С ) жолдың ортасымен 10. Жол бойларында велосипедпен, қолшанамен, сүйретпелі қоларбамен қалай жүру керек? А) жиек жолдың шетін жағалай жүру керек В) жолдың ортасымен жүру керек С) жолдың оң жағымен жүру керек ҚБ « Мақтау, мадақтау» әдісі
Жинақтау Топтық жұмыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі Тапсырма: Берілген мақал-мәтелдерді аяқтап жаз. 1-топ: «Сумен ойнама – ……………………………. Отпен ойнама – …………………………….» 2-топ:«Су мен от – тілсіз …………………………» 3-топ:« Ойын түбі – …………………………………» 4-топ: « Су сенің досың және …………………….» Дескрипторы: – мақал-мәтелдерді түсініп оқиды; – көп нүктенің орнына тиісті сөз жазады.
ҚБ ” Басбармақ “әдісі
|
видеомате-риал(You Tube) бейне жазба оқулық 2- слайд
3-слайд
пышақ сіріңке бағдаршам сюжетті суреттер сандар 4- слайд
видеомате-риал(You Tube) 5- слайд
үлестірмелі кеспелер 6- слайд
мақал-мәтелдер 7- слайд
|
|||||
Соңы
5 минут |
Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі |
||||||
Үйге тапсырма: Оқулықтағы 52,53 бет түсініп оқу . | |||||||
Саралау –
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? «Қарқын» , «Диалог және қолдау көрсету» тәсілдері. Кейбір оқушылар тапсырма бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Қауіпсіздік ережелерін құрастырады. |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Әрбір тапсырма болған сайын мақтау,мадақтау, кері байланыс беріп отыру. Бір-бірін бағалау. Өзің-өзі бағалау.
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс
Топ ережесін сақтау, партада тік отыру, оқу құралдарын, қолдану нысандарын сақтықпен пайдалану. Қауіпсіздік ережесін қайталап отыру. |
|||||
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шараларытиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |