Оқушылардың шығармашылығын сын тұрғысынан ойлау арқылы арттыру

Атырау қаласы

 Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

 №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Асқарова Жұлдыз Мұфталқызы

 

Оқушылардың шығармашылығын сын тұрғысынан ойлау арқылы арттыру

Кіріспе

Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік;

Негізгі бөлім:

-Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырубойынша әдістер кешені;

-Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.

Қорытынды бөлім:

Ілгері білімнен игерілетін білімге;

 

        Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

-релеванттық ақпарат жинауды;

-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

     Сыни тұрғыдан «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.

XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.

    Мектеп қабырғасында өтіліп жатқан кез келген пән бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру маңызды.Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушылар белсенді болады, олар кез келген жағдайда дербес пікір білдіре алады,өзіндік тұжырымдама жасайды.Оқушылардың мағлұмат тұрғысында дербес пікір білдіруі өзін өзі тану пәнінде маңызды, себебі бұл пәннің негізгі мақсаты оқушылардың бойында адами қасиеттердің құндылығы туралы ұғымды қалыптастыру.Яғни өзін-өзі тану сабақтарында шәкірттеріміздің өз пікірлерін білдіруіне айрықша мүмкіншілік жасау қажет.Осы мақсатта мен өз тәжірибемде оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында сындарлы оқыту технологиясының келесі әдістерін қолданамын.

     «Шеңбер» әдісі- оқушыларды шеңбер түрінде отырғызып, ортаға талқылауға сұрақ тасталады.Сұрақ тұрғысында әрбір оқушының пікірін білу мақсатында шар немесе басқа да заттар қолданылады.Әр оқушы сұрақ тұрғысында пікірін білдірген соң, шарды басқа қатысушыға береді.Нәтижесінде әр оқушының дербес пікірі пайда болады.

«Жұлдыздар шоғыры» әдісі бойынша постер жасау-бұл әдіс топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.Топтарға жұлдыз жапсырмалар мен постер таратылады.Әрбір топ жұлдыздарға берілген тақырып бойынша пікірін жазып, шоғыр құрайды.Мысалы, 8-сыныпта «Адамгершілік-басты адами құндылық» тақырыбы бойынша өтілген тақырыптарда осы әдісті қолдануға болады.Сонымен қатар топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен өзара пікір алмасады, нәтижесінде әр оқушының тақырып тұрғысында дербес пікірі пайда болып, олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді.

    Тақырыптық постер жасау-бұл әдіс те топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.Оқушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сурет түрінде бейнелейді.Тапсырманы орындау барысында оқушылар өзара пікір алмасады, нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлауға талпынады.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда ақпараттық технологияларды қолдану да маңызды.Өзім сабақ беретін сыныптарда мен әр тақырып бойынша бейнебаянды көрсете отырып, олардың сыни тұрғыдан ойлануларына септігін тигіземін.Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуда берілетін сұрақтар маңызды.Мен оқушыларыма неге? ата? түсіндір? ойлан? бөліс? ұсын? сұрақтарын қою арқылы олардың дербес пікірін қалыптастыруға талпынамын.Мысалы, «Неге адамгершілік басты адами құндылық болып есептеледі? Кейіпкердің адамгершілік қасиеттері байқалған деректерді ата? және т.б.»Сонымен қатар бейнебаян көрсетілімінен соң,қайта бағыттау сұрақтарын қоюда маңызды.Бұл тұрғыда әр оқушыны сұрақ тұрғысында өзіндік пікірін білдіруге талпынады.Мысалы, «Қалай ойлайсыңдар,өмірде адамгершілік қасиетттер байқалатын қандай деректерді кездестіруге болады? Адамгершілік негізін қалай түсінесіңдер? және т.б.»

    Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың сабақ барысында релаксация кезеңін өткізуде маңызы зор.Мен өзін өзі тану сабақтарында шәкірттерімнің тақырыпты сезініп, тиянақтауын қамтамасыз етуде әр сабақ соңында баяу әуен қойып, тақырып тұрғысында ойлануларын қамтамасыз етемін.Әуен толқыны барысында оқушылардың тақырып жайлы ойлануы олардың сыни тұрғыдан ойлануына септігін тигізеді.

«Ұстаздың ұстаздығы білімділігі мен біліктілігінде»,-дегендей, білімнің асқар шыңына талпынған жастарға терең сапалы білімді беру үдерісі әрбір ұстаздан елеулі еңбекті талап етеді.Бұл өз кезегінде мұғалімнен сапалы әр нәтижелі оқытуды талап етеді.Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуға тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады.Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайға бейімделе алуына тығыз байланысты.Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейлерде тәуелді жағдайлар жасалынғанда ғана жүзеге асырылады.Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы мен оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.Сондықтан да сапалы оқытуды жүзеге асыруды, оқушыларының сыни тұрғыдан ойлануын мақсат еткен мұғалім өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары қажет.

      Жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруде ұстаздар қауымы білім беру үрдісінің нәтижелі болуы үшін жауапкершілікпен қарауы шарт. Қазіргі таңда сапалы білім беру-мұғалім бейнесімен танылатын сан түрлі элементтер арасындағы байланыс болып табылады. Сапалы білім беру оқушылардың ,қоршаған орта мен оқыту және білім беру мекемелерінің бірлігі ретінде де қарастырылады. Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты-ол, біздің тәуелсіздігіміз.Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Білім беру саласында қызмет атқарып жатқан әрбір ұстаз өз шәкіртінің білім көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлесін қосуға міндетті.

    Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл-
ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Осы орайда 2-сыныпта ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін.
Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.

     Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Қорытынды

    Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала анықтау керек.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.
Осыған орай оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оқушым Жолдасбек Маржанға және басқа да дарынды оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат дайындауды тапсырма етіп бердім. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз бетінше ізденіп, зерттей білді.

Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың мінеті.

 

Пайдаланылған әдебиет:

  1. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»(Алматы-2013);
  2. «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» (Алматы,2014)
  3. Назарбаев.Н.Ә.Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!Қазақстан халқына Жолдау-Егеменді Қазақстан,29 қаңтар 2011 жыл.

4.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.

5.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

6.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г

7.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева

8.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *