Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі

Пән: Математика

Сынып: 3-сынып

Сабақ тақырыбы Разрядтан екі  рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі
Ортақ тақырып Атақты тұлғалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: есептерді     шығару          әдісін түсіндіреді.

Көрнекті композиторлар туралы ақпаратты анықтайды,атайды.

Көптеген оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері l  Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

l  Көрнекті композиторлар туралы ақпаратты анықтайды,атайды.

Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: тыңдалым,айтылым,жазылым
Пәндік лексика және терминология

•          алгоритм:

Алгоритм математиканың негізгі ұғымдарының бірі.Ол ағылшынша algorithm ,algorismus –әл-Хорезмидің атынан шыққан. Нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) Қандай ретпен орындау қажет білдіреді.

Сөз тіркестері : Сандарды разрядка жікте, разрядтық қосылғыш,баған түрінде және бұрыштап жазу.Алынған нәтижені  толымсыз бөлінгіштен алып тастаймын

Құндылықтарды дарыту Топта бірін-бірі тыңдау,қолдау көрсетуге үйрету
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу, АКТ,музыка
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

 

10 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар келген қонақтармен амандасады және бір-біріне сәттілік тілейді.

Топтарға бөлу.Түрлі түсті стикерлер арқылы бөлінеді (3 топ)

Топ басшысын сайлайды.

Топ ережесін еске түсіреді.

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру(ұжыммен)

·         Белсендіру

Сұрақ менен,жауап сенен «Серпілген сауал» тәсілі.

1.      Санды бөлуді орындағанда «Бөлуді қандай разрядтан бастау керек?

2.      Егер бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса не істейміз?

3.      Алгоритм дегеніміз не?

4.      Өткен сабақта қандай атақты тұлғаларды білдік?

ҚБ. Отшашу,шапалақ,бас бармақ әдісі арқылы бағалау,мадақтау сөздер?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Күтілетін нәтижені анықтау

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

 

25 мин

-Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырманы 1 топқа бөліп беремін

Суретте берілген композиторлардың кім екенін табады және олар қандай шығармаларымен танымал болғандығын анықтайды.

1 топ: Мұқан Төлебаев

2 топ: Ахмет Жұбанов

3 топ: Шәмші Қалдаяқов

ҚБ.Бір-бірін бағалайды.

№2.Топпен жұмыс «Постер құру әдісі»

1 топ

Өрнектерді баған түрінде есептейді.Тексеруді орындайды. 324*3, 786/2

 

2 топ

Өрнектерді баған түрінде есептейді.Тексеруді орындайды.  252* 7 ,528/4

 

3 топ

Өрнектерді баған түрінде орындайды.Тексеруді орындайды.

155*5 , 531/9

 

Дескриптор

Берілген тапсырмаларды топта талқылай отырып шығарады.Өрнектерді баған түрінде және бұрыштап дұрыс жазады.Өрнектің мәнін табады.

ҚБ.Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп,бағалайды.Стикерге пікір жазады.

Сергіту сәті

«Ата-ананы тыңдаймыз»

Жұппен жұмыс.

Сен дүкенге келдің.Қандай заттарды және оларды қандай мөлшерде сатып ала аласың?Сұлба бойынша есеп құрастыр.

Болғаны-1000 тг.

Кітап

–           тг-ден          дана

 

Дәптер

–           тг-ден           дана

 

Қалғаны -? Теңге

Тапсырманы сағат тілі бойынша ауыстырады.Жұптар келесі жұптың тапсырмасын тексереді.

ҚБ.

Үй тапсырмасын беру.82 бет ,№5 есеп

 

 

Оқулық,дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчард, маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

Bilimlend.kz

https://www.opiq.kz/Kit/Details/21

 

 

Youtube.com

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы Рефлексия «Бағдаршам» әдісі

Қызыл көзі «Мен тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ»

Сары көзі «Көңіл-күйім жақсы,топтың көмегімен тапсырманы орындадым»

Жасыл көзі «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын;менің көңіл-күйім тамаша»

 

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін рақмет айтамын.

 

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *