«Көңілді пішіндер»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

МКҚК «Қошақан» балабақшасы

Тәрбиеші: Хасенова Винера Жалгасбековна

Білім беру саласы: «Таным»                                                                                                                                                        

Бөлімдер: «Қарапайым математикалық ұғымдарды  қалыптастыру»                                                                                                                                        

Тақырыбы: «Көңілді пішіндер»

Мақсаты: Білімділік: Әр түрлі – түсті , пішіндерді ажырата білуге,  үй құстарын танып біледі.

Дамытушылық:Сөйлеу арқылы тіл байлығын дамыту,қимыл- қозғалысын ырғақпен қозғалуды дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа, ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.

Күн: Мен күнмін, табиғатқа, адамға жылу беретін, балаларды қуантып күлдіретін.

Балалар кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, шуақты күн, қуанышты балалар, құрметті қонақтар!  Балалар бүгін бізге қонақтар келді. Ендеше қонақтар мен амандасып алайық.

(Балалар: Шаттық шеңберге тұрып айтады).

Балалар: Сәлеметсіздерме қонақтар, сәлеметсіз бе жарқын күн.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы нені көріп тұрмыз.

Балалар: Біз күнді көрміз

Тәрбиеші: Күн қайда болады? Күн бізге не сыйлайды?

Балалар: Күн аспанда болады. Күн бізге жылу сыйлайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше  күннен жылу алып, бір- бірімізге жылу сыйлайық! Балалар: (Шаттық шеңберді қимылмен көрсетіп  айтады.

Қуан шаттан  алақай,

Келді міне жарқын күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Күн: 

Қайырлы күн достарым,

Жарқын жүзім жадырап

Келіп қалдым ортаға

Қуантамын бәріңді!

-Балалар менімен серуенге шығасыңдар ма? Таза ауада, жап-жасыл орманда, қыдырып келейік.

Балалар: Иә, барамыз!

Жел:  (Желдің әуенімен кірді) Жел соғып кетеді. Жапырақтарды шашып тастайды.

Тәрбиеші: Балалалар бүгін біз күнмен бірге серуенге шығамыз деп едік, жел соғып ағаштың жапырақтарын шашып кетті.  Осы жапырақтарды жинап, мына себеттерге салып, жолды тазалап алайық.

-Балалар! Көріп тұрған себеттердің түсін атап өтейік, қандай түстерді көріп тұрсыңдар? Жапырақтардың түсі қандай?

Балалар:  Себеттердің түсі сары, қызыл, жасыл түстер. Жапырақтардың түсі сары, қызыл, жасыл түс болды.

Тәрбиеші:  Осы себеттерге  әр түсті жапырақты саламыз.Жарайсыңдар балалар!(Балалар әр түсті жапырақты өз себеттеріне салады).

Күн: Балалар, сендерге табиғатта серуендеген ұнай ма?

Балалар: Ия, ұнайды.

Тәрбиеші: Қараңдаршы, алдарымызда біз не көріп тұрмыз? Бұл өзен, өзеннен өту үшін бізге көпір қажет.

Көпір жасап алу үшін бізге шаршылар қажет екен

Балалар бұл қандай пішін? Түстері қандай?

Балалар: Шаршы,дөңгелек, үшбұрыш, түстері сары, қызыл, жасыл

Тәрбиеші:  Көпірді үлкен шаршыдан саламыз. Ендеше үлкен шаршыларды жинап әкеліп, мына өзеннің үстіне қоямыз.

Балалар: шаршыларды әкеліп көпір құрайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Өзеннің үстіне көпір жасап  өтіп кеттік.

Күн: Балалар, сендер білесіңдер ме табиғатта құстар, жан-жануарлар, аңдар бар екенін? Айналарына қараңдаршы?!

Ағаштың түбінде қоян отырады.

Тәрбиеші:  Балалар біз нені көріп тұрмыз?

Балалар: Қоянды көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: Қоян сен неге көңілсізсің?

Қоян: Мен өлеңді ұмытып қалып, айта алмай отырмын.

Тәрбиеші: Біз оған көмектесе аламыз ба, балалар? Балалар, сендер қоян туралы өлең білесіңдер ме?  Қоян бізбен бірге өлеңді қайталаса, есіне түсіріп, оның  көңіл күйі көтеріледі деп ойлаймын.

Балалар: Біз қоян туралы өлең білеміз!

Тәрбиеші: Ендеше, өлеңді бәріміз бірге  орындап береміз. Біздің балалар өлеңді күшті айтады.

Балалар:

( Қимылмен  көрсетеді әуенмен айтады)

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы- қырлы жерлермен

Ықтып- ықтып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!  Қоян көңілің  көтерілді ме?

Қоян: Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Мен қуанып қалдым. Жолдарыңыз болсын!

Тәрбиеші: Жолымызды жалғастырайық, балалар!

Күн: Балалар, мына үйшікте кім тұрады екен?!

Мен есік қағып сұрап көрейін, бұл үйде кім тұратынын білейік. – Тук-тук! Кім тұрады бұл үйде?

Әтеш: Мен тұрамын, Қо-Қо-Қо! Мен бірақ сыртқа шыға алмаймын, мен серуенге шығып едім, мені қасқыр қуып, қанатымды жұлып алды. Ку-ка- ре- ку, ку-ка-ре-ку

Тәрбиеші: Балалар әтешке көмек керек екен, көмектесеміз бе?  Ендеше мына жерде әтешке керек қанаттар бар, сол қанатты  қыстырғышпен тағып берейік

(Балалар әтеш суретіне қанатты қыстырғышпен тағады).

Тәрбиеші:  Әтешке көмек бергендерің дұрыс болды.  Балалар, құстар немен қоректенеді?

Балалар: Жем,тарымен қоректенеді.

Тәрбиеші: Міне, үстел үстінде  жем бар,  бірақ ас бұршағы араласып кетіпті. Соны бөлек ыдысқа салып қоямыз.

Балалар: Жарайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Күн: Алға қарай жүре берейік, табиғатта көп серуендеген бізге пайдалы. Балалар сендер сұлу, әдемі болып өсу үшін тамақты, дәруменді көп жеу керек және табиғатқа серуенге жиі шығып тұру керек.

(Аю ағаштан құлпынай теріп жүреді)

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, аю

Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?!

Аю: Не істеп жүрсіңдер орманда.

Күн: Менімен серуенге шықты. Табиғатта қыдырып жүрміз.

Тақтамен жұмыс: мнемокестемен сұрақ арқылы қортындылау.

Күн: Балалар, өзеннің үстінен өту үшін  біз не жасадық?

Балалар: Біз  өзеннің үстіне үлкен шаршыдан көпір жасап өттік.

Күн:  Біз қоянға не айтып бердік?

Балалар: Ұзын құлақ сұр қоян өлеңін айтып бердік.

Аю: Сендер әтешке көмектесті деп естідім. Сол рас па?

Балалар: Біз әтешке қанат жасап бердік.

Аю: Түстері қандай болды?

Балалар: Әтештің қанаттары сары, жасыл, қызыл,көк түстер болды.

Тәрбиеші: Біз не мен серуенге шықтық.

Балалар: Күн мен бірге серуенге шықтық.

Тәрбиеші: Балалар, күннің суретін салып беріңдерші.( Балалар күннің суретін салады).

Аю: Бәрекелді! Сендер сұрақтарыма жақсы жауап бердіңдер. Менің себетімде кәмпит бар, сендерге кәмпит берейін.

Күн: Балалар, сендермен  серуенге барғаныма қуанып тұрмын. Сендер бүгін білімдеріңді, тапқырлықтарыңды көрсете білдіңдер. Сонымен қатар суретті де жақсы салатындарыңды көрдім. Рахмет сендерге!  Күн бататын уақыт таяп келе жатыр,менің кетуім керек. Сау болыңыздар, балалар!

Тәрбиеші: Балалар, сендер оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар!

Орнымыздан  тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *