«Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығы неде?»
Ақмола облысы, Целиноград ауданы
МКҚК «Қошақан» балабақшасы
Ашық оқу қызметі
«Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығы неде?»
«Балақай» мектепалды даярлық тобы.
Тәрбиеші: Жумагамбетова Гульмира Кайруллиевна
Күні:
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: «Жаратылыстану».
Тақырыбы: «Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығы неде?» Мақсаты:
Білімділік: Балаларға табиғат туралы түсінік беру. Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық: Оларды ажырата білуге үйрету.Жанды және жансыз табиғат тіршілігі жайлы айту. Зейінді, қиялды ,кеңістік түсінікті , қолдардың ұсақ қол моторикаларын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған әлемді түсінуге оң көзқарастарын ояту, қамқорлыққа тәрбиелеу. Қоршаған әлемге қамқорлықпен қарау дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: Түрлі табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер,зерттеу жұмыстарына арналған құралдар.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,саяхат,әңгімелеу,зерттеу әдісі.
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Тәрбиеші:Балалар «сәлем сөздің анасы» қонақтармен амандасып алайық.Айналға қарап,табиғатты тамашалайық-бізді қандай сұлулық қоршаған. Қуанышты сезімімен, қоршаған әлемге алғыс білдірейік.
(Тылсым табиғаттың шуылы)әуенмен.
«Жарық берген,жылу берген,
Рахмет саған,күн көзі!
Таза ауа сыйлаған,
Рахмет саған, көк аспан!
Салқындығын сақтаған!
Рахмет саған,самал жел,
Рахмет саған,ағашым,
Маған әркез панасың!»
Ұйымдастырушылық – ізденушілік.
Тәрбиеші:
Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
– Әке, ана ата, әже
– Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
– Аспан, бұлт, ит,машина, ағаш, мысық, жер, қар).
– Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
Балалар:Табиғат.
Тәрбиеші: Балалар табиғат неше түрге бөлінеді?
Табиғат екіге бөлінеді: жанды табиғат және жансыз табиғат.
Табиғаттың бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады.
Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар,құстар,гүлдер,жәндіктер жатады. Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар – тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз табиғат.
Тәрбиеші: Олай болса балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «сиқырлы табиғат әлемін» тамашалаймыз.
(Бақылдаған бақаның дауысы,балалар назарын аудару)
(Бақа келеді)
Бақа:Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Балалар: Сәлеметсің бе,Бақа.
Тәрбиеші: Бақа неге көңілсізсің?
Бақа: (бақ,бақ деп секіріп жүреді) Маған сіздердің көмектеріңіз керек.
Мен өз мекенімнен адасып қалдым .(жыламсырайды)
Тәрбиеші: Бақа сен қайда мекендейсің?Балаларға айтып берсең, олар саған суреттеп береді. Балалар бақаға көмектесеміз бе? Олай болса, алдарыңдағы атрибуттармен бақаның мекенін суреттеп берейік.
Бақа: Мен жайқалған жасыл желегі ,айналасы гүлге оранған көлде мекендеймін.Жан-жағында жеміс ағаштары,онда алмұрт пен алма өсіп тұрған.Жайқалған әртүрлі гүлдерге қонған, ызыңдаған араның дауысы , салқын көлде жүзіп жүреген үйректер және достарымды сағындым.Құлпынайлар пісіп тұрған.Көлде су патшайымы Лилия гүлдеріде бар еді. Бәрін де сағындым.Ағаштарда құрттар өрмелеп жүретін.
(баяу әуен орындалады)
(Балаларға А3форматта жасырын суреттер сұлбасы таратылады.Балалар «сиқырлы табиғат әлемін суреттеп,шығармашылықпен айналысады)
Бақа:(қуанышты жүзбен секіріп, секіріп балалардың суреттерін тамашалайды) Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші:Балалар бақаға салған суреттеріңді әңгімелеп берейік.Кәне, кім әңгімелеп береді?
Қуантай Інжу:
Бақа:Жарайсыңдар балалар мына суретте менің достарымда ,арада,үйректе,құрттар да бар екен.Кәне,барлығы түгел ме екен?Санап беріңдерші.
Тәрбиеші:Ал енді Балалар осы «сиқырлы табиғат әлеміндегі» жанды табиғаттағы бақаның достарын түгендеп берейікші.
Мысалы:3 бақа+2 ара =5 жанды табиғат.
5алмұрт+5 алма =10
2құлпынай+5 гүл = 7
2 ара+3құрт =5
Бақа: Балалар достарымды қатты сағындым,кәне, бәріміз қосылып араны шақырайықшы ,ара сияқты дыбыстайық ыз-ыз-ыз-ыз қаттырақ айтайық естімей қалған шығар.ыз-ыз-ыз-ыз.(бәрі бірге)
Тіл ұстарту жаттығуы: ыз-ыз-ыз…
(әуенмен ара ызыңдап ұшып келеді)
Ара:сәлеметсіңдер ме?
Балалар мен бақа: Сәлеметсің бе? Ара
Ара :бақа достым, сен қайда кетіп қалдың,сені біз көп күттік.
Бақа: Мен өз мекенімізден адасып қалдым.Балақай тобының балалары шығармашылықпен жақсы айналысады екен,менің айтуыммен сиқырлы табиғат әлеміндегі»біздің көлді мекенді суреттеп берді және өте шапшаң, есепке де жүйрік екен.
Ара:Солай ма,кәне, біздің достарымыздың аттарын атап,буынға бөліңдерші.
Тәрбиеші: Балалар суреттегі жанды табиғат түрлерін атап,буынға бөлейік.
Бақа 2 буынды. 4 дыбыстан,2 дауысты,2 дауыссыз дыбыстан тұрады.
Үйрек 2 буынды. 5 дыбыстан,2 дауысты,3 дауыссыз дыбыстан тұрады.
Ара 2буынды.3дыбыстан,екі дауысты,1дауыссыз дыбыстан.
Құлпынай 3буынды.8дыбыстан,3дауысты,5 дауыссыз дыбыстан.
Бұғы 2 буынды,4 дыбыстан,2 дауысты,2дауыссыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар.Олай болса осы ормандағы бұғының үйін әнге қосып бой жазып алайық.
«Бұғының үйі»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Бақаға өз мекенін табуға,достарымен кездесуге көмектестіңдер.Ал, енді осы «сиқырлы табиғат әлеміндегі» жансыз табиғат құпияларын ашу үшін , «зерттеуші» болғыларың келе ме?
Балалар: Иә, әрине.
Тәрбиеші: Бақа ,Ара сендер де бізбен бірге жүріңдер.Біздің зерттеуші бүлдіршіндеріміздің, құммен жасаған зерттеу жұмыстарын тамашалайсыңдар.Біз «Құм патшалығына барамыз.
Бақа:Жо,жоқ мен бара алмаймын.Мен өз мекенімде,салқын самал көлімде ғана өмір сүре аламын.
Ара:Ол жақта менің жұпар иісі аңқыған түрлі-түсті гүлдерім бар ма?
Тәрбиеші: Ол жерде шөлге төзімді жануарлар ғана мекендейді.мысалы: түйе. кесіртке,құрт т.б
Ал өсімдіктерден сексеул деген шөп өседі.Солай ма?балалар.
Балалар: Иә. «Құм патшалығында қызыл жасылды гүлдер өспейді.
Ара: Олай болса, менде бара алмаймын.
Бақа:Балалар менде көлден алып шыққан «Сиқырлы су лилиясы»атты гүлім бар.Сендерге керек болып қалар,ол көлдегі бар ылғалды бойына сіңіріп өседі.Құм патшалығына осы «Су лилиясымен»барыңдар.Сәт сапар!
Бақа мен Ара: Балалар қош сау болыңдар!Жолдарың болсын!
Тәрбиеші:Балалар «құм патшалығына» бақа сыйлаған « сиқырлы су Лилиясымен» барамыз.
(әуен орындалады)
Құм еліне кіру үшін,құммен жұмыс жасамай тұрып, қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.
Зертханаға келу.
Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз.
Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нәрсеге тиіспейміз, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз.
Құмды шашпау.
Лақтыруға болмайды
Құмды басқа жерге тастауға болмайды.
Балалар құмзарға жақындайық, ыңғайлы тұрыңдар.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер зерттеуші боласыңдар.Құм-жансыз табиғат. сендермен құмның қасиетін зерттейміз.
№1 зерттеу жұмысы.
Ыдыстағы құмды түтікше арқылы үрлейміз.желдің әсерімен жылжып төбешіктерге айналады .
Енді ылғалды құмды байқайық,құмды үрлеп көрейік үрленбейді.
№2 зерттеу жұмысы.
Жақын көрсететін шынымен (лупа)қарап құмның пішіндерін анықтайық.
Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.құмның түсі қандай? Сары,ақшыл ,ал ылғалды құм қара түсті.
№3 зерттеу жұмысы.
Балалар магнитке не жабысады? Темір.
Енді құмға магнит салып байқап көрейік. Әсер етеді өйткені, құмда темір қалдықтары бар екен.
№4 зерттеу жұмысы.
Енді стакандағы суға «воронкамен» құм салайық,не байқадық тесіктен өтіп кетті су сияқты иә. Яғни, құм сусымалы және ол суға батып кетті ,ол ауыр екенін байқадық. Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.құмның түсі қандай? Сары, ақшыл, ал ылғалды құм қара түсті.
Ал құмды не үшін пайдалануға болады? Құрылыста,ыдыс жасағанда.
Тәрбиеші: Балалар сендер «зерттеуші» болдындар, енді суретші боламыз. Бүгінгі жанды және жансыз табиғаттан алған әсерлеріңді құмзарда суреттеңдер. Алдымен құммен амандасып алайық.
Балалар: «Сәлеметсіңбе құм!» жаттығуы. Саусақтармен, алақандармен құмды жайып, іздер салу.(балалар өз құмзарларына барады)
(баяу әуен орындалып тұрады)
Қорытынды: (Тілшімен сұқбат)
Тілші: Сәлеметсіздер ме? Мен «Балапан» теле арнасынан Балақай тобында «Ашық есік» күні болып жатыр деп естіп келдім.«Сиқырлы табиғат әлемінде» саяхатта жүр екенсіздер.Сиқырлы табиғат әлемінен қандай әсер алдыңыздар?жанды табиғат әлемінен не көрдіңдер?Баяндап бересіңдер ме?
Балалар :Гүлдер,ағаштар,жапырақтар,жануарлар,жәндіктертерді көрдік.Бақа мен Ара келді.Бақа өз мекенінен адасып қалыпты.
Тілші:Солай ма? Бақаға қалай көмектестіңдер?
Балалар:Біз бақаның мекендейтін көлін суреттеп,достарын тауып,түгендеп бердік.
Тілші:Балалар жансыз табиғат әлемінде зертханада нені зерттедіңдер?
Балалар:Құмның қасиетін,құрамын көзбен көріп,қолымызбен ұстап көрдік.
Тілші: Құмзардағы суреттеріңізде тамаша екен?
Балалар:Мен күнді ,көбелекті,тауды,бұлтты,гүлді,ағашты… салдым.
Тілші:Қонақтар сіздер бүгінгі саяхатқа куә болып отырсыздар,
«Сиқырлы табиғат әлемінен» қандай әсер алдыңыздар?
Ата-ана: Білімді,ақылды,өнерлі екен.
Тілші:Тамаша. «Балақай» тобының балалары білімді, жан-жақты екен.
Тәрбиеші:Иә.біздің балалар білімді,өнерлі.балалар осы бізді қоршаған сиқырлы табиғатты аялауға,қорғауға ант етейік.
Ант қабылдау
Балалар:
Табиғатты қорғауға,
Өсімдікті жұлмауға.
Ант етеміз!
Құстарды атпауға,
Балапанын сақтауға
Ант етеміз!
Бағалау: Жасыл желектің суреті салынған төсбелгімен марапатталады.
Тілші :Қош сау болыңдар балалар!
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі сиқырлы табиғат әлеміне саяхатымыз сәтті өтті.Оқу қызметіміз ұнады ма?Ал енді балалар «сиқырлы су лилиясымен» балабақшамызға қайтайық.