«Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Ақсерек, көксерек» ойынын сергіту сәтіне пайдаланудың тиімділігі қандай?»

Қазіргі таңда қандай пәннен болсын, сергіту сәтін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері көптеп кезедеседі. Тіпті сан мыңдаған түрлері де кезедеседі. Оның ішінде АКТ құралдарын пайдаланып өткізілетін өте көңілді түрлері мен ойын арқылы ұйымдастырылатын сергіту сәттері баршылық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпы халықтық болғанымен, бағдарламаның кішкентай бөліктері әр адамның жүрегінде орын алып, іске асырылып келеді. Соның айқын дәлелі, өзім сабақ беретін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен «Ақсерек, көксерек» ойынын сергіту сәтіне жиі ойнап отырамыз. Бұл ойын ерте кезден қазақ халқының балалар арасында ойнатылатын жазғы маусымдық қызықты ойын. Бұл ойын туралы тарихшылар мен зерттеушілер деректер қалдырған. Рухымызды жаңғырту және осы қазақ дәстүрімен оқушыларды таныстыра отырып, сабақтың сергіту сәтінде тиімді қолдану.

Өзге ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бастауыш сыныптарда  оның ішінде 3-сынып оқушыларына сабақ барысында сергіту сәтіне «Ақсерек, көксерек» ойынын ойнауды сәтті пайдаланып келемін. Бұл соңғы жылдарға дейін балалар арасында кең тараған ойын түрі. Әсіресе, жазғы маусымда балалар аулада немесе ашық алаңқайда жиналған балалар, екі топқа бөлініп, шеп құрады. Яғни қолдарынан ұстасып, үзілместей шеп жасап тізіледі.

 

(суреттер yandex.kz  сайтынан алынды)

 

Ақсерек, көксерек

Бізден сізге кім керек? – деп айқайлайды.

 

Қарсы топтан қалаған баланы шақырады ол бала, осы топтың шебін бұзып өтуге тиіс. Дәл осы ойында өзім сабақ беретін сыныптарға қолданудамын.

Бір ескеретіні ойынды түрлендіруге тура келді. Сынып ішінде 12 оқушыны екі топқа бөле отырып кейде орындарынан тұрғызып, кейде отырғызып ойнатамын.

 

Мақсаты: «Ақсерек, көксерек» ойынын жаңғырту арқылы, сергіту сәтін сабақ мақсатына пайдалану.

Міндеттері:

  • Ойнау арқылы ойлауға баулу;
  • Оқушылардың ынтымақтастық қасиеттерін қалыптастыру;
  • «Ақсерек, көксерек» ойынын жаңғырту, оқушылар арасында насихаттау.
  • Топ мүшелерін өзгертуге мүмкіндік жасау.

 

Тәжірибеде қолданылуы: Әр топ өзінің топ мүшелерін көбейту үшін қарсы топқа сұрақ қояды, жауап бере алмаса, өздерінің топтарына адам қосады.  Осылайша, қарсы топттың адам санын азайтып, өз тобының адам санын көбейту көзделеді.

Оқушылар арасында қызығушылықпен бірге, жеңуге деген құлшыныс та артады. Келесі топты көз алдарында жеңу үшін ойын талаптарымен келіседі. Оқушылардың бұл ынталары мен үшін өткен сабақты қайталату және қазақ тілінде сөйлесім әрекетін дамытуда өте пайдалы.

Әр адамға өз ана тілінен басқа тілді үйрену және өмірде қолдану үшін сол тілде сөйлейтін орта керек.  Тілдік орта біз үшін өте қажет. Себебі, орыс тілді аудиторияға берілген 3-сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 3 сағаты айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларының мақсаттарын орындауға арналған. Осы орайда мұғалім ретінде сергіту сәтін пайдалы өткізіп отырған жоғардағы аталған ойынды педагогикалық идея ретінде ұсынамын.

Сергіту сәтіне 2 минут берілсе, 2 минуттың ішінде оқушылар жаттаған 5-6 сұрақтарын қойып үлгереді.

Мысалы:   

Бірінші топ былай айтады:  

Ақсерек, көксерек,

Біздің топтан кім керек?

 

Екінші топ, сіздің топтан Арина керек дейді. Бірінші топ Аринаға «Жаз айлары қандай?» – деген сұрақ қояды. Егер жауап бере алмаса, Арина бірінші топқа қосылады. Осылайша, ойын жалғасып, берілген уақыт біткенде жеңімпаз топты анықтаймыз. Ойнаймыз, ойлаймыз.

Қорытындысында, өз тәжірибем көрсеткендей, төмендегі нәтижеге жетуге болады.

  • Өткен тақырыптарды қайталайды;
  • Қимылдап, қозғалады;
  • Топтасады;
  • Ұлттық ойынды біледі;
  • Топ мүшелерін алмастырып, көбейте алады;
  • Көңіл күйлері көтеріледі.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *