Адам қалай есейеді?

Сабақ: Адам қалай есейеді? Мектеп:№17 «Түркістан» ЖОМ КММ
Күні: Мұғалімнің аты жөні: Караева Гулия Омирзаховна
Сынып: 1 Қатысқандар: Сынып:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Барлық оқушылар орындай алады: Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және сипаттайды. Сәби, бүлдіршін және оқушыға қажетті заттарды ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жастық шақ, кемелдену кезеңі, қарттық шақты бір-бірінен ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: адам жасына қарай қимыл іс-әрекеттерін көрсете алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ кезеңдерін ажырата алады, ерекшеліктерін түсінеді, сөздерде қолдана алады,
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: сәби, жасөспірімдік кезең, кемелдену кезеңі, балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ.
Сыныптағы диалог (жазылым үшін) сай келеді:
Талқылауға арналған сұрақтар:

– Сәби деп кімді атаймыз?

– Жасөспірімдік кезең неше жастан басталады?

– Кемелдену кезеңі деп қай кезеңді айтамыз?

– Балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақтардың бір-бірінен айырмашылығы неде деп ойлайсың?

Бағалау критерилері Адам өмірінің кезеңдерін сипаттай алады.

Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атай алады.

Құндылықтар Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Пән аралық байланыс Сауат ашу, көркем еңбек,дене шынықтыру.
Алдыңғы оқу: Адамның есейетіндігін біледі.
                                                           Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

1 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқулық пен жұмыс дәптерін және сабаққа керекті құралдарын түгелдету.

 
2 минут 2.Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.

Біз бақытты балдырған

Достығымыз жарасқан.

Жаратылыстану еліне

Батыл қадам жасаған.

 
2 минут

 

3. «Мозайка» әдісі.

Суреттерді құрастыру арқылы, «Балалық шақ», «Жастық шақ», «Қарттық шақ»  деп үш топқа біріктіремін. Осы сөздерге назар аударта отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын.

Мақсат: Өзінің қалай өсіп, дамығаның туралы білетін болады.Адам өмірінің кезеңдерімен танысады.

Суретті

парақшалар

Ортасы

5 минут

Кіріспе:

Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? сұрағын қою арқылы, (інісінің немесе қарындасының) жасын нақтылатамын. Сәбиді сипаттауын,  не істей алатынын сұраймын. Оның дүниеге келген күнінен бастап отбасында қандай өзгерістер болғанын сұраймын.

Ширату жаттығуы. «Сен қалай өстің?» суретіне назар аударта отырып, сұрақтар қоямын.

–          Жаңа туған сәби қандай болады?

–          Қалай ойлайсың, ол не істей алады?

–          Бала уақыт өтісімен қалай өзгереді? Ол не істеуді үйренді?

–          Үшінші суретті екінші суретпен салыстырыңыз. Сәбиде қандай өзгеріс болды? Қазір не істей алады?

–          Соңғы суреттегі бала нешеде деп ойлайсың?

Сұрақтарға жауап ала отырып, адам өмірі көптеген кезеңдерден тұратынын,сол туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат беремін.

Бейнеролик көрсету.

«Адам өмірінің кезеңдері» туралы видеоны оқушыларға көрсетемін.

«Бірге ойлаймыз» әдісі

– Жаңа туған сәби қандай болады?

– Мектеп жасындағы бала мен сәбидің айырмашылығы қандай?

– Кемелдену кезеңін әңгімелеп бер.

Мақсаты: адам өмірінің бірінші кезеңімен танысады.

 

Оқулық

 

 

 

 

«Сен қалай өстің?» суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик

Дискриптор: Адам өмірінің бірінші кезеңі-«балалық шақ» екенін біледі.
5 минут Тәжірибелік  жұмыс ұйымдастыру. Топтық жұмыс.

«Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?»Мынадай сұрақтар қоямын:

Сәби қалай тамақтанады?

Оған не беру керек?

Қандай ойыншықтар керек?

Әр топқа тамақтануға арналған бөтелке, емізік, сылдырмақ, текше, қуыршақ, ойыншық машина, картон, оқулық, қаламсауыт, дәптер суреттерін  үлестіру. Заттарды әр кезеңнің қажеттілігіне байланысты бөлуді ұсынамын. Әр топ алған заттарын­ өмірінің кезеңдеріндегі қажеттілігіне байланысты­ төрт топқа бөліп, таң­дауының себебін түсіндіруін сұраймын.

Жауабы:

Сәбилік шақ: тамақтандыратын бөтелке, сыл­дырмақ ойыншық.

Ерте балалық шақ: текше.

Мектепке дейінгі кезең: ойыншықмашина, қуыршақ

Оқушы: портфель кітап.

Тағы қандай заттар қосуға болады?

Мақсат:Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Оқулық

 

Үлестірме парақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заттардың суреті

 

 

Дискрептор: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды
  «Ойлан!» әдісі арқылы сұрақ – жауап

-Бала сәби шақтан бірден оқушы бола ма? сұрағы арқылы өмірдің әрбір сатысы маңызды екенін түсінеді.

 
5 минут Есею кезеңдері

Жұптық жұмыс. Суреттерді салыстыр.

-Адам бірден қартая ма?

-Адамның жасы ұлғайған сайын бойы қалай өзгереді?

Ойлан! Адам неліктен өседі және дамиды?

Мақсат: Жас ерекшеліктерін түсіндіру,

адам өмірінің кезеңдерін сипаттау

Нәрестелік кезеңнен бастап қарттық кезеңге

дейінгі суреттер

 

Дискрептор: адамның өсу кезеңдерін түсініп, адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыстырады;
 
Есте сақта!

Бала сәбилік, бала шақта және жасөспірімдік шақта тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.

 

 

 

 

 

 

 

Жазылым

5 минут

Жұмыс дәптері

1.      Мен қалай өстім?

Сәби, бүлдіршін, оқушы.

Баланың өсу кезеңдеріне сәйкес келетін заттарды біріктіру. Бір заттың бірнеше кезеңге сәйкес келетініне назар аударту.

Суреттерді бояу.

2.Адам қалай есейеді?

Отбасыңда қанша адам бар? Олардың жастары нешеде? Кестеге олардың аттарын жаз.

Сәбилік кезең Балалқ шақ Жастық шақ Кемелдену кезеңі Қарттық шақ
         
         
         

Мақсат:

1.Суреттерді боята отырып, заттардың сәйкес кезеңге бөлдіру.

2. Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктерін ажырату.

 

20-жұмыс парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

21-жұмыс парағы

 

 

 

 

 

Дискрептор 1.Суреттегі заттарды сәйкес кезеңдерге бөле алады.

2.Оқушылар кестедегі бағандарға өздерінің отбасы мүшелерін өмір кезеңіне сәйкес орналастыра алады.

Сергіту сәті

2 минут

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліпөмірсүрейік!

 
5 минут Зерттейік.

Оқушылар жұмысты топпен жалғас­тырады. Зерттеу бірнеше кезеңде өтеді.

Нұсқау

1-кезең. Бастапқыда өзім сұрақ қоямын, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа атасын немесе әжесін қосуға болады.

Сұрақтар:

— Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?

— Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

— Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме?

2-кезең.

Қандайда бір іс-әрекетті балалардың жақсы орындай алатынын, керісінше атасы мен әжесі орындай алмайтынын саралатамын. Оқушылардан өз қорытындыларын түсіндіруді сұраймын. Ата-әжелерге не жетіспейді? (Күш, денсаулық, белсенділік). Ата –әжелер нені жақсы атқарады?        (Ақыл айту, үйрену, өмірдің қиын жағдайында көмек беру). Неге? (Олардың өмірлік тәжірибесі мол).

3-кезең. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген мақалды қалай түсінетіндігін сұраймын.

Қартайған адамдарды тыңдауға бола ма?

Олар құрметке лайық па?

 

-Сен қандай іс-әрекеттерді қиналмай істей аласың? –Ал қарт адамдар оларды қиналмай істей ала ма?

Ой түйін: Балалық шақта адам жылдам, жеңіл қимылдайды. Атасы мен немересі. Оқушылар бір түспен атасы немесе немересі орындай алатын іс-әрекетті бояйды. Тапсырманы мұқият және қатесіз орындаған оқушыны мақтап отырамын.

Жауабы:

Немересі: жүгіру, секіру, велосипед тебу, ағашқа өрмелеу.

Атасы: оқу, ертегі айту, жазу, табыс табу, естелік айту.

Мақсат: Адам өмірінің кезеңдерін анықтап, атау. Адамның есеюі арқылы өзгеретінін білдіру, салыстыру. Өмір кезеңдерін сәйкестендіру.

 
дискрептор Адам өмірінің кезеңдерін анықтап, атай алады. Адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыстырады.
дискриптор Сандарды салыстыра білу дағдысы дамиды.  
Соңы

3 минут

Адам өмірінің кезеңдерін өсу ретімен белгілеп (цифрмен) көрсетіңіз.

Жұптық жұмыс.

Кішкентай кезіңізден есіңізде қалған оқиғаны баяндап беріңіз.

1.      -Мен кішкентайкезімде …..

 

Суреттер

Рефлекция

 

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ салынған суреттер  арқылы бағалау.  
Қосымша мәліметтер: «Адам өмірінің кезеңдері» туралы видео

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? ·         «Бірге ойлаймыз» әдісі

Мақсаты: адам өмірінің бірінші кезеңімен танысады.

 

·         Тәжірибелік  жұмыс «Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?»

Мақсат: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

 

·         Есею кезеңдері. Жұптық жұмыс.

Мақсат: Жас ерекшеліктерін түсіндіру,адам өмірінің кезеңдерін сипаттау

 

·         Дәптермен жұмыс:

1.Мен қалай өстім? Суреттерді бояу.

2.Адам қалай есейеді? Кестені толтыру.

Мақсат:

1.Суреттерді боята отырып, заттардың сәйкес кезеңге бөлдіру.

2. Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктерін ажырату.

 

·         Зерттейік.

Мақсат: Адам өмірінің кезеңдерін анықтап, атау. Адамның есеюі арқылы өзгеретінін білдіру, салыстыру. Өмір кезеңдерін сәйкестендіру.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? §  Критериалды бағалаудың «қалыптастырушы бағалау» түрі.

«Бағдаршам» әдісі

 

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік.     Сауат ашу, көркем еңбек

 

Сызғыш пен қаламмен жұмыс жасағанда сақ болуға.

Рефлексия Қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда мақсат қою тәсілдерін түсіне бастадым. Мен жоспардаталқылауға арналған тармақтардан ауытқулар жасадым және оны тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында сұрақтар жолдарын қарастыру керек екенін түсіндім. Жоспарыма әрбір тапсырмаға жеке саралаужасауды үйреніп, өзгерістер енгіздім.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *