«Аңдар акробатикасы» (аңдардың қимыл-қозғалыстары)

Ересек   тобының балаларына ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің

Технологиялық картасы

Күні: ____________________   Наурыз

Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімі:Дене шынықтыру

Тақырыбы: Аңдар акробатикасы (аңдардың қимыл-қозғалыстары).

Мақсаты:Білімділік:Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету.

Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың қимыл іс – әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауғатәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ойын, бейнетаспа аңдар туралы, суреттер, орман суреті.

Қолданылтын құрал-жабдықтар: гимнастикалық  таяқшалар, массажға арналған жолдар, ысқырық, бейне таспа

Іс-қызметі кезеңдері  

 

Педагогтің іс-қызметі

 

 

Балалардың іс-қызметі

Мотивациялық-

қозғаушылық

Сапқа тұрғызу.

Амандасу

Шеңбер бойы түрлі әдіспен жүру.

Аяқ  ұшымен, өкшемен, қайшылап

Жүгіру оң және сол жақ қырымен секіру,

Тізені көтеріп секіру.

Массажға арналған  жолдармен жүру.

Жай  жүріп бірнеше тізбекке

бөлініп тұру.

Сапқа тұру

 

Арқаны түзу ұстап,

басты тік көтеріп, қолды

белге қойып жүру

 

Залға аю мен қоян кіреді.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме аю мен қоян.

Аю: Қыс бойы жататын.

        Тәтті ұйқыға бататын

        Мен боламын аң аю! Сәлеметсіздер ме апайлар, сәлеметсіңдер ме балалар!

Қоян: Құлағым ұзын

Түсім сұрғылт

Қорқақтаймын бәрінен

Мен боламын сұр қоян! Сәлеметсіздер ме апайлар, сәлеметсіңдер ме балалар!

 

 

Аю: Армысыңдар балалар! Мен сендерге ормандағы аңдардың жазып жіберген

хатын алып келдім.

Мұғалім: Мен аңдар патшасы арыстан сендерге тапсырма беріп жібердім аю мен қояннан:

Менің ормандағы аңдарыма тапсырманы орындауға көмектесіп жіберңдер.

-Балалар аңдарға көмектесеміз бе?

-Ендеше тапсырманы оқимын,мұқият

тыңдар

Аңдардың бірінші сұрағы:

1-тапсырма: Балалар аю туралы сергіту ойынын Іс-қимылмен көрсетіп беріңдер

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма: Балалар қоян  туралы сергіту ойынын Іс-қимылмен көрсетіп беріңдер

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар балалар қандай тамаша, алғыр, білімді балаларсыңдар,рахмет сендерге.

 

 

 

Сәлеметсіздер ме.

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә, көмектесеміз

 

 

 

 

Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда?

 

Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды

Ойлы, қырлы жерлермен, ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, көжегі екен өзінің.

 

   

Аю: қоян екеуіміздің де сендерге арналған тапсырмаларымыз бар, орындап бересіңдер ме?

 

 

 

Иә, орындаймыз

Ұйымдастырушылық-ізденістік ЖДЖ (заттарсыз орындалатын жалпы дамытатын жаттығулары):

 

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

1.Аңдардың  қимыл-қозғалыстары

Ит, мысық, қаз, піл, итбалық, атбалық, өрмекші, бақа  жүрістерін орындау.

2.Аңдардың  достығы  жаттығуларын орындау. Үш ит арқасында қолтырауынды тасымалдайды,

Ит пен  итбалықтың  жүрістері

3. Заттардың  қозғалыстарын  көрсету команда мен орындайтын жаттығулар

Бөрененің  домалауы.

 

Ойын:«Өрмекшілер футболы» қимылды ойыны.

 

Денелерін, қол аяқтарын дұрыс қойып, айтылған жануарлар,аңдар,жәндіктердің  қимылдарын орындау.

 

 

Жаттығуларды жұптасып үйлесімді орындау

 

Ойынды ережесімен

ойнау

 

Рефлексивті-түзетушілік Сапқа тұру

Тынысты ретке келтіру

Сабақ  қорытындысы

Қоштасып, топқа шығарып салу.

 

Демдерін  қалпына

келтіретін жаттығуды

бірге қайталап  жасау.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Аңдардың  қимыл-қозғалыстарын

Игереді: Жалпы дамыту жаттығуларын орындауды , ойын ережесімен ойнауды.

Меңгереді: Топпен  жаттығуды  үйлесімді жасауды

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *