Ел қорғауға әзірміз

Білім беру саласы: “Қатынас”
Бөлімі: Вариативтік компонент
Тақырыбы: ” Ел қорғауға әзірміз” М.Әлімбаев.
Мақсаты: Өлең жаттау арқылы есте сақтау қабілеті мен шығармашылық қиялдарын дамыту, табиғатты аялап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылауға, оларды әңгімелеуге тәрбиелеу. Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын бақылауға, оларды әңгімелеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырып бойынша суреттер.
Құрал-жабдықтар: Сандық.
Сөздік жұмыс: Жеңіс, әзірміз
Алдын-ала жұмыс: Үнтаспадан ертегі тыңдау.
Билингвалдық компонент: мереке-праздник.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
-Балалар, сәлеметсіңдер ме? (амандасып алады)
-Сәлеметсіз бе.
-Балалар, қараңдаршы біздің топқа мына бір сиқырлы сандықты қойып кетіпті.
Балалар сандыққа мұқият қарап, ішінде не болуы мүмкін деп өз ойларын айтады.
-Балалар, бұл жай сандық емес, сиқырлы сандық сияқты.
-Қараңдар, сандықтың астында хат бар екен. Қәне оқып көрейік. Құрметті бүлдіршіндер! Мына сандықты сендерге сыйлыққа әкеліп тастап кеттім, бірақ оны ашу үшін бірнеше тапсырмаларды орындау керек.
-Ал балалар, орындап көреміз ба тапсырмаларды?
-Иә, орындаймыз.
1-тапсырма сұрақтар екен.
-Мамыр айында қандай мерекелер бар?
-Мамыр айында Ұлы жеңіс мерекесі бар.
-Ол мереке несімен ерекше?
-Бұл еркісілердің, яғни ата,әке,ағаларымыздың мерекесі. Біздің ата-бабаларымыз 9-мамыр күні бізге жеңіс сыйлаған. Ол жеңіс аталарымыздың айтуы бойынша оңай келмеген.
-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді осы мерекеге арналған өлең-шумақтарың бар болса, айтып бересіңдер ме?
-Иә, біз бұл мерекеге баланысты көптеген өлең-шумақтарын жаттадық-деп әр бала өзінің жаттағандарын айтып береді.
2-тапсырма.
-Балалар, мен сендерге осы мерекеге арналған “Ел қорғауға әзірміз” атты М.Әлімбаевтың өлең-шумақтарын оқып берейін, сендер де қайталап жаттауға тырысыңдар.
Қайталап, жаттауға ынталанады.
-Енді балалар, ең соңғы тапсырма қалды, соны орындамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
-Оңға қара, солға қара,
Жан-жағында толған ара.
Олай бұғып, былай бұғып,
Өзіңді-өзің қорға бала.
Билингвалдық компонент: мереке-праздник
-Балалар қайталап, жаттауға ынталанады.
3-тапсырма.
-“Мен өскенде кім болам” деген сұраққа өз ойларымызды айта кетейікші, балалар?
-Дәрігер болам, мұғалім болам, ұшқыш болам деп әрқайсысы айтып өтеді.
Қорытынды:
Сұрақ- жауап арқылы балалардың білімдерін бекіту. Белсенді балаларды мадақтау.Баяу балаларды ынталандыру.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *