Түстерді танып білу

Сейдалиева Гулнара Абилдаевна

Шымкент қаласы

ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ

Мұғалім- дефектолог

 

Сабақтың тақырыбы: Түстерді танып білу.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Балаларды түстермен таныстырып,  негізгі түсті топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк.

Б) Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, зейінің, түстерді қабылдап және түс туралы түсініктерді жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілетін, ойын арқылы саусақ қол моторикасын дамыту.

В)Тәрбиелік: Оқушылырды ұқыптылыққа, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Түстер туралы плакаттар, суреттер, түрлі-түсті шарлар, таспалар әр түсті, әр түсті пішіндер, боялған асық.

Сабақ әдісі: Қызыгушылығын ояту, ойын.

Сабақ барысы: Біз бүгін түстермен танысамыз, яғни ақ, қызыл, сары және көк түстермен танысамыз. Бұл төрт түрлі түс күнделікті өмірде өте көп кездеседі. Бұл түстерді атап айыра білуіміз керек. Бұл түстер мысалыға қызыл көйлек, көк алма, сары жапырақ деген сияқты атауларда кездеседі. Түрлі дидактикалық ойындар арқылы түстердің айырмашылығын, ерекшелігін ажырата білуге үйретеміз.

№1 Ойын.  Қызыл, сары, көк, ақ шарларды үрлеп таспаға  ( лента ) байлау. Әртүрлі шарға өзіне түстес таспаны байлау керек.

– Қане, балалар біз енді әр шарға өзіне түстес таспаны байлауымыз керек.

№2 Ойын: Асық ойыны.

Балалар енді екінші ойынымыз міне, боялған асықтар: қызыл, жасыл, ақ, сары. Осы боялған асықтарды түсіне қарай ажырата тізуіміз керек. Араластырылған асықтарды қорапшадан алып түс-түсіне қарай тізіп қоямыз.

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұралық,

Алақанды ұралық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір демалып алайық.

№3 Ойын.

Ал енді, балалар үшінші ойынымыз төрт түрлі таспаны төрт түрлі таяқшаға орауымыз керек. Бұл жерде балалар жылдамдықпен ептілік өте қажет.

№4. Ойын.

– Балалар енді төртінші ойынымыз төрт түсті түрлі пішіндер салынған қорапшаға саламыз.

– Міне мынау төрт түсті қорапшалар: ақ, қызыл, сары, көк. Осы қорапшалардың әрқайсысының ішіне түстес пішіндерді тауып саламыз. Бұл жердеде ептілік пен жылдамдық қажет. Сол үшін балалар өте мұқият қарап түстерді шатаспай  ажырата білуіміз керек.

Қорытынды:

Балалар бүгінгі сабақта төрт түсті ажыратуды үйрендік. Ойындар арқылы қай түс қай жерде кездесетінің білдік. Балалар бүгінгі танысқан  төрт түсті қайталайықшы (қызыл, сары, ақ және көк).

Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Сабаққа қатысқан қонақтарға түстер әлемінің сыйлығы бар ( түрлі-түсті шарлар сыйлау).

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *