Менің мектепке баратын жолым. Оо дыбысы мен әрпі
Түркістан облысы
Арыс қаласы
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш пән мұғалімі:
Еркобеева Гулжайна Муратбековна
Пәні: Сауат ашу Мектеп: С.Сейфуллин | |||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім | |||
Мұғалімнің аты-жөні: Еркобеева Г | |||
Сынып: 1 «В» | |||
Артикуляциялық жаттығу әр әріп өткенде болу керек | |||
Сабақтың тақырыбы | Менің мектепке баратын жолым. Оо дыбысы мен әрпі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (дұрыс/дұрыс емес)
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану 1.3.8.1 Жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: О дыбысы мен әрпін ажырату, каллиграфиялық талапқа сай дұрыс жазу, буындап оқуды меңгеру.
Көптеген оқушылар: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылау. Кейбір оқушылар: Сөйлем кұрау, ойын жүйелі жеткізу. |
||
Бағалау критерийлері | -О дыбысы дауысты дыбыс екенін біледі.
-О әрпін ажыратады. -О дыбысы бар сөздерді буындап оқи алады, мағынасын түсінеді. -сөйлем құрай алады, ойын жүйелі жеткізе алады |
||
Құндылықтарды дарыту | Жолда жүру ережесі, сыпайы сөйлеу мәдениеті, байқампаздық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта. I | ||
Бастапқы білім | Дыбыс,әріп,буын,сөз,сөйлем, мәтін туралы біледі.
Сызба үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады. Дауысты және дауысссыз дыбыстарды ажырата алады. Сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан, оқу және жазуға даярлықтары бар. |
||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3 минут |
Шаттық шебері
Өсеміз біз күліп-ойнап, Он саусақтыі саласындай. Өсеміз біз күліп-ойнап, Бір адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Үнтаспа
|
|
Тыңдалым.
8 минут 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (дұрыс/дұрыс емес)
Саралау |
№1 тапсырма.
Оқулықпен жұмыс. Мәтін оқу. Мұғалімнің оқуы. Сұрақ- жауап әдісі. Балалар «дұрыс, дұрыс емес»- деген жауаптар айтады. -Арал мен Оралдың мұндай қылықтарына қалай қарайсыңдар? -Балалар қандай кешірім сөздерін қолданды деп ойлайсыңдар? Дағды:Тыңдай білу және сұраққа толық жауап беру. 2- тапсырма. Ж.Ж. Диалог Жұпта біреуі көлік жүргізуші, екіншісі баланың рөлінде сұхбатқа түседі. Мысалы: -Жолда ойнамаңдар! Жолда ойнау адам өміріне қауіпті. -Кешіріңіз! Бұдан кейін жолда ойнамаймын. Мақсаты: сөйлеу дағдысын қалыптастыру Дағды: қарым- қатынас жасау, диалогке түсу. Қ.Б. бір-біріне мадақтау сөздер қолдану |
Тақырыпқа сай сюжетті сурет (интербелсенді тақта)
|
|
Сергіту сәті
1 минут |
О дыбысын “Көзімнің қарасы” әніне салып дыбыстап айту | Үнтаспа | |
Топқа біріктіру
Балаларды доптың, шиыршықтың, доңғалақтың суреттері арқылы топқа біріктіремін. |
Ресурстар арқылы | ||
Ой қозғау
2 минут |
Балалар доптың, шиыршықтың, доңғалақтың пішінін көрсетіңдерші. (қолмен ауада көрсетеді)
-Доп, шиыршық, доңғалақ қандай әріпке ұқсайды? -О дыбысына ұқсайды. -Демек, бүгін Оо дыбысы мен әрпін білетін боламыз. Артикуляциялық жаттығу: ООО-ны айту. Мақсаты: дыбысты дұрыс дыбыстау. Енді, айнаға қарап айтып көрейік және байқайық біздің ернімізде қандай өзгеріс болады екен. -Дыбысты айтқанда ерніміз дөңгеленіп, дыбыс еркін, кедергіге ұшырамай, дыбысталып айтылады екен. Демек, О дыбысы дауысты, жуан, еріндік дыбыс. |
||
8 минут
1.3.8.1 Жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
Жазылым.
Интербелсенді тақтада жазылуын көрсету. О о Оо Ауада жазу. Алақанда жазу. Ермексазбен жазу. Дәптердегі үлгі жазба бойынша дәптерде жазуды ұсынамын.
Қ.Б.мұғалімнің мадақтау сөздер арқылы мадақтауы |
Интербелсенді тақта. Видеосабақ
|
|
Қызықты тапсырма
6 минут
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану. |
№2 Оқылым.
ОР ОЛ ОН
Орал, ал. Арал, ал. Анар, ора.
Қ.Б. мадақтау сөздер қолдану |
Түрлі тапсырмалар
Постерде доп, домбыра, орамал сөздеріне дыбыстық талдау жасау |
|
Аяқталуы
6 минут
|
Топқа тапсырма:
-Омардың мектепке барар жолында кездесетін О әрпі бар сөздерді табуға сюжетті сурет беру. (топта сөздерді табады, бір-біріне айтады) Жеке жұмыс: Әр оқушы сөздерге дыбыстық талдау жасауын сұраймын. (дөңгелектер арқылы) Жекеленген оқушылар: -Сөздерге сөйлем құрастыру. Кейбір оқушылар: -Шағын мәтін құрастыру |
||
Дескриптор: | 1.Сөздерді қатесіз оқиды.
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады. 3. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады. |
||
Сабақтың соңы
1 минут |
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. |
||
Саралау
О дыбысы бар сөздерді тауып сөйлем құрайды. 1.О дыбысы қай буында тұрғанын айтады. 2.Сөздерге сөйлем құрайды |
Бағалау
«Бағдаршам» арқылы бірін-бірі бағалайды. «Басбармақ» арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің мадақтауы арқылы бағалау |
1.Оқушылардың топтық жұмыстары кезінде өзара сыйластық қарым-қатынас орнату.
2.Жолда жүру ережесін сақтап, қоғамдық көліктерде әдептілік таныту. |
|