«Балаларды ХХІ ғасырға мен қалай дайындаймын?»

Камысбаева
Маржан Калиевна
«Бөбек» бөбекжай-балабақшасы»МКҚК
Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
Ш. Қалдаяқов ауылы

«Балаларды ХХІ ғасырға мен қалай дайындаймын?»

«Қазақстан ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет – білім, білімді ұрпақ»
Н.Назарбаев

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жаңа мазмұнда білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсына келгеніме қуаныштымын. Қуанышымның себебі, курстан алған әсерімнің, оқуымның мазмұндылығы еді.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа адам. Ол қоғамға кіргенде өз ойын еркін жеткізетін, қадамы нық, өз орны бар адам есебінде енуі тиіс. Біз тәрбиешілер бала бойында осындай даралық қабілеті бар баланы шыңдап тәрбиелеп шығуымыз қажет. Міне, осы мақсатта мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің курстан өту барысында тренердің берген білімі жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруде, іс-тәжірибелерімен алмасуда зор маңызға ие болды. Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.
Жаңаша білім берудің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Бұл курс барысында бағдарлманың мен үшін маңызды болған түйінді идеясы: «4К моделі», «Тұтас бала бейнесі», «Бала үні» болды. Сонымен қатар, курс кезінде қызықты жаттығуларды орындау, топта түйінді сұрақтарды талқылау, әріптестермен ой бөлісу өз жемісін берді. Себебі, өз пікіріңнен бөлек әріптестеріңнің пікірімен алмасып біліміміз толықты, жетілді. Осы курста үйренген барлық әдіс-тәсілдерді өз қоржыныма алдым, алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі ешқашан уақытта өз мағынасын жойған емес. Бұл бағдарлама арқылы бүлдіршіндеріміздің ақылы, білімі, мінезі жағынан озық көрсеткішке ие болған жарқын болашақ тәрбиелеп шығатынымызға сенімім зор!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *