Ғажайып маематика
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Математика».
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: Балалардың сан санау ұғымын кеңейту дамыту. Салыстыру, санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
Білімділігі: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: суреттер, сандар таңбасы, слайд.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, салыстыру.
Іс-әрекет
Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төремізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей, бәріміз, «Сәлем» дейік үлкенге – Балалар бір жылда неше мезгіл бар? – Аттарын атап беріңдерші? – Қазір жылдың қай мезгілі? – Көктем мезгілінде неше ай бар? – Аттарын атап беріңдерші? – Көктем мезгілінің ерекшелігі? – Көңіл-күйлеріңіз қалай? Өте жақсы балалар! Осы тамаша көңіл-күйлерімізбен сабағымызды бастайық! Өте жақсы балалар! |
Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең жолдарына сай қимыл-қозғалысын жасайды,
– Төрт мезгіл бар. – Көктем,жаз, күз,қыс. – Көктем мезгілі – Үш ай бар? – наурыз,сәуір,мамыр – күн жылына бастайды, ағаштар бүршік жарады, жаңбыр жауады. – Тамаша
|
Ұйымдастыру-
шылық – ізденушілік |
Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз: Математика
Тақырыбы: «Ғажайып математика» – Балалар, мен сендерге мына шарларды ала келдім. Бұл шарлардың түсі төрт мезгілді белгілейді. -Мына шардың түсі қандай? -Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? – Қыста жер қандай болады Сары шарды көрсету – Мына шардың түсі қандай? – Сары түс қандай жыл мезгілін білдіреді? – Не себепті күз мезгіліне ұқсайды? Жасыл шарды көрсету. – Мына шардың түсі қандай? – Жасыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? – Не себепті көктем мезгіліне ұқсайды? -Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Қызыл шарды көрсету. – Мына шардың түсі қандай? – Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? – Не себепті жаз мезгіліне ұқсайды? – Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, «Ғажайып математика» әлеміне саяхатқа барамыз. 1 – тапсырма. 1 – ден 5 – ке дейін тура және кері санау. Балалар сандар туралы санамақ және тақпақтар кім айтып береді. 2 – тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан». (1 – ден 5 – ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.) 3 – тапсырма. Логикалық есептер 1. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? 2 2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды? 3. 3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма? 5. 4. Үйге келді Мадияр, 5. Балалар суретте қанша күшік тұр? Неше сүйек?
4 – тапсырма. Таныс заттарды бір-бірімен салыстыру. Сергіту сәті: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру. Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен. Мынау түрлі – түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз. Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек. Жұмбақтар Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек) Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға) Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді геометриялық пішіндерден үй мен күн құрастырайық! Қараңдаршы, балалар, қандай үй мен күн жасадыңдар. Ал осы үй мен күн қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек) |
Ақ. Қыс. Ақ
Сары Күз Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жасыл Көктем Жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды.
Қызыл Жаз Жазда қызғалдақ гүлдер өседі.
Балалар тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық –түзетушілік | Балалар сендер өте жақсы тапсырма орындадыңдар. Осы жұлдыздай жарқырап жүріңдер. Балалар сендер бүгін қандай тапсырма орындадыңдар? Балалар сендер нағыз алғыр, білімпаз, өнерлі балалар екенсіңдер. Келесі кездескенше сау болыңыздар! |
Сурет бойынша есеп құрастырдық, логикалық есептерді шештік, геометриялық пішіндерді атадық. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, дұрыс атай білді,
Игереді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгереді: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, шатаспай меңгергендері байқалады.