Табиғаттағы су айналымы

ФИО:Стамкулова Акмарал Абдилахаткызы

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

  Тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»

 

 

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық:Судың қасиеттерін еске түсіре отырып тәжірибелер арқылы табиғаттағы су айналымы туралы білімдерін қалыптастыра отырып дамыту.

Тәрбиелік: Судың адам өміріндегі маңызы, оны қорғауға баулу, табиғатты аялауға, ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақпен байланысы:  Ана тілі,  күнделікті өмірмен.

Сабақ барысы:

– Бүгін сабақ сабақ?

Жаратылыстану

– Қане, балалар бүгін  қандай күн?

Бейсенбі, 6 ақпан

– Қазір қандай мезгіл?

Қыс мезгілі

Психологиялық көңіл-күйге келтіру.

Үй тапсырмасын сұрау.

 

Су тіршілік көзі –

Судың тіршілік үшін маңызы өте зор.

Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.

– Судың иісі бар ма?                                          иіссіз

Иіссіз..                                     түссіз                       су                            пішінсіз

– Түсі бола ма?                                                     дәмсіз

Түссіз.

– Дәмі бар ма?

Дәмсіз.

Жаңа сабақ: Судың үш күйі: мұз, су, бу

Тәжірибелік жұмыс.

Тамшының саяхаты.

  1. Тамшының булануы
  2. Бұлттың түзілуі
  3. Жауын- шашын

Табиғаттағы су үнемі өзгеріске ұшырыап жатады.Күн көзінің жылуынан су буланады. Су буы жиналып, ауаға көтеріледі. Аспанға көтерілген бу бұлт түзеді. Жаңбыр немесе қар болып жауады.

Ағаштар мен өсімдік  жапырақтары, бұталар мен шөптесін өсімдіктердегі су буланады.

Судың біразы топыраққа сіңеді. Жердің су өткізбейтін қабатына жиналып жер бетіне бұлақ болып шығады.Судың жер бетіне түскен бөлігі көлдерге, өзендерге қосылады. Күн сәулесінің әсерінен ағаштар мен өсімдіктер буланады. Су буы жиналып ауаға көтеріледі. Аспанға көтерілген бу бұлт түзеді. Бұлттан жауын-шашын жауады. Үлкен-кіші өзендер пайда болады. Жерге сіңеді, жер асты ауыз суы пайда болады.

Табиғатағы су айналымын сызба арқылы көрсету.

 

Сабақты бекіту:

Әр бала табиғат суреттерін жапсыру, сызба бойынша белгілеу.

Сергіту сәті:

Күн көзін бұлт басады,

Тырс-тырс жаңбыр жауады.

Тамшылары тамады,

Су-су болып ағады.

Тырс-тырс жаңбыр жауады,

Тазартады ауаны.

Бұлт астынан күн шықса,

Көбелек күнге қонады.

Сабақты қорыту:

Судың да сұрауы бар. Суды үнемдеп, таза ұстау қажет.Қалдық заттарды судың жағасына төгуге болмайды.

Сулы жер – нулы жер.

Оқушыларды бағалау: « Жарайсың », «Өте жақсы», «Кереметсің»

Үйге тапсырма: Табиғаттағы су айналымы.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *