Үй жануарлары
ФИО:Полатова Индира Дуйсенбаевна
Қала: Шымкент қаласы
Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызметі: мұғалім-дефектолог
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты:
Білімділік:Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, боямақтар
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір қай ай?
– Бүгін аптаның қай күні?
- Үй тапсырмасын тексеру.
Дене мүшелері: Олардың атқаратын қызметі:
Аяқ мұрын
Қол ауыз
Көз мойын
Құлақ
III. Жаңа сабақ:
Үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді.Адамдар оларды күтіп жем-шөптерін дайындап береді. Балалар сендер үй жануарларын көргілерің келе ме ?
Онда бәріміз қазір жайлауға барамыз.
Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Жақсы балалар.
Балалар сендердің ата-аналарың бар, сендер олардың балаларысыңдар,сол сияқты үй жануарларының да өз балалары бар екен. Біз оларды төлі деп атаймыз. Енді балалар төрт түліктің төлдерін атайықшы:
Сиыр-бұзау, жылқы-құлыншақ, қой-қошақан, ешкі-лақ, түйе-бота. Балалар бұл үй жануарлары қалай дыбыстайды.Соны атап көрейік.Сиыр мөңірейді, жылқы кісінейді, ешкі маңырайды, түйе боздайды, қой маңырайды.
- Сабақты бекіту
Сурет бойынша төлдерін ажырату:
Сиыр құлыншақ
Түйе бота
Қой лақ
Ешкі қошақан
Жылқы бұзау
Әр балаға төлін ажыратуға жеке тапсырма беру, сызба арқылы көрсету.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
1,2,3 бойға жина күш.
Дыбыстардан қандай үй жануар екенін айту.
- Сабақты қорыту:
Үй жануарларының қандай пайдасы бар
Сиыр – сүт, қаймақ, құрт, ірімшік жасаймыз.
Түйе – жүк тасиды, терісінен киім тігеді.
Қой, ешкі – түбітінен киім тоқиды.
Балалар малды күтіп баптауымыз керек.
– Малды аяқпен тебуге болмайды.
– Малдың сүтіне түкіруге болмайды.
– Малды бастан ұруға болмайды.
- Оқушыларды бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуларына және жауап берулеріне қарай мақтап, мадақтап бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Үй жануарлары.