Менің сүйкімді саусақтарым

 

ФИО: Изтлеуова Фарида Аржановна

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

  Тақырыбы: «Менің сүйкімді саусақтарым»

 

 

Тақырыбы:    «Менің сүйкімді саусақтарым».

Әр қолдың саусақтарының ұсақ қимылдарын дамыту.

 

Мақсаты:    Жағымды, көңілді эмоциялық күй қалыптастыру.

Әр қолдың  саусақтарының ұсақ қимылдарын дамыту.

Балаға өз қозғалыстарын сезінуді дамыту.

Білімділік:   Нақты бір әрекеттерді орындау арқылы балалар әр

саусақты   бөлек-бөлек үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,

есте  сақтау, логикалық ойлау қабілетін арттыру, қию,

желімдеу арқылы саусақтың ұсақ қол моторикасын

дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру,

Сабырлыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке баулу.

Әдісі:               Әңгімелеу, демонстрациялау, сұрақ-жауап.

Қауіпсіздік ережесін естеріне салу.

Материал:       Таза ақ парақ, желім, қайшы, қарындаш, түрлі-түсті

қағаз, фасоль, ноқат және екі мөлдір ыдыс.

 

1) Ойын:        «Амансың ба саусақ» жаттығу.

 Ойын барысы:  Балалар, шынтағымызды үстелге қоямыз. Саусақтардың атын атап аламыз: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Екі алақанның төменгі бөлігі мен саусақтарды бір-біріне қосамыз. Саусақтарды амандастырамыз. Алдымен үлкен саусақтан бастаймыз: « Амансың ба, басбармақ!» үлкен саусақ екінші қолдың үлкен саусағымен (саусақтың ұшын түйістіреді) амандасады. Осылайша соңғы саусаққа дейін жалғасады. Барлық саусақ амандасып болған соң, жеке-жеке балалармен жаттығу жасалады.

 

Сергіту сәті:     Орнымыздан тұрайық,

                            Алақанды соғайық.

                         

                           Бір отырып, бір тұрып,

                           Біз тынығып алайық.

 

2) «Анамызға көмек» жаттығу.

Балаларға фасоль, бұршақ, ноқаттан жеке-жеке мөлдір екі ыдыс таратып беремін. Бір ыдысқа дәнді салып беру, екіншісі бос болады, ыдыстағы дәнді оң қолымен ұстап тұрып, сол қолымен бос ыдысқа 10  дәнді санап салады. Содан соң керісінше сол қолдағы ыдыстан оң қолдағы ыдысқа 10 дәнді санап салады.

 

3) Балалар арнайы дайындалған түрлі-түсті қағаздан қиылған кескінділерден көбелек жасау. Өздерінің ұнатқан түстері мен ақ қағаздың бетіне көбелекті желімдеп жасап шығару.

 

4) Жасалған жұмыстардың сапасын анықтау. Желімдеудің дұрыс болуын қадағалау.

 

5) Қорытынды:  Оқушыларға ұйымдастырылған әртүрлі ойындар түрлері, балалардың жағымды эмоциялық қарым-қатынастарын нығайтады.

Сұрақ-жауап: балалар біз түрлі-түсті қағаздан ақ парақтын бетіне ненің суретін жабыстырдық?

Жасаған жұмыстарын мақтап, мадақтау.

Балалар, бүгінгі өткен сабағымыздан сендер ептілікті, еңбексүйгіштікті үйренгендеріне сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШҚ ББ « Қосалқы мектеп-интернаты» КММ

 

 

 

Тәрбие сабағы

 

Тақырыбы: «Менің сүйкімді саусақтарым».

 

 

 

Дефектолог- мұғалім: Балхибекова Ж.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *