Жол қозғалыс ережесімен танысу

ФИО:Канашаева Сымбат Аманбайқызы

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

  Тақырыбы: «Жол қозғалыс ережесімен танысу»

 

Тақырыбы: Жол қозғалыс ережесімен танысу.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жол ережесі  және жол белгілерінің атқаратын қызметімен  таныстырып, білімдерін толықтыру. Іс-жүзінде асыра білуге  үйрету.

Дамытушылық:Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік:Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға және көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жол белгілері бейнеленген карточка және қатырма қағаздан бағдаршам макеті, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

  1. Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.

– Қане балалар бүгін қандай күн?

– Қазір жылдың қай мезгілі?

  1. Кіріспе

-Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Жол қозғалыс ережесімен танысамыз».

Айналамызға абайлап қарап, жүрмесек тағы болмайды. Себебі жол ережесін бұзбай, бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам, өз өмірінің қауіпсіздігінде қамтамасыз ете алады.

 

 

Сол себептіжол белгілерімен танысайық:

  1. Жаяу жүргінші өтпесі

2.Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тиым салынады

  1. Жаяу жүргіншілер жолы
  2. Жер үсті жаяу өтпесі
  3. Жер асты жаяу өтпесі
  4. Велосипед жолы
  5. Велосипедпен қозғалысқа тиым салынады

( карточкалар арқылы түсіндіріледі )

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Сөйлеуді білмейді

Бірақ « тоқта, жүр »- дейді.         (Бағдаршам)

Балалар біз бағдаршам туралы алдыңғы сабақтарда өткенбіз, сол кезде алған білімдерің қазір қажет болады. Бағдаршам туралы сұрақ-жауап ойынын ойнаймыз.

– Бағдаршамның неше түсі бар?

Үш: қызыл, сары, жасыл.

– Бағдаршамның қызыл көзі не дейді?

«Тоқта» – дейді

– Көлік күтетін жерді қалай атаймыз?

Аялдама

– Қай түс жанғанда жаяу жүргінші өтеді?

Жасыл

Нұрбақыт, Оразбай және Шыңғысқа сөйлей алмауларына байланысты  жеке карточкамен   жұмыс жасату.

Сергіту сәті:

Қызыл жанса – тыныш тұрамыз.

Сары жанса – аяғымызды көтеріп дайындаламыз,

Жасыл жанса – топ-топ басып жүреміз.

  1. Сабақты бекіту:

Оқушылырға бағдаршам салынған суреттерді  тарқатып берем .

– Қараңдаршы балалар , суретте не жетіспейді?

Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері.

Дұрыс айтасындар балалар, онда бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстерін бояп бағдаршамды толықтырайық.

Сабақты қорыту:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға. – дей келе бүгінгі сабақтан алған білімдерін сендерге әрдайымда керек болады.

Сабақты бағалау:  Оқушылардың бояған суреттеріне және белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берулеріне қарай мақтап, мадақтап бағалау.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *