10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту
ФИО:Балхибекова Жадыра Елубаевна
Қала: Шымкент қаласы
Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызметі: мұғалім-дефектолог
Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, қосу мен алу амалдары туралы білім мен білігін жүйелеу. Есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, тиянақтылыққа және бір-біріне деген бауырмашылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сандар, карточкалар және математикалық құрастырғыштар.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір қай ай?
– Бүгін аптаның қай күні?
- Үй тапсырмасын тексеру.
5 санының көбейту кестесін еске түсіріп, қайталату.
III. Кіріспе.
Жаңа сабақ:
– Балалар, бүгінгі жаңа сабақта 10 көлеміндегі сандарды қосып, алу амалдарын пайдалана отырып, есептер шығарамыз. Ол үшін алдымен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды және 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура, кері санайықшы. ( әр оқушыға деңгейіне қарай )
Мына таңбаларды кім айтады?( + ; – ; = )
– Дұрыс айтасыңдар, қосу, азайту және тең. Осы амалдарды пайдалана отырып есептер шығарайық.
1.Тапсырма:III-топ оқушыларына арналған есептер:
( Тақтада шығару жолын көрсету )
2+7= 15-8= 4+7=
10-8= 20-10= 16-6=
4-1= 7+5= 8+3=
3+6= 6+4= 13-7=
2.Тапсырма: IV-топ оқушыларына арналған дидактикалық ойын: « Жоғалған сан »
Сандардың көршісін табу ( кубиктермен ).
1-ден 10-ға дейінгі сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.
- Тапсырма:IV-топ оқушыларына арналған суретті есептер:
А)
Б)
В)
Сергіту сәті:
Қостық біз, алдық біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Қане, тұра қалайық,
Қимылдасын қол-аяқ,
Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.
IV.Сабақты бекіту: Математикалық жұмбақ:
А) Мықты санмын орақпын,
Ең жақсы бағамын. (5)
Б) Оң қолымда 2 алма, сол қолымда 3 алма. Қане, бәрін қосқанда болады екен неше алма? (5)
V.Сабақты қорыту: Логикалық есептер:
А) 2 қоянда неше құлақ?
Б) 2 тауықта неше аяқ?
В) 1 қойда неше аяқ бар?
VI .Сабақты бағалау: Әр оқушыны сабаққа қатысуына және жауаптарына қарай мадақтап, марапаттап бағалау.