Қазіргі психодиагностикадағы  тұлғаны тексерудің  жағдайы

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

Педагог-психолог

Жұманова Зейнеп Жолдасбекқызы

 Қазіргі психодиагностикадағы  тұлғаны тексерудің  жағдайы.

       Психодиагностика (психо… және гр. diagnostikos – айырып тануға қабілетті) — адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Психодиагностика термині ол психикалық диагноз қоюды және оны анықтауды қарастырады. «Психодиагностика» терминін ең алғаш 1921 жылы ғылымға енгізген Г. Роршах. Ол психодиагностикалық зерттеу процесін «диагностикалық тест арқылы қабылдауға негіздеген». Психодиагностика жеке ерекшеліктерді өлшеумен байланысты түсіндіріліп, психологиялық тестілеу терминіне синоним ретінде қолданылады. Бұл аталған термин адамның психологиялық жағдайын толық кәсіби түрде шешуді көздейді.Сонымен қатар адамның психологиялық жағдайының, қасиетінің қандай да болмасын белгісін анықтайды. Р.Хейстің анықтауынша, психодиагностиканың пайда болуы психометриялық бағдарланған дәстүрлі тесттерге қарама-қайшы келетін және тұлғаның тұтас бейнесін кең ашуға бағытталған проективтік ыңғайлардың дамуымен байланысты. Танымал сөздікте: «Психодиагностика – тұлғаны бағалауды жүргізудің ғылыми негізі мен практикасы немесе клиникалық психологияның құралдары арқылы психикалық ауытқушылықтарды зерттеу». Психодиагностика саласында көптеген еңбектер жазылды, олар: «Психологиялық тестілеу» (Анастази), «Психологиялық тестілеудің мәні», «Психологиялық тестілеудің теориясы мен практикасы», т.б. Психодиагностика терминін бір жақты қарауға болмайды.Оның мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. 1) Психодиагностика түсінігі арнайы психологияның білім аймағына ене отырып, практикада психодиагностикалық әр түрлі құралдарды қолданып отырады әрі бірнеше сұрақтарға жауап береді. 2) Психодиагностикалық зерттеулер психолог қызметінің іс-әрекетінен көрінеді.Бұл психологтың күнделікті практикалық жағдайынан байқалады.Яғни психолог өзінің іс-әрекетінде психодиагностика қызметін ұйымдастырады.Психодиагностика жұмысын жасау үшін психолог ең алдымен алдын-ала кәсіби дайындықта болуы қажет.Біртіндеп психодиагностика әдістерін меңгере отырып жұмыстану керек.Психолог ғылыми негізде және практикалық түрде психодиагностика негіздерін жақсы меңгеру қажет.Бұл психолог қызметінің сапалы,мазмұнды болуына көмегін тигізеді.Психодиагностиканың өзі жалпы психологияның аймағына ене отырып,бірнеше ғылым саласымен тығыз байланысты.Диагноз анықтау дегенді білдіреді.Психодиагностика деген сөз психология саласында екі мағынада қолданылады.Оның бірі психологиялық білімді зерттеу жұмыстарын орындаса,екіншісі психикалық білімді практика жүзінде қолданады.1960 жылдың соңынан бастап психологиялық диагностика саласында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл салаға көп үлес қосқан Б.Г. Ананьев. Оның анықтауынша, «психодиагностика – тұлғаның психофизиологиялық қызметтерінің, процестерінің, күйлері мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтайды, күрделі мінез-құлықты құрайтын құрылымдық ерекшеліктерді зерттейді, әртүрлі стимулятор, стрессор, фрустратор және күрделі ситуациялар әсер еткен кездегі адамның күйін бейнелейді, адамзаттың даму потенциалын айқындайды». Ресейлік монографиялардың бірінде психологиялық диагностикаға мынадай анықтама беріледі: «психодиагностика дегеніміз – адамдарды психологиялық және психофизиологиялық белгілері бойынша классификациялау әдістері туралы пән»(Гуревич, 1981) Е.А. Климовтың ойынша, психодиагностика дегеніміз – адамдармен жұмыс жасау кезінде тез психологиялық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер туралы ғылым. Психодиагностиканың мақсаты – «әлеуметтік қоғамның психологияның алдына қоятын міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелердің тиімді жүйесін өңдеу». А.А. Бодалев пен В.В. Столиннің психодиагностика бойынша шығарған кітабында мынадай мәлімет беріледі: «психодиагностика дегеніміз – психологиялық диагноз қоюдың практикасы мен ғылымы». А.Г. Шмелевтің «Психодиагностика негіздері» кітабында психодиагностика пәні туралы мынадай анықтама берілген: адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін пайдалану мен өңдеу туралы ғылым.Осында психодиагностика пәні туралы анықтамаларды саралай келе, біз мынадай қорытынды жасаймыз:Психодиагностика – бұл психологиялық ғылымдардың бір саласы, тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін өлшеу мен бағалау құралдарын, принциптерін, теориясын өңдеумен айналысады. Психология ғылымының бір саласы психодиагностика болып табылады. Ол негізгі мәселелерді шешу үшін өзіндік міндеттер қамтиды.сиходиагностика мынадай типтік қатардағы міндеттерді шешуді қарастырады.

  1. Адамның қандай да болмасын психологиялық қасиетін немесе мінез ерекшелігін қолма-қол белгілеу.
  2. Аталған қасиеттің даму деңгейін оның белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау.
  3. Қажет болған жағдайда адамның психологиялық және мінез ерекшелігінің диагностикалық жағдайын сипаттау.
  4. Әртүрлі адаманың қасиеттінің даму деңгейін зерттей отырып салыстыру.

Осы жіктелініп көрсетілген 4 міндетті практикалық психодиагностикада шешіледі.

Бұлар жүргізілетін зерттеудің мақсатына байланысты комплексті түрде немесе жекелейалынады.Психодиагностика психолог қызметінде негізгі орын алады. Бұл қызмет күрделі істі, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол маманнан кәсіби шебер, іскерлікті қажет етеді, себебі әрбір адам.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *