Сиқырлы су

МКҚК «Қошақан» балабақшасы

Тақырыбы: «Сиқырлы су»

ІІ кіші «Балдырған» тобының ашық оқу қызметі

Бөлімі: Жаратылыстану

Тәрбиеші: Донбаева Эльмира
Базарбайқызы

Қажымұқан ауылы
2019 жыл
Тақырыбы: «Сиқырлы су»
Түрі: Танымдық-зерттеушілік.
Мақсаты:балаларды қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтарын ояту.
Міндеттері:
Білімділік: Су туралы білімдерін кеңейту. балаларды судың қасиеттерімен таныстыру.(түсі, иісі) судың үш күйі туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: алғашқы тәжірибелер жасау дағдыларын дамыту, ойлау, сөйлеу, ой-өрісін және білуге құмарлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға,топпен жұмыс жасай білуге, суға ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.
Дамытушы ойын: «Су кімге керек?»
Сөздік: Балалармен әңгімелесу, тәрбиешінің түсіндіруі, іздену сұрақтары.
Құралдар: Пластмассалық стақандар, су, қант, сұйық май, акварельді краска, бояғыш (краситель), тарелкелер, қасықтар, түрлі- түсті смайликтер (әр балаға жеке беру)
Билингвальды компонент: Су – вода, мұз – лед.

Ұйымдастырушылық ізденіс
Шаттық шеңбері
– Балалар қарандаршы бүгін бізге көп қонақтар келді барлығымыз қонақтармен амандасайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді біз білмейміз.
Қуанамын мен де, қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.

Сұрақ-жауап:
– Балалар, қане ,айтыңдаршы қазір қандай мезгіл?
Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын:
Дәмі жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кіс жоқ.
Бұл, жұмбақ не тұралы?
– Шомыласың, жүзесің,
Шөлдегенде ішесің. Бұл не?
Айтып берейікші.
Су қай жерде кездеседі?
Өзенде, жаңбырда,
Су бізге не үшін қажет?
Балалар:тамақ істеуге, шомылуға, ішуге.
– Ендеше, біз су туралы қызықты ұйымдастырылған оқу қызметі болады.

Жаңбырдың дыбысы естіледі:
-Балалар не естіп тұрсыңдар?
Жаңбыр жауғанда жерде не болады?
Ал суды тағы қайда кездестіруге болады?
Су не үшін керек?
Жаңбыр – қонаққа келеді.
Ол өзінің көңілсіз екенін айтады:
– Балалар мен өзім туралы ештеме білмеймін. Сондықтан менің көңіл күйім жоқ. Сендер сондай ақылды, білімді балаларсыңдар ғой, мүмкін мен жайлы білетін боларсыңдар.
Тәрбиеші: -көмектесеміз бе, балалар!
Балалар жаңбыр келгенге қуанады.
Балалар жаңбырдың неге көңілсіз екеніне таң қалады.
Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды. Ия, балалар сусыз өмір, тіршілік жоқ. Дұрыс айтасыңдар.
Дамытушы ойын: «Су кімге керек?» (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Қайсысына су қажет екендігін тауып, оны фонға орналастыра білуге үйрету. Судың қажеттілігін және маңыздылығын түсіне білуге, суды орнымен пайдалануға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: фартукта ілінген суреттердің арасынан суды қажет ететін заттарды фартукка жабыстыру.
Балалар! Сендер білесіңдер ме судың сиқырлы қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс – тәжірибелер мен сиқырлар көрсетуге болады. Қазір
нағыз ғалымдар сияқты түрлі тәжірибелер (эксперименттер) жасаймыз, сондықтан сендерді зертханаға шақырамын.
Жаңбыр: зертхана деген не?

Балалар: ол жерде тәжірибелер жасаймыз.

Тәрбиеші: ол жерде кімдер жұмыс жасайды?

Балалар: ғалымдар.

Жаңбыр: Ой, мен де судын қандай қасиеті бар екенін білгім келеді.

Тәрбиеші: бүгін мен зерттеуші ғалым боламын, ал сендер менің көмекшілерім боласыңдар.Ол үшін біз арнайы киімдерімізді киеміз.

Зертханаға келу.Зертханада біз қандай ережелерді сақтаймыз.

Айқайламаймыз, менің бұйрығымсыз еш нәрсеге тиіспейміз, өз орнымызда ғана жұмыс жасаймыз.Орындарымызға отырамыз. Балалар алдында су құйылған стакандар.
1-тәжірибе: Судың қасиетін анықтау.

1. Су сұйық зат. Су құйылады. Су-бұл сұйықтық, ол ағады, оны құюға болады.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Кәне, балалар суды бір ыдыстан басқа ыдысқа құйып көрейік.3-4 балаға суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйдыру.
Қорытынды: су – бұл сұйық нәрсе, оны құюға болады.

2.Су иіссіз, дәмсіз.
Қолданылатын құралдар:бала басына су құйылған стакандар,бос стакандар.
Мақсаты: судың қасиетін анықтау: түссіз, иіссіз. Балалар суды ішіп және иіскеп көреді.
Тәрбиеші:Балалар, қалай ойлайсыңдар, судың дәмі бар ма?
Мен дәмін көріп алайын.
Дәмі жоқ екен. Ал, енді, сендер самалмен судың дәмін көріңдер.
Дәмі бар ма?
Ал енді қасықпен қант алып, басқа стақанға құйылған су ішіне салындар.Судың қасықпен шайқап, дәмін көріндер, дәмі өзгерді ма?
Енді, балалар келесі бос стақандарға тұз салып араластырып, көрейік. Судың дәмі қалай өзгерді? қасықпен тұз алып, басқа стақанға құйылған су ішіне салындар.Судың қасықпен шайқап, дәмін көріндер, дәмі өзгерді ма?
Қорытынды: Судың дәмі жоқ, ол дәмсіз, бірақ су өзінің ішіне салған басқа заттың дәмін сіңіп алады.
Балалар қалай ойлайсындар, судың иісі бар ма?
Үстел үстінде сендердің алдында какао тұр, оны су толған стакан ішіне салып, иісін иіскеп коріңдер.
Судың иісі бар ма?

Таза судың иісі жоқ, бірақ оның ішіне басқа бір нәрсе қоссақ, ол сол нәрсенің иісін алады. Алдымыздағы су какао иісін алды.
Сергіту сәті. Музыка ырғағына сәйкес қимылдарын қайталайды.
«Бұлт» және «Жаңбыр» қимылды жаттығуын жасау.

Су туралы өлең оқиды
1-бала.Егер үстің былғанса,
Кім көмекке келеді?
Тазалықты бәрінен,
Анам жақсы көреді
Су дегенің тіршілік,
Өмір сүру ізгілік.
2-бала. Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
2-тәжірибе:.Су мөлдір. «Суда не ериды?»
Судың түсі өзгереді.

Қолданылатын құралдар:су құйылған стакандар,түрлі түсті бояулар.

Мақсаты:суға қандай баяу қоссан су сол түске айналатынын айтып түсіндіру. Балалар, егер суға біз бояу қоссақ, не болады?
Не өзгерді? Бояу еріді ме?

3-тәжірибе:. «Батады,батпайды»

Қолданылатын құралдар: пластмасса ойыншық, доптар, тастар.

Мақсаты:женіл.ауыр,қатты,бататын,батпайтын заттар қасиетін айтып түсіндіру.

Балалар доп суға неге батпады?
Балалар: өйткені доп жеңіл.
Тәрбиеші: кәне допты алып барлығымыз суға салып көрейік.
Ал балалар мынау не?
Тас, тас қандай?
Қатты, ауыр.
Тасты суға салайық. Тас не істеді суға батып кетті, өйткені тас ауыр.

4-тәжірибе: Судың үш күйі; су, мұз, бу. Балалармен судың үш күйін көрсету арқылы әңгіме жүргізу.

– Балалар мен сендермен уақытымды көңілді әрі қызықты өткіздім. Барлығың да менің сұрақтарыма жауап беріп, өздеріңді жақсы жағынан көрсеттіңдер, сендерге рахмет! Мені үлкен жұмыстар күтіп тұр. Өзімнен сендерге мына бұлақ суын сыйға тартамын. Бұл су сиқырлы. Мен сендерге көрсетемін. Бөтелкеге су құйылған. Бөтелке қақпағына бояу жағылады да, суды сиқырлап шайқағанда, су түрлі түске айналады. Балалар қызыға қарайды. Жаңбыр сиқырлы бұлақ суларын қалдырып балалармен қоштасады.

Келгеніңізге ризамыз. Рахмет сізге, Жаңбыр! Сау болыңыз!
Жаңбыр: Сау болыңдар!
Жаңбыр қоштасып шығып кеткеннен соң, балалармен оқу қызметін қорытындылайды.
– Балалар, бүгін біз судың қасиеттерімен танысып алдық.
Сендердің естеріңде қызықты не қалды?
Бүгін сендер судың қандай қасиеттерін біліп алдыңдар?
-Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметіміз қызықты өтті деп айта аламын. Сендерге рахмет! Мен сендерді жақсы көремін, алдағы уақыттарда да тәжірибелер жасайтын боламыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *