Алтын күз келді бақшама ертеңгілік
«Алтын күз келді бақшама»
(мерекелік ертеңгілік)
Мақсаты: -Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту
-Күз мезгілінің берекелі екенін айтып,түсінік беру,ойлау қабілетін дамыту
-Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Балалар әсем безендірілген залға әуен ырғағымен кіреді
Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз береке, бірлік ала келді.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Мінекей өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз.
Алтын күзге арнаған
Әнімізді шырқаймыз.
Хор «Күн суытты далада»
Залда әуен ойналады «Бір қап алма» көрініс
Қатысушылар:Ақбота,Айкөркем,Алдияр,Шұғыла,Балнұр,Нұрсая
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілді
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын өлең шумақтарымен ортаға балаларды шақырамыз
Темірлан
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Айбике
Бәрін тауып беретін
Астық жеміс жиылды
Жомарт екен күз деген
Қамбамызға құйылды
Медина
Если на деревьях
Листья пожелтели
Если в край далекий
Птицы улетели
Если небо хмурое
Если дождик льется
Это время года
Осенью зовется
Нұрсая
Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегін
Жүргізуші: Ортаға биші бүлдіршіндерімізді шақырамыз Би «Көңілді қолшатыр»
Жансерік , Аяулым,Ерасыл,Балнұр,Әмірлан,Нұрсая,Айкөркем ,Темірлан
Жүргізуші: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпт
Сары жібек көйлегін
Ән «Кап-кап-кап» орыс тілінде Медина ,Айкөркем,Шұғыла
Жүргізуші:Өлең шумақтарымен ортаға
Нұртас
Сап-сары маңайы
Сап-сары тоғайы
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтіп
Алдияр
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жансерік
Алтын күз,алтын күз
Күтеміз сені біз
Көреміз,сізді күз
Келіңіз,келіңіз
Жүргізуші:Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әсем әуенмен Күз ханшайымы келеді
Ойын ойнайды …
Ән «Жаңбыр ,жаңбыр» Аяна,Айбике,Аяулым,Ақбота,Нұрсая,Балнұр
Жүргізуші: Жайдарлы күз,жомарт күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр
Би «Күзгі жапырақтар» Сымбат,Медина,Ақзияш,Адия,Аяна,Шұғыла
Жүргізуші: Өлең шумақтарымен балаларды ортаға шақырамыз
Ғибрат
Келді міне күз
Айнала сары тұс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
Сымбат
Өлкемізгі күз келді
Күздің тойын тойлайық
Кел жемісті алтын күз
Би билейік ойнайық
Сұлтан
Ән салындар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
Балнұр
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсің халқымыз
Жүргізуші: Сап-сары күз келді міне
Ағаштардан жапырақ төгілді
Несібені ел жинап жатыр міне
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді
Ән «Қоңыр күз» Әмірлан,Ақзияш,Жансерік,Адия,Ерасыл,Сымбат
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Қорытынды сөз кезегін «Алтын ұя» бөбекжай меңгерушісі Зафура Шаршабекқызына береміз.Қош сау болыңыздар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718