«Ғажайып математика»

«Ғажайып математика»

Білім саласы: таным.
Оқу қызметі: математика.
Оқу қызмет тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты:
Білімділік: «Есеп» түсінігі және оның құрылымдық элементтерін білуге,1 – ден 20 – ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.
Дамытушылық: 1 – 20 көлемінде реттік санау, тура және кері санау, сан құрамы туралы білімдерін пысықтау, жетілдіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік: жұмысты соңына дейін жеткізіп орындауға, ұқыпты, таза жазуға , зейінділікке тәрбиелеу..
Көрнекілік: 1-20 дейінгі сандар, таңбалар, суреттер, кубик.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, жұмбақ қолдану, түсіндіру, суреттер көрсету, ойын, тапсырма беру, мадақтау,пысықтау, талдау, бағалау, қорытынды жасау.

Шаттық шеңбері.Жарқырап күн де ашылды, әлемге нұры шашылды.
Қайырлы күн, қайырлы күн! Дос болайық бәріміз,
Біздер тату баламыз, бірге ойнап күлеміз.
Қайырлы күн, қайырлы күн, қонақтар!
Оқу қызмет барысы:
Мотивациялық-қозғаушы.
-Балаларға ауызша тапсырмалар беру.
-1-20 дейін тура және кері санату.
-1 сан аттап санату.
-сан көршілерін сұрау.
-жоқ сандарды табу./цифрлар көрсету/
Іздену- ұйымдастырушы.
– Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?- Қазір жылдың қай мезгілі?– Көктем мезгілінде неше ай бар? – Ал, әрбір жыл мезгілінде неше ай бар? – Ал, 1 жылда неше ай бар? – Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
– Олай болса, балалар мен сендерді көктемгі табиғат көріністерін тамашалай отырып, «Ғажайып математика еліне» саяхатқа шақырамын.

Қайталап атымды, көктемде ән саламын.
Кез-келген ұяға, жұмыртқа табамын. /Көкек/
Саяхатты көктемнің алғашқы жаршысы болған «Көкектің» көңілді сандарымен бастасақ.
1.”Көкек”тапсырмасы: Біз шашылған сандармыз,
Орнымызды табамыз.
Көңілді боп жүрейік,
Енді санап көрейік.
Жарайсыңдар, осы 1 – ден 9 – ға дейін сандар қалай аталады?
-Бір таңбалы сандар деп аталады. -Бір таңбалы сандар ең үлкені қай сан? /9/
-Ал, 10 – нан кейінгі сандарды қалай атаймыз? -Екі таңбалы сандар деп атаймыз. -Енді осы сандар туралы санамақ білеміз бе?- Ал, біздер өткен математика сабағында танысқан сандарымызды еске түсірейік.– Бұл сандарды қандай сандар деп атаймыз?– Олардың құрамында неше бірліктер бар?- Бұл сандар екі таңбалы сандар, құрамында неше бірлік болады? -Дұрыс, жарайсыңдар!

2.”Гүлдер” тапсырмасы. Қалдырылған сандарды жазу.
1*3*5*7*9*.
2 *4 *6* 8 *10.

3.”Қарлығаш”тапсырмасы: «Ойлан тап» 5+4=?. 9 – 6=?. 6+2=? .8 – 4=? .7+1=
-Есептің шарты /сұрағы, жауабы/ қайсы?
4.”Көбелек” тапсырмасы: «Кім тапқыр»
1.Үйге келді Мадияр,оған қоса Алдияр.Кейін келді Айдана,қанша болды бар бала?
2.Бес алманың екеуін, досың сұрап алады,Айтшы сонда нешеуі,өз қолыңда қалады?
3.Жеті асықтың үшеуін,досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі,өз қолыңда қалады?

Дидактикалық ойын: “Кубикпен ойын” Шарты :ойын бастаушы кубикте түскен санды атап, келесі балаға береді, ол бала сол саннан үлкен /кіші/ сандарды айтуы керек.
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

Рефлексті-коррекциялаушы.
– Балалар,сізге математика еліне саяхатымыз ұнады ма? – Қандай тапсырмалар орындадық? -Есеп қандай элементтерден тұрады? – Аружан,бір /екі / таңбалы сандарды ата?-Сабақта сізге кімнің жауабы ұнады, неге?- Жарайсыңдар, балалар, барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңыздар!
Балалардың жауабын тыңдау, білімдерін анықтау, толықтыру,мадақтау,бағалау, қорытынды жасау.
Күтілетін нәтиже :
Білуі керек: -1-20 сандар қатарын, тура және кері санау, сан көршілерін білу,цифрды дұрыс жазу және оқу.
Нені игереді: – есептің құрылымдық элементтерін, есептер құрастыру, жауабын табуды.
Нені білді: – бір және екі таңбалы сандар туралы, сандарды салыстыру, жұп және тақ сандардың ерекшелігі туралы біледі.

Тәрбиеші: Утепбергенова Науша Суюебаевна.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *