Дидактикалық ойын: “Үй жануарлары және жабайы жануарлар”

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№8 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының
Тәрбиешісі: Толтырова Мария Текемұратқызы

Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы: Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары және жабайы жануарлар»
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы жануарлардың түрлерін білуге, төлдерінің қалай аталуын үйрету.Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну зейінін дамыту.Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Сиыр, түйе, қоян, аю.
Көрнекілік: Үй жануарларының және жабайы жануарлардың суреттері,үй жануарларының дауысы жазылған үнтаспа, жануарлардың сүйікті тағамдары.
Әрекеттердің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Сұрақтар:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Қандай айлар кім атап береді.
-Ал қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: дидактикалық ойындар: «үй жануарлары және жабайы жануарлар»
Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең шумақтарын қайталайды.
-Қыс мезгілі
-Үш ай
-Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан
-Салқын,қар жауады.
Іздену ұйымдастырушы
Жұмбақ жасыру.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
Өзі ширақ,өзі қу
Жүрген жері айқай шу
(Түлкі)
Адамға серік,
Күзетке берік.
(Ит)
Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат»
Ойын шарты:Тақтаға екі бала шығып үстел үстінен жануарлардың суретін алып, үй жануарларын үйдің, ал жабайы жануарларды орманның астына екі топқа бөліп орналастырады.
-Ал балалар кім маған жабайы жануарлар туралы тақпақ айтып береді.
Асылзат: Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян
Қаша берсең орманға
Қорқағым деп ат қоям

Сезім: Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады
Аспанға қарап ұлиды
Ауылда малды ториды.

Адиля: Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой
Жатып алып жағада
Іздегені ду ғой

Айқын: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
«Ненің дауысы» дидактикалық ойыны.
Балалар мұқият үй жануарларының дауыстарын тыңдап қай үй жануарының дауысы екенін айтады.
Ғажайып сәт
Есікті қағып түлкі кіріп келеді.
Балалармен амандасып,өзімен бірге орманға баруларын өтінеді.
Балалар сендер түлкімен бірге орманға барасындарма?
-Ендеше балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
-Мен сендерге өзімнің достарымның атын атаймын, ал сендер қимылдарын көрсетесіңдер жарайма?
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап!»
Ойын шарты:Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау
Дидактикалық ойын: «Өз қорегінді тап»
Ойын шарты: Ортаға бес бала шығады жабайы жануарлардың бет-пердесін тағып.Әр жануар өзінің сүйікті тағамын тауып алу керек.
Жұмбақтың жауабын табады.
-Ешкі
-Түлкі
-Ит
Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап отырады.
-Жабайы жануарлар туралы тақпақтарын айтады.
-Үй жануарларының дауысын тауып айтады.
-Жоқ
-Түлкімен ойын ойнайды,түлкінің айтқан жануарларының қимылдарын салады.
Сергіту сәтін өлең шумақтарына қарай қимылдар жасап жасайды.
-Әр бала өзінің алдындағы тапсырмаларын орындайды.
-Балалар бет-пердесіне сай жануарлардың сүйікті тағамын тауып алады.
Рефлексті коррекциялаушы
Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?Біз қандай ойындар ойнадық.Бізге қонаққа кім келді?Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Балалар қонақтармен қоштасайық.Сау болыңдар! -Ия ұнады.
-Балалар жауап береді қандай ойындар ойнағанын, не үйренгендерін, немен айналысқандарын айтады.
Балалар келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларының және жабайы жануарлардың қандай екенін, олардың қандай пайдасы бары жайлы,үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып білу;
Игереді: Жан-жануарлардың қалай дыбыстайтынын;
Меңгереді:Үй жануарларының төлдерін біледі;

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *