Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары.
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы 8.5. Экономикалық география
8.5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы Мектеп: № 1ЖОМ
Күні: Мұғалімніңаты-жөні: Худас Рина
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақта жетуге тиіс оқу мақсаттары 8.5.3.3 – қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет көрсету саласын орналастыру факторларын талдайды.
Сабақтың тақырыбы Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары.
Сабақтың жалпы мақсаты Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларына талдау жасайды.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
– жалпы өнеркәсіпті орналастырудың және жергілікті жердегі өнеркәсіпті орналастырудың факторларын анықтайды;
-өнеркәсіпті орналастыру факторларына және жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларына мысал келтіреді;
Оқушылардың басым көпшілігі:
-жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларының себебін талқылайды;
Кейбір оқушылар:
-Қосымша ақпараттар негізінде өндірісті орналастыру факторларына дәлелді мысалдар келтіре отырып, ұқсас басқа да өнеркәсіп салаларымен жан-жақты салыстырып, сызба ұсынады.
Бағалау критериилері Оқушылар:
– өнеркәсіпті орналастыру факторларын және жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторын анықтай алады;
– жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларына мысал келтіре алады.
– жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларының себебін талдай алады;
– Қосымша ақпараттар негізінде өндірісті орналастыру факторларына дәлелді мысалдар келтіре отырып, ұқсас басқа да өнеркәсіп салаларымен жан-жақты салыстырып, сызба ұсына алады
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар жасай алады…оқушылар өнеркәсіпті орналастыру факторы атап ажырата алады, орналасу факорларын талдап, сызба түрінде көрсетіп, дәлелдей алады.
Пәндік лексика мен терминология
факторлар, шаруашылықты орналастыру факторлары
Диалог/ жазба жұмыстары үшін пайдалы сөз тіркестер жиыны (жиындары): шикізат факторы, отын- энергетика факторы, тұтынушы факторы, ғылыми фактор, экологиялық фактор, еңбек факторы, көлік факторы
Оқушылар түсінеді және сипаттайды…Жазылымға пайдалы тіркестер:
1. Өнеркәсіпті орналастыру факторы деп……………..
2. Фактор деп….
3. Шикізат факторы әсер ететін өнеркәсіп салалары….
4. Отын факторы әсер ететін өнеркәсіп салалары….
5. Энергетикалық факторы әсер ететін өнеркәсіп салалары….
6. Тұтынушы факторы әсер ететін өнеркәсіп салалары….
7. Көлік факторы әсер ететін өнеркәсіп салалары….
8. Еңбек факторы әсер ететін өнеркәсіп салалары….
9. Экологиялық фактор әсер ететін өнеркәсіп салалары….
10. Ғылыми фактор әсер ететін өнеркәсіп салалары….
Тыңдалым: Білімленд сайтынан «Өнеркәсіпті оналастыру факторы» туралы бейнебаян көру арқылы оқушылар тақырыпқа сай тың ақпаратпен танысады, өзара пікір алмасады.Оқылым:оқулық мәтінін оқи отырып, жаңа тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын ашады, мәтінмен танысады.Айтылым, жазылым:оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жазбаша, ауызша мысалдар келтіреді және дәлелдейді, пікір алмасады.
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» құндылығы:
4.Индустриаландыру және инновацияландыруға негізделген экономикалық өсу – өнеркәсіпті орналастыру факторын қарастыра отырып,еліміздің экономикасының дамуына орналасу факторы зор үлес қосатынымен танысады.
Пәнаралық байланыс: Экономика
Алдыңғы білім 7.5.3.1 – ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын жіктеу арқылы маңыздылығын түсіндіреді
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспар жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Білу
Мақсаты:өткен сабақта алған білімді тексеру
Уақыты:
5минут Психологиялық ахуал туғызу «пазл » және осы әдіс арқылы оқушыларды 3-топқа бөлу:
Жұмысты ұйымдастыру: жеке, жұптық
Белсенді оқыту әдістері: «Тарсиа», «Киноматограф»
Үй тапсырмасын қайталау үшін « Тарсиа» әдісін пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, үй тапсырмасын тексеру.
Бейнефильм «өнеркәсіп» туралы тамашалайды. Сол арқылы тақырыпқа шығады.
1) Өнеркәсіпті орналастыру факторы деген не?
2) Өнеркәсіпті кез-келген жерге орналастыруға болама?
Қалыптастырушы бағалау: өзара топтар бірін-бірі бағалау ұялы телефон желі,
Суреттер,
Интербелсенді тақта
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/onerkasip/lesson/onerkasip
Түсіну
Мақсаты:жалпы өнеркәсіпті орналастырудың факторларын анықтап, ажырата алу
Уақыты:
10 минут
Жұмысты ұйымдастыру: жеке, топтық, жұптық
Бағалау критерийлері: өнеркәсіпті орналастыру факторларын ажырата алады;
Оқыту әдістері:«Күн шуағы» кластері, «семантикалық карта»
Тапсырма.
1) Топтарға мәтінді бөліп беру, топта талқылау, спикерлер ортада қорғайды. Әр топ арналу факторларын атай отырып, «Күн шуағы» кластерін құрады.
2) «семантикалық картада» өнеркәсіп салаларын орналасу факторлары бойынша ажыратып көрсету;
сала факторлар
шик Отын энерг еңб тұты көлік экол
электрони
Қара мет-я
Түсті мет-я
Жеңіл
өнерк
Дескриптор:
– терминдердің мағынасын ажырата алады;
– өнеркәсіп салаларын орналастыру факторларын анықтай алады;
Қалыптастырушы бағалау: «Жапондық әдіс» интербелсенді тақта,
Семантикалық карта
Оқулық
Сабақтың ортасы.
Қолдану
Мақсаты: өнеркәсіпті орналастыру факторларына және жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларына мысал келтіреді;
Уақыты:
Минут 7 Жұмысты ұйымдастыру: жеке, топтық, жұптық
Бағалау критерийлері: ҚР бойынша ірі өнеркәсіптерді орналастыру факторлары бойынша картада көрсете алады;
Оқыту әдістері:«конверттегі сұрақ»,кескін картамен жұмыс
Тапсырма: Конвертте берілген өнеркәсіп салалары тізімінен шикізат, отын-энергетика, тұтынушы факторы бойынша ажыратып, кескін картаға түсіру.
Конверттегі сөздер:
Өнеркәсіп салалары: Қарағанды кәмпит комбинаты, Теміртау қаласындағы толық циклді комбинат, Балқаш мыс балқыту комбинаты, Ақсу феррақорытпа зауыты, Павлодар алюминий зауыты, Шымкент қорғасын зауыты, Жезқазған мыс балқыту комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Қарағанды цемент зауыты, Павлодар нан-тоқаш комбинаты, Ақтөбе май айыру зауыты.
1-топ: шикізат факторына негізделген өнеркәсіп салаларын картаға белгіле;
2-топ:отын-энергетика факторына негізделген өнеркәсіп салаларын картаға белгіле;
3-топ: тұтынушы факторына негізделген өнеркәсіп салаларын картаға белгіле;
Дискриптор:;
– шикізат факторы бойынша өнеркәсіп салаларын ажырата алады.
– шикізат факторы бойынша өнеркәсіп салаларын кескін картаға түсіреді
-отын-энергетика факторы бойынша өнеркәсіп салаларын ажырата алады.
– отын-энергетика факторы бойынша өнеркәсіп салаларын кескін картаға түсіреді
– тұтынушы факторы бойынша өнеркәсіп салаларын ажырата алады.
– тұтынушы факторы бойынша өнеркәсіп салаларын кескін картаға түсіреді
Қалыптастырушы бағалау: «медальон» Конверт
Кескін карта
Атлас
Бағдаршам
Талдау
Мақсаты: жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларының себебін талқылайды;
Уақыты: 6
минут
Жұмысты ұйымдастыру: жеке, жұптық
Бағалау критерийлері: жергілікті компонент негізінде өнеркәсіпті орналастыру факторларының себебін талқылайды;
Оқыту әдістері: «сызба» құру, «Дедектив стратегиясы»
Тапсырма: (Берілген мәліметті топта талдап, зерттеп, Кескін картада сызба құру. Қосымша мәліметтер мен ресурстарды пайдалану)
1-топ.Ферроқорытпа зауытының неліктен Ақсу қаласында орналасуының себебін анықтап, дәлелді мысалдар келтіре отырып сызба арқылы көрсет.
2-топ. Павлодар алюминий зауытының орналасуының себебін анықтап, дәлелді мысалдар келтіре отырып сызба арқылы көрсет.
3-топ. Толық циклді комбинаттың Теміртау қаласында орналасуының себебін анықтап, дәлелді мысалдар келтіре отырып сызба арқылы көрсет.
Жұмысты ұйымдастыру бойынша: жеке, жұппен, топпен
Таңдау бойынша: тапсырмаларды сызба, постер түрінде жасайды.
Мұғалімнің көмегі бойынша: қосымша материалдар, мәтін, сөз тіркестері, сызба, экономикалық карта.
Дескриптор:
– – өнеркәсіпті орналастыру факторын анықтай алады; 1
– – неліктен осы аймақта орналасқандығының себептеріне дәлелді мысалдар келтіре алады; 1
– – ұқсас басқа өнеркәсіпті анықтайды; 1
– – ұқсас өнеркәсіппен салыстырып, ерекшелігін ажырата алады; 1
– – өнеркәсіпті орналастыру факторын сызба түрінде көрсете алады. 1
– Қалыптастырушы бағалау:«Сэндвич» В.Усиков «Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік географиясы», Алматы:Атамұра 2013 ж-448 б
180-181 бет
Жинақтау: өнеркәсіпті орналастыру факторларының анықталған заңдылықтарын сызба түрінде түсіндіре алады;
Мақсаты:
Уақыты:
Минут 7
Жұмысты ұйымдастыру: топтық
Бағалау критерийлері:
– өндірісті орналастыру факторларын жасап, дәлелдейді.
Белсенді оқыту әдістері:графикалық
Тапсырма:Көлік шығынын азайта отырып,өнеркәсіпті тиімді орналастыру орнын таңда, неліктен сол жерді таңдағаныңды дәлелдеп, сызба арқылы көрсет. (Лаунхард үшбұрышы)
Дескриптор:
– -Топтар өнеркәсіпті орналастырудың тиімді орнын таңдап, дәлелдей алады
– Қалыптастырушы бағалау:«жапондық» әдісі ақ парақ, маркер
Сабақтың соңы
Бағалау өнеркәсіпті орналастыруда кездескен мәселелерді шешу жолын ұсынады
Мақсаты:
Уақыты: 5 мин
Жұмысты ұйымдастыру: жеке, топтық
Бағалау критерийлері:
– өнеркәсіпті орналастыруда кездескен мәселелерді шешу жолын ұсына алады.
Оқыту әдістері:«Еркін әңгіме» эссе
Тапсырма: «Ақсу ферроқорытпа зауытын орналастыруда қандай мәселелер туындайды, мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар» (7-8 сөйлемнен тұру керек.)
Дескриптор:
– – өндірісті орналастыруда қандай мәселелер кездесетінін анықтайды;
– – дәлелді фактілерді келтіре алады;
– -мәселені шешу жолдарын ұсынады.
Қалыптастырушы бағалау:«бағдаршам»
Сабақ соңында кері байланыс: «Блоб ағашы»
Оқушы өзінің қай деңгейде тұрғанын анықтап, блоб ағашының бұтақтарына жапырақ жабыстыру арқылы кері байланыс береді.
Бағалау парақтары беріледі әр топқа: топ басшысы топ мүшелерін бағалайды
Үйге тапсырма: 58-59 тақырыпты оқу. «Қазақстанда ұялы телефон шығаратын өнеркәсіп салу үшін орналасу факторын анықтап келу Кері байланыс парағы
Бағалау парағы