Біз ұстаздарда қашықтан оқытылуға көштік

   Қазіргі таңдағы бүкіл әлемде болып жатқан індеттің кесірінен еліміздегі барлық оқу орындары қашықтан оқытуға көштік.

Ең алғашқы сынама сабақтарда жүргізілді.Бұрын мұндай кезеңді бастан кешірмеген шәкірттер үшін оңай болмады.Алайда  «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» , демекші бұл қиындықтыда еңсеріп қазір барлығы бір ізге түсіп келеді.Бұл жағдайға оқушыларда ,ата- аналарда ,тіптен үйде немерелеріне қарап отырған ата –әжелерде үйрене бастады.Мұндағы мақсат балаларға қандай жол болмасын білім беру еді.Мен бұл үшін мектеп басшылығының,ұстаздарымыздың еңбегі үлкен екенін айтқым келеді.

Сонымен қатар оқушылардан бөлек, ұстаздарда өз білімдерін жетілдіруді де ұмытпадық.Ұстаздарға арналған Онлайн вебинарлар,курстар өткізілуде.Сондай курстардың бірі ,сәуір айының 20.04-24.04. күндері аралығында  «Өрлеу  БАҰО» АҚ Филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған қашықтан оқыту курсына қатыстым.Курс тақырыбы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» болды.Бұл курста қашықтықта АКТ-ны қалай қолданудан бастап үйретті.Курс тренері Сахарбаева Марал ханым болды.Курста бағалаудың түрлері,бағалауда қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы терең мағлұмат берілді.

Маңғыстаудың жер-жерінен ұстаздар білімдерін жетілдірді.Zoom,Whatsap желілерін қолдана отырып пікір алмасып ,әр ұстаз қазіргі жағдайдағы тәжірибелерімен де бөлісті. Менің түсінгенім критериалды оқытудың маңыздылығы :Мұғалім үшін:

– Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отырып жеке білім алу траекториясын құру;

Оқушы үшін: -Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі;

Ата-ана үшін: Баланың білім алудағы өсу деңгейін қадағалау;

Курс маған өте ұнады.Бұл Маңғыстау облысы бойынша қашықтықтан ұйымдастырылған алғашқы курс екен.Қазіргі жағдайға қарамастан ұстаздарға да жағдай жасап отырған курс басшылығына және тренеріміз Сахарбаева Марал ханымға алғысым шексіз.Біз біріксек бұл қиындықты да жеңерімізге сенемін.Біз біргеміз…

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *