Қыс қызығы
Сәбитова Арайлым Сәбитқызы
Облысы: Ақтөбе
Қаласы: Ақтөбе
№ 43 «Гүлдәурен» МДҰ
Тақырыбы: “Қыс қызығы”
Кіріктірілген оқу іс-әрекеті: коммуникация, таным, шығармашылық
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ жауап, топқа бөлу, ойын, бақылау
Көрнекілігі:қыс мезгілінің суреттері, буклеттер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін
Бірге жүрсін бүлдіршін!
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-бір жылда төрт мезгіл бар
Қазір жылдың қай мезгілі?
-қазір жылдың қыс мезгілі
Қыстың неше айы бар?
-қыстың үш айы бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан
Қазір қандай ай?
-қазір ақпан айы
Қыс мезгіліне тән ерекшеліктер?
-жерде аппақ қар жатады, боран, аяз болады, мұз қатады
Күн өте суық болғандықтан бір бірімізді жылы лебіздерімізбен жылытайықшы
Күніміз сәтті өтсін деген тілектермен сабағымызды бастаймыз
-аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, достығымыз мәңгі болсын, т.б. Тәрбиеші: балалар, бүгінгі сабағымызды біз топқа бөлініп, жарыс түрінде өткіземіз. Балаларға ақ қағазға бейнеленген суреттер ұсынылады, бірдей сурет таңдаған балалар топтасып, 3 топқа бөлінеді (суреттерде хоккей, шаңғы, коньки ойындары бейнеленген) балалар үш топқа бөлінеді: хоккейшілер шаңғышылар, конькишілер. Тапсырмаларды дұрыс орындаған топ қар жинап отырады, қай топтың қары көп, сол топ жеңімпаз атанады.
1-тапсырма:Жұмбақты шеш
1-топқа: Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)Аққала сөзі қай дыбыстан басталып тұр? «А» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба, аққала сөзін буынға бөлу, аққала сөзімен сөйлем құрастыру2-топқа: Мiнсем- төменге зу етем,Өрлесем -Оны өзiм сүйретем. (Шана) Шана сөзі қай дыбыстан басталып тұр? «Ш» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба, шана сөзін буынға бөлу, шана сөзімен сөйлем құрастыру 3-топқа: Өзі сондай аппақЖердің бәрін жаппақ (Қар) Қар сөзі қай дыбыстан басталып тұр? «Қ» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба, қар сөзін буынға бөлу, қар сөзімен сөйлем құрастыру2-тапсырма: д/о:«қар жинауға көмектес»Тақтада қоян, жолбарыс, ит, тышқан, маймыл жануарларының суреттері ілінген және әр жануардың себеттері бар, себетте қанша цифр көрсетілсе, балалар сонша қар жинап алып, себетке орналастыру қажет. Ғажайып сәт: аю кіріп келедіАю: Сәлеметсіңдер ме, балаларбұл жерде не болып жатыр, мен сендердің дауыстарыңнан оянып кеттім, енді мына суықта тоңып жылы жер іздеп жүр едім Тәрбиеші: қош келдің аю, сенің оянғаның жақсы болған әйтпесе қыз мезгілі болса бітуге қалды, ал сен қыстың қызығын көріп үлгермей қалар едің, кел бізбен бірге қыстың қызығын тамашала. Ендеше балалар келесі тапсырманы аюмен бірге орындайық 3-тапсырма: д/о: «артық затты тап» 3 топ орындарында отырып қысқа қатысы жоқ заттард қоршап сызып, атап береді 4-тапсырма: д/о: «суретті құрастыр» Үш топқа текшелеп кесілген суреттер беріледі, әуен қосылған кезде шеңбер бойымен айналып билейді, әуен тоқтағанда орындарына жүгіріп барып, қиындыларды біріктіру арқылы суретті құрастырып шығады Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрны сәбіз, үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында
Мұзайдынды аршуға
Келгендей-ақ ол мұнда.Аю: қандай тамаша балалар мен қыстың осындай қызық болатынын білмеппін, енді осы қызықты ыстық елде өмір сүретін достарыма да көрсетсем деймін, қарды Африка еліндегі достарым керік пен маймылдарға апарып көрсетем деп шештім Тәрбиеші: балалар аю қыс туралы біраз мәлімет алса да қардың қасиетін әлі білмейтін сияқты, ендеше біз қарға тәжірибе жасап көрсетейік Тәжірибе: қардың мұзға, суға айналуын тәжірибемен көрсету, қардың қандай жағдайда мұз болып қатып, су болып еритінін көрсету. Тәрбиеші: көрдің бе аю, қар жылы жерге келсе еріп кетеді, сондықтан да сен оны достарыңа апара алмайсың, оданда біздің балалар саған естелікке қыстың бейнесін жасап берсін 5-тапсырма: қыс бейнесін жасау: Әр топқа плакат беріледі, балалар плакатқа қысқа байланысты қиынды суреттерді жапсыру арқылы қыс көрінісін жасайды Аю: Рахмет балалар, мен міндетті түрде қыз қызығын достарыма айтып беремін, келесі кездескенше сау болыңдар! Қорытындылау-бағалау: -Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Бізге қонаққа кім келді? -Қыс туралы қандай жаңа ақпараттар білдік? -Қардың қаситеі қандай екен? -Қандай тапсырмаларды орындаған ұнады? Мадақтау, ұпай сандары бірдей болғандықтан барлығына бірдей жұлдызша таратып, бағалау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718