Сүт тағамдары. Есеп және мысалдар шығару
Файзукова Аянгул Ербулатовна
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сүт тағамдары.Есеп және мысалдар шығару.
Мақсаты: Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.Балалардың ойлау және өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Ұқыптылыққа ,тазалыққа,әсемдікке тәрбиелеу.Сөздік қорларын молайту.
Мотивациялық қозғаушылық: Амандасу үлкенге Тәрбиенің ісі ғой Ал қанекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Қайырлы күн қонақтар Қайырлы күн балалар!
Ұйымдастыру іздестіру:Балалар біздердің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:
Сүт тағамдары.Есеп және мысалдар шығару.
Балалар бәрімізде жұмыс дәптерімізді ашып бірінші тапсырмаға назар аударайық.
1-тапсырма:Сүт тағамдарын ата және есептерді шығар.Балалар сүт өнімдеріне нелер жатады атайықшы:айран,сүт,қаймақ құрт,ірімшік.т.б Балалар қарандаршы сүт өнімдерімен бірге есептерде берілген есептердің жауабы 6 болуы керек. Теңболадысы 6 болатын есептерді мына себетке салуымыз керек. 5+1, 1+5, 2+3, 4+2, 4+1, 2+4, 3+3, 2-тапсырма:Заттарды бір сөзбен қандай топтарға жатқызуға болады: Сүт тағамдары және ұн тағамдары деп екі топқа жатқызуға болады.
3-тапсырма:Қаламмен 6санын бастырып жаз. Сергіту сәті Кәне кәне тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Алақанды ұрайық Отырып бір тұрайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Бір шапалақ ұрайық. 4-тапсырма: 6санын қалай құруға болады.Есеп шығару: 5+1, 2+2, 3+3, 4+2, 1+5, Дидактикалық ойын: Ойлан тап Қорытындылау: Оқу іс-әрекетінің соңында балаларды әр түрлі смайликтер арқылы бүгінгі оқ іс-әрекетінен алған көңіл күйлерін білу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718