“Арқаласпақ” қазақтың ұлттық ойыны

Қазақтың ұлттық ойыны «Арқаласпақ»

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Асық ойыны туралы түсінік терін кеңейту.

Дамытушылық: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, тіл дамытуға көңіл аудару.

Тәрбиелік: Балаларды ұлттық ойынға деген қызығушылығын ояту.

Міндеті: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Қажетті заттар: Ребустар, ою-өрнектер.

Сабақ түрі: Ойын-сабақ

Сабақ барысы:

«Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.

Кім жүйрік ойға – сол алда»,- дегендей ұйымдастырған оқу қызметі «Жарыс» ойын түрінде өтіледі және ең озық, ойлы топты анықтайды. Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. Балалар топтардың аттарын өздері қояды. «Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, сұрақ-жауаптар болады.

-Олай болса, жарысымызды бастайық.

 

1-тапсырма: «Аяқталмаған мақал – мәтелдер»

Отансыз адам, ормансыз…………. (бұлбұл)

Ата – ағаш, бала…………….. (жапырақ)

Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ……………….. (ел болмас)

 

2-тапсырма: «Арқаласпақ» ойыны.

Жіліктен шыққан сүйек,

Ойнаймыз біз шертіп.

Бәрімізге таңсық

Аты оның  – асық.

Балаларға «Арқаласпақ» ойынының ережесі түсіндіріліп өтеді (асықтағы нөмірлер бойынша сұраққа жауап беріледі).

1-сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазыр қыс мезгілі.

2-сұрақ: Қыстың қай айы?

Қаңтар айы.

3-сұрақ: Бүгін аптаның қай күні?

Бүгін сәрсенбі.

4-сұрақ: Біздің Отанымыз қандай?

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

 

3-тапсырма: Ребус шешу (балалар ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты өлең оқиды).

Бірінші ребус: Алма, тышқан, алмұрт – суреттері.

(сөздердің бірінші әрпінен сөз шығарады – АТА)

Екінші  ребус: Әтеш, жапырақ, есік – ӘЖЕ

 

4-тапсырма: «Теңге алу» ойыны

Шарты: Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі жағында жануарларға қатысты суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка тоқтатылады. Балалар суретті алып, сөздерді қазақ, орыс тілінде атайды.

 

5-тапсырма: «Ою-өрнектер» құрастыру.

Шарты: төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей ою шығару. Ол үшін тапсырманы орындау керек.

«Сөйлем құрастыр»

1-топ: «Мектепалды даярлық топ» тақырыбы бойынша.

-Біздің бөлме үлкен, жарық, таза, әдемі. Менің мында достарым көп.

2-топ: «Ойыншықтар» тақырыбы бойынша.

-Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.

 

6-тапсырма: «Тай жарысы» ойыны.

Шарты: Әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ: «Көк пен қызыл түсті асықтарды жина»

2-топ: «Сары мен жасыл түсті асықтарды жина»

 

Қорытынды:

  • Балаллар бүгін біз қандай ребус шештік?
  • Қандай ұлттық ойын ойнадық?
  • «Арқаласпақ» ойыны сендерге ұнады ма?

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Логикалық ойындарды ойнауды біледі.

Нені меңгереді: Ұжыммен жұмыс жасауды, ептілікті, шапшаңдықты меңгереді.

 

Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *