Менің сүйікті ертегім. «Құмырсқа» қазақ халық ертегісі.
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім. «Құмырсқа» қазақ халық ертегісі.
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, әңгімелеуге, саусақ театры арқылы сахналауға үйрету.
Міндеттері: Білімділік:Жәндіктердің басты белгілері мен айырмашылықтарын түсіндіру. Дамытушылық:Сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: құмырсқа илеуі
Керекті құралдар: саусақ театры, құмырсқаның суреті.
Қостілдік компонент: жәндіктер-насекомые, құмырсқа-муравей, илеу-муравейник.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:
«Ақ тілек» 01- «Г»-№4
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен,
Сөздің бәрі-Ақ тілек.
Сұрақтар қояды:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айлары қалай аталады?
-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Бәрі бірге айтады.
Шеңбер құрып отырады.
Сұрақтарға жауап береді.
-Көктем мезгілі.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
-Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүр жарады.
Ұйымдастыру-іздестіру Дидактикалық ойын: «Жәндіктер»
Бірнеше суреттер теріс қаратылған. Оларға балалардың біреуі келіп, суретті алады. Отырған балаларға көрсетпейді, атын атамай, оны сипаттайды. Балалар оның қандай жәндік екенін табады. Ойын осы ретпен жалғаса береді.
-Жәндіктерді орысша «насекомые» дейді.
Ойын соңында құмырсқа туралы жұмбақ жасырады.
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай,
Әр жерде бар мекені,
Өзінен зорды көтереді.
Ол не?
«Құмырсқа» ертегісін тыңдауды ұсынады.
– Құмырсқаны орысша қалай атайды?
Сөздік жұмысы: жәндіктердің үйлері әртүрлі болады. «Илеу» құмырсқаның үйі.
– Илеуді орысша «муравейник» дейді.
Саусақ театры:
Балаларды рөлдерге бөліп, ертегіні саусақ театры арқылы сахналауды ұсынады.
Тәрбиеші жүргізуші сөзін өзі айтады.
Дидактикалық ойын: «Дыбысын сал»
Жәндіктердің суретін іліп, әрбір жәндікті атап, дыбысын салуды ұсынады.
Сергіту жаттығуы: «Күн балалары»
Музыка әуенімне жасалады:
Күн жылынды,
Күн суыта бастады.
Күн қатты суыды.
(2-рет қайталайды).
Дидактикалық ойын: «Жақсы, жаман»
Тәрбиеші жақсы, жаман достардың іс-әрекетін сипаттайды, балалар оның қандай дос екенін айтады.
*Қиындықта көмектесетін-
*Қолындағысын бөліп бере алмайды-
*Жығылғанға күлетін-
*Сырын айтып жүретін-
*Ренжуді білмейтін-
*Мазақ етіп жүретін-
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап».
Лабиринт жолдары арқылы құмырсқаны илеуіне апару керектігін ұсынады.
Қандай жәндік екенін тауып айтады.
Естерінде сақтайды.
Жұмбақтың шешуін ойланып айтады.
-Құмырсқа.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
«Муравей»- дейді.Бірнеше рет қайталайды.
Рөлдерге бөлініп сахналайды.
-( қоңыз)-ж-ж-ж
-(маса)-з-з-з
Көңілді жылдам қозғалыста болады.
Баяу қозғалыста.
Қозғалыссыз отырып ұйықтайды.
Ойланып жауап береді.
-Жақсы дос.
-Жаман дос.
-Жаман дос.
-Жақсы дос.
-Жақсы дос.
-Жаман дос.
Мұқият қарап, ойланып, құмырсқаны илеуіне апарады.
Рефлексивті – түзетішілік Сұрақтар қояды:
-Ертегі сендерге ұнады ма?
-Ертегі қалай аталады?
-Құмырсқа нелерден көмек сұрайды?
-Құмырсқаның жаңа достары көмектеседі ме?
«Жүректен-жүрекке»01-«Ж»№23
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Көбейсе егер мейірімің,
Тиеді саған шапағат.
Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын айтады.
-«Құмырсқа»- деп аталады.
-Қоңыздан, арадан көмек сұрайды.
Бәрі бірге айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегінің мазмұнын, достардың да әртүрлі болып кездесетінін.
Болу керек: Көктемнің ерекшелігін, жәндіктер туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді, Дидактикалық ойындарда, ертегіні сахналауда сөздерді, сөйлемдерді байланыстырып айтуды.