«Ертегілер елінде»

«Ертегілер елінде»
Бейсенова Гульжанат Тулеуовна тәрбиеші
Павлодар қаласы № 40 сәбилер бақшасы МҚКК
Білім беру саласы: «Қатынас». «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту жапсыру.
Мақсаты: Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Ертегі желісі бойынша сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге , инабаттылыққа тәрбиелеу.
Керекті оқу құралдары:Ұлттық бұрыш ,асық ,қамшы, оюлар,ертегі сұрақттары.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ – жауап ,дамыта оқыту технологиясы.
Сөздік жұмыс: Әтеш, жем.
Билингвальды компонент: Көктем –весна.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге ,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме?
-Балалар , бүгін бәрің қандай әдемі болып кеткенсіндер ? Көңіл – күйлерін қалай? (жақсы).
-Осылай болса, бүгін балалар ертегілер еліне қонаққа барайық .
Шал: Шек, шек –ей .Ей, кебенек. Мына ешкілер әбден мазамды алды ғой. «Қой бақтым қоңырау қақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ ,әбден шаршадым ғой. Аздап дем алайыншы .
Мыстан:Уһ, бәлем, қолыма түстін бе?
Шал: Ойбай ,ойбай жіберші ,қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ, маған бір отар қой керек емес, балаңды бер? Әйтпесе жібермеймін
Шал:Жарайды , жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан: Онда келісемін , оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін . Балам алтын сақасын іздеп келгенде, өзің ұстап ал. –Міне алтын сақа деп қалтасынан алып береді. Өзі кетіп қалады. Мыстан сақаны жерге қойып , жаныңда отырады. Кенжебек сақасын іздеп келеді.
Бала: Апа, апа сақамды алып беріңізші ?
Мыстан: Ой , мен отырсам тұра алмаймын , тұрсам отыра алмаймын.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде, мыстан оны шап беріп ұстап алады.
Зере: Апа , Кенжебекті жіберіңізші ?
Мыстан: Жоқ, жібермеймін. Алдымен менің тапсырмаларымды орында .
1 – тапсырма : Маған тақпақ айтып беріндер ?(Балалардың тақпағы)
2- тапсырма: Қандай салт- дәстүрді білесіндер ?
Айша: Шілдехана , бесік той, тұсау кесер, сүндет той, тілашар.
3- тапсырма: Бесік жырын айтып беріндер?
Альбина:
Әлди- әлди балашым,
Әлдилейді анашын.
Бесігіне жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Әлди –әлди балам – ай,
Әлдилейді анаң- ай .
Бесігінді тербетіп,
Әлдилейді анаң – ай.
4- тапсырма: Қандай тыйым сөздерді білесіндер?
Тамина:Ақты жерге төкпе. Малды теппе. Құдыққа түкірме. Шелектегі суға аузынды матырма. Наннан аттама. Бас киімді лақтыр ма.
5- тапсырма: Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады?
Айша: Бидай, қамыр,тұз,су,қатық,ет,тары.
6 – тапсырма: Ұлттық ойындардың бірін көрсетіңдер.
Ұлттық ойын: «Белбеу тартыс»
Шарты: Белбеуді екі баланың беліне байлап, екі жаққа тарту. Алдындағы шашылған асықтарды қоржынға дәлдеп лақтыру . Кім асықты көп жинайды, сол жеңімпаз болады.
7- тапсырма: Текеметті сәндеп беріндер? (Балалардың жұмысы).
8- тапсырма: «Екі әтеш» ертегісін айтып беріндер.
(Айша ертегіні айтып береді . Балалар тыңдайды).
Сергіту сәті :
Атам атқа шабады,
Ағам шалғы шабады.
Жеңгем сиыр сауады,
Әжем тоқым қағады.
Мыстан: Балалар, сендер менің барлық тапсырмаларымды жақсы орындадындар . Енді мен Кенжебекті босатамын. (Балалар Кенжебекті алып топтарына қайтады).

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *