Шын дос –асыл қазына

                                     Шын дос –асыл қазына

«Дос» – деген ол бірін-бірі қимайтын,артық кемді етпей сөз.

Бірін-бірі сыйлайтын.

Осы бір үш әріптен тұратын «Дос» – деген сөздің мағанасына терең бойлап,оны қастерлеп,бағалай білу кей-кездерде қолдан келмейтін дүние сияқты болады. Бірақ сол достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап,шын жақын көріп,қалтықсыз сеніп,тілектес,мұраттас болуын қалайды.

Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты,көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.Қай кезде,қай  жаста болса да,адам өміріндегі достықтың орны бөлек.Сондықтан оған өте жауапкершілікпен,байсалды қарау қажет.

Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы,бірлігі.

Дос қандай болу керек? Деген  сұраққа әркім әр түрлі жауап береді. Дегенменде  нағыз,шынайы дос  болу үшін,адал, жомарт, адамгершілігі мол қарапайым, мейірімді, дос кешірімді, төзімді, ақылыд,сабырлы,салмақты,ашық,бүкпесіздік қасиеттерге  толы жан ғана

Нағыз достыққа лайық деп санауға болады.Нағыз достық кісіге шабыт беріп,өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға,басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.Жақсы дос – жан азығы.Досқа деген  сыйластық  сезімі – әр адамның бойында бар қасиет.Сыйластық  сезім достар арасында берік орын алса,адам ешқашан жалғыздық көрмейді.Достардың бір-біріне  деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда, өмірдегі мақсатына жетуде үлкен демеу болмақ.Достыққа деген сыйластық,құрмет адам баласына сәби шақтан басталу керек.Осы ізгі істерді, жақсы қасиеттерді біз балабақшада бала бойына сіңіріп,тәрбие береміз.Мысалы атап айтқанда,өзін-өзі тану пәніне байланысты өткен апталықта, «Достық неден басталады», «Менің отбасым»,  атты жақсы іс-әрекеттер мен іс-шаралар өтті.

Мақсаты:Балаларға досың мен әр уақытта тату болу, бірлікте болу керектігін түсіндіре отырып татулық,бірлік болған жерде береке,ырыс,молшылық болады және достарыңмен тіл табыса білу үшін адам бойында  адамгершілік қасиеттер мол болуы қажет,адам кешірімшіл,әр уақытта  досыңа, көмектесуге дайын болуы керек деген ой пікірлерді саналарына сіңіріп,тәрбиелеу.

Достар сыйластығы бір-біріне қалтықсыз сенген,риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады.Бала шағынан бір-бірінің  мінезін, әдетін,ой-өрісін біліп өскен достар  арасындағы сыйластықтың орны бөлек,ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.Балалардың ойларына  «Достасудан –бірлік, бірліктен –тірлік, тірліктен-жеңіс,жеміс,қуаныш, бақыт туындайды»деуге болады.Қорыта келгенде ұлы кемеңгер Абай атамыз айтқандай «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе –оның  басқа адамдар мен достық қарым-қатынасы»деген екен.

Турекенова Молдир Маратовна

«Өскемен қаласы әкімдігінің

№15 «Рахат» балабақша – бөбекжайы»

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *