Сабақ жоспары
Ашық сабақтын тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат».
Садвакасова Гүлнұр Мұратқызы
Ақмола облысы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы
Тәрбиеші
Сабақ жоспары
Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.
Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру жни кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік сыңары:Бір-один-one,екі-два-two, үш-три-tree,төрт-четыре-four,бес-пять-five.
Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, құрсау, мнемокесте,ноутбук.
Әдіс – тәсілдер: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы тақпақтар, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру, дьенеш блоктары,триз.
Сөздік жұмысы: құрсау
Алдын-ала жұмыс: сандар туралы тақпақтарын жаттату.
I Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар бүгін бізде ерекше күн қарандаршы бізге қонақтар келді.
алдыменен қонақтармен амандасып алайық.
2.Жылулық шеңбер:
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын алайық!
Жиналған жылы шуақты!
Қонақтарға сыйлайық!
-Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеді ме?
-Қазір біз сиқырлы математика еліне саяхатқа аттанамыз.
«Түрлі – түсті пішіндер» аялдамасы
-Балалар саябақ аялдамасының мынадай тапсырмасы бар.
1-тапсырма:
Балалар үстел үстінде жатқан геометриялық фигураларды атап қана өте алады екенбіз.
-Айтып беріңдер, қандай фигуралар көріп тұрсыңдар? Және оны түспен реттеп койып шық.
«Сандар саябағы» аялдамасы
-Балалар, қараңдаршы келесі аялдамаға жету үшін көлдің үстінде жатқан сандарды секіріп қана өте алады екенбіз. Бірақ ол үшін ретпен секіру керек. Санап.
2-тапсырма
Балалар реттеп кезектен сандарды қайталай өте секіріп шығады.
– Жарайсыңдар балалар! Барлықтарын санды атап және тани біледі екенсіңдер. Мен сендер үшін қуаныштымын.
«Демалу орталығы» аялдамасы
– Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар. Қәнекей бірге демалып алайық.
Сергіту сәті.
Балдай тәтті балалармыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз
«Санамақтар» аялдамасы.
– Балалар кім маған санамақтар айтып береді?
Дияс:
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Аделя:
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ білемін.
Айзере:
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Арлан:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да…
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Айкөркем:
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
– Жарайсыңдар балалар!
«Шығармашылық» аялдамасы
1-топ:Сандарды тура және кері ретімен қою және санату.
2-топ: Тасбақада берілген сандарды тауып, ретімен қойып шығу.
3-топ:Сандарды ретімен қою және санату.
Қоштасу шеңбері:
– Балалар бүгін сендер жақсы жұмыс жасадың дар. Жарайсыңдар!
Сабақ соның қорытындылап белсене қатысқан балаларды мадақтау.
– Балалар бүгінгі сабақта біз не істедік?
– Қайда барлық?
– Онда қандай аялдамалар болды?
– Сендерге қай аялдама көбірек ұнады?
– Жарайсыңдар балалар, сендерге арналған тәтті сыйлықтарым бар! Сабақта бүгін барлықтарын белсенді болдыңдар!
Көріскенше күн жақсы.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: сандарды,пішіндерді,кеңістікті бағдарлауды.
Нені игерді:Санға байланысты заттарды сәйкестендіруді.Нені меңгерді: Тапсырмаларды орындауды , сұраққа жауап беруді ,логикалық ойлауын есте сақтауды.