Үштілдік – заман талабы
Үштілдік – заман талабы
«Тіл тағдыр – ел тағдыры» деген сөздерді жиі естимін. Шынын да тілсіз адам өмір сүруі қиын нәрсе. Халқымыз ертеден тіл абыройын биік көтеріп, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы деп айтқан. Тіл – іс жүзінде тек қарым-қатынас құралы ғана емес, белгілі бір ұлттың сана-сезімі, тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті дер едім.
Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген қазақ халқының басты мақсат сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Бүгінде әлем өзгеруде, әлеммен бірге бізде өзгерудеміз, дамудамыз, жалпы алғанда заман талабына сай қалыптасудамыз. Осы мәселе төңірегінде сөз болғанда біздің басшылыққа алатынымыз тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш түғырлығы мәдени жобасы». Рас, осы жоба шыққанда халық арасында түсінбеушілік болды. Бірақ, бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуда. Бұлар, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Тұңғыш президентіміз сонымен қатар « Мектепдердегі ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез-келген мектептің балалары ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуге жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек» – деп ерекше атап көрсетті.
Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі. ХХІ ғасырдың, халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.
Бүгіндк білім алам деген адамға барлық жағдай жасалуда. Жаңа технология, шетелде білім алу, үш тілді еркін меңгеру сияқты мүмкіндер Қазақстанда жылдан жылға даму үстінде. Сондықтан да біздер жас ұрпақ үш тілді еркін меңгеріп еліміздің өркениетінің дамуына өз үлесімізді қосайық. Үштілді оқыту – жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күңгі ең басты қажеттілік.
Фатима ҚОЗЫБАҚОВА
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,
Ақниет ИШАНОВА
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филология жәнеәлемтілдері
факультетінің 1 курс студенті
Алматы қаласы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718