Ғылыми жоба. “Әр елдің амандасу салты””

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік мекеме

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: «Әр елдің амандасу салты»
Бағыты: гуманитарлық

Орындаушы: Байхан М . А.
4-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі:
Жүнісбекова Т. Б.
бастауыш сынып мұғалімі .

Екібастұз қаласы

Жобаға аннотация:
Оқушы «Әр елдің амандасу салты» тақырыбындағы зерттеу жұмысын , «Сәлем- сөздің анасы» деп бастай отырып, алдымен казақ халқының амандасу салтының алуан түрі бар екендігін көрсеткен. Қазақ халқында адамның жас ерекшелігіне, абырой-беделіне,қызметіне байланысты сәлемдесу рәсімдері әр түрлі болатынын түсіндіреді. Әсіресе, үлкенге сәлем беру реті – жауаптырақ және соны әркім қатаң сақтауға қажет екенін айтады.
Жобада сәлемдесу – барлық халықта да адамгершілік қарым – қатынастың алғашқы бастауы, кілті екендігін зерделей келе, әр елдің амандасу салтының әр алуандығын зерттей отырып, қызықты деректер келтіреді. Оқушы өзінің зерттеу жұмысы арқылы адамгершілік –рухани құндылықты жоғары қою қажеттігін ұқтыруға тырысады, сонымен қатар сәлемдесуге байланысты жинақтағанын бірнеше мақал-мәтелдерді,өлең-тақпақтарды ұсынады.
Жобаны дайындауда оқушының ізденушілікке деген қызығушылығы қалыптасып, шығармашылық қабілетінің дамып келе жатқандығы және қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлығы байқалады.

Ғылыми жетекші: Жүнісбекова Торғын Бактибайқызы

Жобаның мақсаты:
• Әр елдің амандасу салтымен танысу, және өз халқымыздың дәстүрлерімен салыстыру;
• Әр түрлі халықтар өмірінен мол мағлұмат алу;
• әр елдің сәлемдесу рәсімдері біздің ұрпағымыздың тәрбиесіне әсер етуін зерттеу ;

Зерттеудің әдісі: Зерттеу, бақылау, іздену, әдебиеттермен жұмыс.

Зерттеу нәтижесі: Егер, біз дұрыс амандасу,сәлемдесуге көп мән беріп, оны өз жасымызға лайықты қолдана білсек, тіл байлығымыз дамиды және рухани-адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып, бір-бірімізге сыйластық қарым-қатынасымыз артады.

Зерттеу қорытындысы:
– Осы зерттеуімді қорытындылай келе,сыныптастарыма төмендегідей ережені ескеріп жүруді ұсындым.
• Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге, сонан соң жолдасыңа амандас
• Сыныпқа үлкендер кіретін болса, орындарыңнан тұрып амандас
• Көліктен түсіп амандас
• Көршілеріңмен жылы амандас
• Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе

Мазмұны:
I.Кіріспе.
1.1 Сәлем- сөздің анасы.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.Қазақ халқының амандасу салты.
2.2.Әр елдің салты басқа…

III. Қорытынды.

IY. Әдебиеттер тізімі.

I.Кіріспе
Сәлем сөзі – арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен бетпе – бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман – есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру. Мұсылмен халқында амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкумассалам» деп оң қолын береді.
«Сөз атасы – сәлем» дейтін халқымыздың сәлемдесу сөздерін қолданудың, жұмсаудың өзіндік қалыптасқан жүйесі бар. Жалпы, қазақ сөйлеу мәнеріне тән сәлемдесу үлгілері де өзге түркі халықтарындағы секілді қарым-қатынас типтеріне қарай ажыратылды:

Сәлемдесу типтері Қарым-қатынас типтері Қосымша ақпараттар
Сәлеметсіз бе?
Сәлемет пе?
Сәлеметсіздер ме? Үлкен мен кіші, ресми қарым-қатынас Ізет көрсету
– Амансыз ба?
– Ат-көлік аман ба?
-Мал-жан аман ба? Үлкендер, ауыл адамдары Жағдай сұрасу
Ассалаумағалейкум/
Уағалейкумассалам! (Салаумалейкум/ – Әлейкум ассасалам!) жасы кіші жасы үлкенге, бейресми; ер адамдар Құрметтеу нышанын байқату
-Салаумалейкум!/) жас шамасы қатар; бейресми; ер адамдар Амандасу
Сәлем!) Қатар құрбылар, бейресми Амандасу
Сонымен сәлемдесу сөздері қалыпты қарым-қатынасқа, уақыт ыңғайына, сәлем беруші мен сәлем алушының жынысына, жасына, олардың қалалық немесе ауылдық жерде тұруына т.б. байланысты.
Қорыта келгенде, түркі тілдеріндегі сәлемдес әмбебап сипатымен ерекшеленеді. Сәлемдесу коммуникемдері социумдардың барлық қабаттарында қолданыла отырып, адамдар арасындағы туыстық қатынасты білдіруде маңызды роль атқарады. Бұл үлкен мен кішінің, қатар-құрбының арасындағы тығыз қарым-қатынас сипаты арқылы ажыратылады. Әр түрлі сатыдағы мәдениет өкілдері болғанымен, түркі халықтарының сәлемдесу мәнерінде ортақ жайттар көп. Сәлемдесуде қолданылатын ортақ тілдік бірліктермен бірге айырмашылықтардың да болуы мүмкін.

II.Негізгі бөлім.

Қазақ халқының амандасу салты.

Сәлемдесу – барлық халық да адамгершілік қарым – қатынастың алғашқы бастауы, кілті сияқты сезіледі. Қазақ халқында сәлемдесу рәсімдері күрделі. Әсіресе, үлкенге сәлем беру реті – жауаптырақ. Соны әркім қатаң сақтауға керек. Барып сәлемдесу реті кез келген уақытта, кім көрінгенге барып сәлем бермеген, бұрында. Бір ауылдағы немесе бір туыстықтағы бір жасы үлкен, ел – жұртқа сыйлылығымен танылған адамдарға ғана әдейі уақытын арнап, сапар етіп сәлем беруге баратын болған. Немесе, ауыл адамдарының ішінен біреулер оқудан, әскерден, т. б. сапардан келіп жатса, жасы үлкендерге сәлем беріп шығу борыштарлығын өтейтін болған. Амандасу (Сәлемдесу) инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды.
Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір-бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады.
Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал-жан аман ба? – деп сұрасқан. Мал аман ба? – деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал-жаның аман ба?», – деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» — деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», — деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», – деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді.
Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» – дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» – дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» – деген сөздерді қосады.
Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.

Әр елдің салты басқа.

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияғасапар шеккен жандар маори халқының “хонги” сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар “ха” рәсімін жүргізеді. “Ха” рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.
Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған “хада” деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек. Күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып,басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі “адаму” деп аталады, яғни “секіру биі”. Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.
Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің “куник” деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі “коутоу” деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі “ваньфу” деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. “Коутоу” дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған. Ертедегі қытайлар өз қолын қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды.

Тай елінің амандасу рәсімі “вай” деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, “савадди” деп айтады. Ежелден келе жатқан “вай” сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, “мано по” деп айтады. “Мано” – қол, “по” – құрмет деген мағына береді.
Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.
Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» дегені.

Эрттен ахшы болсун! Кюн ахшы болсун! Танг ахшы болсун! (Таң жақсы болсын!) Таң жақсы болсын! коммуникемінің қолданылуын осы тілдегі сәлемдесу формасын ағылшын, орыс тілдерімен салыстыра қарастырған А.Чаушев қарашай халқының ерте тұрып, еңбекке араласуымен түсіндіреді және бұл сәлемдесудің тек әйелдерге арналатынын, ал әйелдер оған «Ахшылыкъ кёр!» формасымен жауап беретінін айтады. Сондай-ақ жасы мен әлеуметтік жағдайына байланыссыз жиі қолданылатын «Салам!» коммуникемін қарашай-балқарлар күніне неше рет кездессе, сонша рет айтататыны туралы қызықты мәлімет келтіреді. Бұл аталған этностың қарым-қатынастағы ынтымағын, бір-біріне жақсы тілегін аямайтындығын көрсетеді. (А.Чаушев, 2008).
Чуваш тіліндегі Ыра кун! (Қайырлы күн!), Ыра кас! (Қайырлы кеш!), Ыра сунса кётетпёр! (Қош келдіңіз!) Силам! (Сәлем!) Ыра кун пултар! (Қайырлы күн болсын!) коммуникемдері мен якут тіліндегі : Утуе сарсыарда! (Қайырлы таң!) Утуе кун! (Қайырлы күн!) Утуе киэЬэ! (Қайырлы кеш!) коммуникемдері алғашқы компоненттері . Амандасудың бұл түрі радио мен теледидар дикторларының тілінде жиі қолданылатынын айтады. Ал сахалардың нағыз амандасу үлгілері неруен-нергуй, эдэрдэ қазіргі кезде қолданыстан мүлде шығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл тілде қазір қолданылатын кэпсиэ сөзі баяндаңыз, сөйлеңіз мәніндегі императивті тілекті білдіреді (түбірі кеп – сөз, сөйлеу, салыстырыңыз: өзбек: гап, ұйғыр: гәп). Ал экстралингвистикалық фактордың әсерінен, орыс халқымен үнемі байланыста болу нәтижесінде қалыптасқан Дорообо (орыс тіліндегі здорово сөзінен алынған) комммуникемі де қазіргі сахалар тілінде кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінде жиі қолданылатын сәлемдесу коммуникемдері ретінде төмендегілерді атауға болады:
Башқұрт: Хэйерле кен! Хэйерле иртэ! Хэйерле кис!
Татар: Исэнмесез! Хэерлэ кич! Хэерлэ иртэ!
Гагауз: Gun aydin!
Қырғыз: Salaammatszbe!
Түрік: Merhaba! Gun aydin!
Өзбек: Salaam aleikhem!
Жалпы түркі тілдерінде ортақ сәлемдесу : Ассаламағалейкум! Сәлем! Қайырлы күн! Қайырлы таң! Қайырлы кеш!
Ал Сәлеметсіз бе! Мерхаба (қазақ тіліндегі мәні: мархабат)! араб тілінен енген. Бұл жерде Сәлеметсіз бе! Сәлем! деп амандасу Ассаламағалейкум! Деп амандасудың ықшамдалуы нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сәлемдесу түрлері бұрынғы қазақтың амандасып жөн сұрасуында жиі қолданылған, негізгі тіршілігі малмен байланысты болған халқымызға тән «Мал-жан аман ба!» қолданысын ығыстырып келеді.

III. Қорытынды.
Өзімнің зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, Бауыржан Момышұлы атамның айтқан мына әңгімесімен түйіндемекпін. « Мына бауырлас өзбек, ұйғыр халықтарында қыз-келіншектер, жігіттер мен балалар өздерінен жасы үлкен ер адамға да, әйел адамға да: «Саламалейкум!» – деп қолын кеудесіне басып сәлем береді. Бұл салт олардың өздеріне жарасып тұрады әрі ұлттың бір ерекшелігі секілді табиғи көрінеді. Дүниежүзіндегі барлық мұсылман халықтар «ассалаумағалайкүм» деп амандасады. Өйткені бұлайша сәлемдесу – ислам дінімен бірге келген. Десек те, әрбір ұлттың ислам дінінен бұрынғы таным-нанымы болғаны тарихтан белгілі. Мүмкін сондай бір өзіндік ұғымдардың әсерінен бе, әйтеуір, қазақта ер адамдар ғана бір-бірімен «ассалау» деп сәлем береді. Ал ер адамдар – әйелдерге, керісінше әйелдер – ер-азаматтарға немесе өзара олай сәлемдессе, көзге де, көңілге де біртүрлі томпақ көрінер еді. Сонда да, жиі болмағанымен ел сыйлайтын үлкен әжелерге, ел анасы болып кеткен кісілерге жігіттердің қос қолын беріп сәлемдесуінің ешбір қателігі жоқ. Құлаққа салқын естілмейді, қайта ерекше ілтипат белгісіндей салмағы арта түседі. Бірақ әйелдердің барлығына таралған әдет емес. Қазақта бұл жаппай сипат алмаған.
Әдетте, өз халқыңның ұлттық өнеге-өлшемдері қашанда ерекше сезіліп, басқалардікінен озық көрінетіні бар. Бұл – барлық ұлттарға тән табиғи қасиет. Алайда «менікі артық, басқанікі нашар» деген жаңсақ ой тумаса керек. Әр нәрсенің үйлесім тауып жарасатын өз ортасы, өсіп-өнетін өз топырағы бар. Саналы адам елін-жұртын, оның ұлттық табиғи болмысын ардақтай отырып, өзгенікін құрметтеп түсінуі керек. Өзін зор санап, өзгені қор санау – көргенділік емес, өзімшілдіктің, надандықтың бір белгісі. Ал енді туған халқыңды білмей, оның жанын ұғынбай тұрып, басқанікін келістірем деп еліктеу де кісілік емес. Ол намыссыздыққа жетелейді. Намыссыздық – жаман дерт. Оның өсер ұрпаққа, халықтың келешегіне кесірін тигізетінін ешқашан ұмытпау керек. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», әр халық, әр ұлт өзіне-өзі ұқсағаны жақсы, -дер едім.»

1. IY. Әдебиеттер тізімі.
1.Әдебиеттік оқу кітабы. 2-сынып
2. «Бабалар аманаты» Зейнеп Ахметова.2014жыл
3. «Айгөлек» балалар журналы №7.2011жыл
4. Интернет материалдары «Білімділер» порталы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *