Адамның шаруашылық іс-әрекеті жаңа фактор ретінде
АДАМНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ БИОСФЕРАДАҒЫ ЖАҢА ФАКТОР РЕТІНДЕ
Бегдилдаева Салтанат Танатаровна
«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі
Қазіргі кезде адамзаттың табиғатқа әсері салдарынан өсімдіктер мен жануарлар қырғынға ұшырауда. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық,табиғи құрауыштарының байланысы өзгеріп, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасуда. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де. Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. faktor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы – 470 мың, 2001 жылы – 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр.
Адамның шаруашылық әрекетінің әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық жағдайын көрсетуге болады. Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен теңіздің жартысынан астамы , тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы жағдайлардың бірі – Семей ядролық сынақ полигоны,аАлғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес,сонымен қатар соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған қалалары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі аймағы) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аймақтағы тұрғындар мен ондағы тіршілік иелері зардап шекті.
Каспий теңізі аймағын алсақ та мұнда адамның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде үлкен өзгеріске ұшырады. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Мұнай кәсібінің өркендеуіне байланысты бұл аймақтада бірқатар проблемалар туындады.Олар:сол аймақта тұратын жергілікті халық денсаулығының өзгеруі,теңізде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өзгеріске ұшырауы,итбалықтың қырылуы,аңызақ желдің пайда болуы т.б.
Қазіргі таңда Балқаш көлі алабының шаруашылық мақсатқапайдалануының нәтижесінде күрделі проблемалар туындап отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде
өзгеріс кезеңі болды. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.
Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.
Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды көрінісі.
ХХ ғасырдың басында адамның қоршаған ортаға әсерінен жаңа заман басталды. Қоршаған ортаға антропогендік әсер күрт өсіп отыр. Бұл табиғи ландшафттың өзгеруіне, глобальды экологиялық проблеманың пайда болуына әкелді. Чернобыль апаты барлық Шығыс және Солтүстік Еуропаға қатер төндірді. Қалдықтар глобальды жылынуға, озон тесігінің пайда болуына әсер етеді.
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.
Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.
Сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.
Бұрындары Қазақстан аумағын мекен етіп, бүгінде тұқымы тұздай құрыған жануарлар бар. Оның басты себепкері – адамдар. Ұлы далада үйір-үйірімен шауып жүрген тарпаңдар, Іле мен Балқаштың қамысын паналаған жолбарыстар, Арал мен Каспийдің арасында желмен жарысқан қабыландар енді жоқ,себебі олар адам баласының іс-әрекеті нәтижесінде жойылып кетті.
Қазақ жерінде салақұлаш сарыала жолбарыстар XX ғасырдың ортасына дейін жортып жүрген. Ерте заманда Сырдария жағасы, қамысы қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш болған.Жолбарыс аулау қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері болған. Тұран жолбарысының салмағы 250-300 келі тартатын. Тарпаң – жойылып кеткен жабайы жылқының бір түрі. Қазақстан жерінде XIX ғасырдың ортасына дейін таралған.Қабылан да жойылып кеткен жануарлар қатарында.Тоғай бұғысы,Қызылқұм арқары т.б жануарлар жойылып кеткен .
Қазіргі кезде урбандалудың әсерінен де ірі қалалардың аумақтары мен өнеркәсіптік аглоремациялар ластануда.Әртүрлі өнеркәсіптік құрылғылар мен шығынды қоспалар ауаға таралып атмосфера қабатын бұзуда.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі» жоқ дегендей адам бұл табиғаттың бір туындысы ғана,ал өз іс –әрекеті арқылы адамзат барлық игіліктерді жойып жатыр.Қазіргі кездегі ғаламдық жылыну құбылысы,парниктік эффект,атмосфераның ластануы,ормандардың бұзылуы,фауна мен флора әлемінің өзгеріске ұшырауы барлығы да адам баласының қолымен жасалған дүниелер.Сондықтан да табиғатты барынша қорғау,сақтау бұл қазіргі кездегі басты міндеттердің бірі.Табиғат ресурстарын пайдалана отырып,оның орнын толтырып отыру керек.Бүкіл дүние жүзі болып табиғатты қорғауымыз керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718