Эссе. “Өмірдегі түйгенім”
Арман мен әрекет ету. Қазір көп жерде армандаудың пайдасы мен тегіндігі жөнінде айтылып та, жазылып та жатады. Әрине, арман-мақсат құруыңызға ешкім қарсы болмайды. Бірақ сол мақсаттардың орындалуы үшін қаншалықты еңбек етеміз? Құр қағазға жазып, фотосын жабыстырып қойғанмен шаруа шешілмейді. Сондықтан да барлық нәрсе ойыңыз бен әрекетіңіздің үндесуінде! Егер тегін армандардың сызбасын сызып тастап, аяқты аспанға көтеріп «көк тиын» таппай, еңбектен қашып жатсаңыз, әрине ол «сызбалар» мәңгі сызба күйінде қалады.
Мен әр күнде де адам болып қалғым келеді. Ақылдырақ, шыдамдырақ, мейірімді адам болып қалғым келеді. Кейде ашуланып тас-талқан болғанда, өзім кейіннен ұяламын, ал кей кезімде бұл негативтерден аулақ болып ештеңе ойламауға тырысамын. Адам болып қалу өте маңызды. Достарыңмен, жақындарыңмен, екінші жартыларыңмен, ата-анаңмен ұрысқан кезде, шектен асып кетпесең болғаны. Адамдар ұрысамыз, татуласамыз. Ал айтылған сөз бен қимылдарың мидан өшіре алмайсың. Солай емес пе?!
Бүгінгі таңда бір жерді өртеп, бір жерді күйретіп, қоғам ішін алатайдай бүлдіріп жүрген бір жау ғана бар. Оның аты тіл да. Сол тіл. Тілді Алла адам баласына үлкен нығмет етіп бергенін білеміз.
Өмір –деген өте күрделі. Көптеген адамдарды көріп, шынымен де осы адам бар, неге осындай қылықтарды жасайды деп ойлауға тырысамын, бірақ оған басымды ауыртуға тырысқым келмейді.
Ашуға булығып, артық сөйлеп, жанымыздағы жақындарымызды ренжітіп алып жатамыз? Ондай сізде де бар ма? Жалпы әйелдер қауымы быжылдап, шыж-быж болып жатамыз. Тіпті қалжыңдап, астарлап айтқан сынды дұрыс қабылдаудың орнына «иә, сонымен не айтқың келіп тұр? Айтып қал, ішіңде сақтамай» деп рингке шығуға дайын тұрған боксшылардай боп қаламыз. Тек олар сияқты секіріп тұрмай, ойша «так, қазір маған мынаны айтса, анау өткендегі қылығын бетіне басам» деп барлық өзіміз білетін, одан қалса, түрлі әрлеуші-дәмдеуіштермен жеткен әңгімені еске түсіріп түрамыз. Көңілсіз сәтте не істейміз? Адам болып жаратылған соң, кейде ренжіп, көңіл-күй болмай, шаруаң келіспей, тіпті жақыныңмен ренжісіп қалатын сәттер кездеседі. Менде осындай сәттер көп болады. «Әр нәрсенің қайырым бар» деймін. Сондықтан ондайды жеңіл қабылдауға тырысамын.
Кей кездері жұмыста жүргенде күйзеліске түсеміз, сәтсіздік болып, ашуымызға тиер жағдайлар өте көп болады. Жердегі мекенді жұмаққа айналдыру, тозаққа да айналдыру өз қолымызда. Ендеше өзімізді шынайы бақытқа жетелер осындай өзі кішкентай мекенімді ашуға, ызаға, жеккөрушілікке толтырмауым керек сияқты.
Кейде өмірде «осы келіншек тым жақсы. Ақылды, білімді». «Бірақ осы қызды осынша уақыт отасып ажырасады деп ойламаппын» деп жатамыз. Ақылды, білімді, орнымен тұрып жататын «тәртіпті қыздарды» барлығы тұрмыс құрғаннан кейін жұбайымен арадағы шекараларды ұмытып кетіп жатады. Жұбайлар арасындағы өзара келісім мен ортақ шешім болмағандықтан, барлық күш әйелге түседі. Әйел адам үнемі алдына түсіп, кейіннен бұл ісінің өзін шаршататынын түсінеді. Алғашқы жылдары әйелдер сабырлы болуға тырысады. Әр нәрсенің өз ретімен, болғанын қалайтын қыздар кейін балалары қатайған соң жұмысқа оралады. «Тәртіпті қыздар» жұмысқа жай оралмайды, олар жұмыста алда жүргісі келеді. Өйткені бала кезден ата-ана мен мұғалімнің көңілінен шығып үйренген. Содан соң түрлі жобалар мен тапсырмалар үй шаруасына араласады. Ал, еркектер бұған үйренбеген.
Жаныңдағы адамның сөзі былай тұрсын, әңгімені ұрып отырып, «мен туралы солай деп айтыпты, бетіме күліп жүріп, вообще ұятсыз екен өзі» деп айдаладағы біреудің сыртынан ызаланып, ашуланып аламыз. Оның өзі адамдардың сөзінен, олардың надандығына деген күйіп пісушілік. Неге сондай адамдар көп?! Әй, бірақ қоғамға да сондай адамдар керек-ау. Ондай алып қашпа сөздерден шаршап кеткенім соншалықты, ол сөздерге мән де бермейтін болдым.
Өмірдің мәні неде? Мен осы сұраққа жауап іздеп көрейін. Әрине адам баласы үшін өмірдің мәні –отбасы. Ата-ана амандығы, бауырлардың бүтіндігі, балаларымның аман-есен алдымда жарқырап жүргені, ең бастысы денімнің саулығы, барлығы да өмірдің мәні. Десе де осылардың бәрі өзімізде бар бола тұра, көбіне бұндай байлықтың маңызын түсіне бермейміз. Өмірдің мәні материалдық байлықта, әдемі өмір сүруде дейміз. Бірақ сол мақсатқа жетсек те біртүрлі көңіл жайланбайды. Неге?
Себебі, денсаулықпен қатар жүретін жүрек тыныштығы, жанның саулығын ұмыт қалдырамыз. Атам қазақ: «жаны саудың, тәні сау» деп бекерден бекер айтпаса керекті. Тән ауруларында жан саулығының әлсіреуінен болады. Ал жанымызды қалай емдейміз? Яғни, рухани дамуды қолға алуымыз керек. Кітап оқып, жақсы сөз сөйлеп, негативті әңгімелерді азайтып, өкпе-ренішті іште сақтамаған дұрыс.
Егер жай ғана ештеңе істемей ойлап қарасаң қаншама уақыттар өтіп жатыр, секундтар өтіп жатыр.
Өмір дегенің өте қиын. Өмірдің мәні неде? Өте керемет!!